4. Биоөндіру технологиясының негізі
РМК «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» 2006 жылы 907 қатар санымен, RCM акронимімен Бүкіләлемдік культуралар коллекциясының федерациясына (WFCC) мүше болды. CCINFO дерекқорында WDCM енгізілген және Бүкіләлемдік культуралар коллекциясы анықтамалары ұсынылған.
Микроорганизмдердің орталық мұражайы басты бөлімдердің бірі, ол коллекцияны өндірістік-бағалы микроорганизмдер штамдарымен толықтырады және оларды сақтайды. Орталық мұражайдың коллекциялық штамдарды сақтауы бүкіл әлемдік заңдылыққа сәйкес, әр-бір сақтауға арналған культура үшін үш әдіс қолданылады. 418 микроорганизмдер штамдары криоконсервация әдісі түрде, лиофилді кептіру бойынша және субкультуралар түрінде мезгілді қайта жаңартып отыру («ISOLAB» бұралатын қақпақты шынытүтіктерде) барысында сақталынады.
Микроорганизм штамдары криоконсервация, лиофилизация, субкультивирлеу әдістері бойынша сақталады.
Криоконсервация(грек.kpuoc-суық және conservo-сақтау)- тірі биологиялық объекттерді төменгі температурада сақтау болып табылады. Криоконсервацияны штамдары бар капсулаларды сұйық азотқа салып -196ºc-та сақтау арқылы жүзеге асырады. Төменгі температураны қолдану арқылы тірі организмде түрлі биохимиялық процестер, зат алмасу, энергия алмасу тоқтайды осыған орай организмдерді ұзақ уақыт сақтауға болады.
Лиофилизация(грек.ƛūω-ерітемін және ϕΐλέω-жақсы көру)-препараттарды кептіру арқылы сақтау болып табылады. Ең бірінше препарат төмен температурада қатырылады кейін ерітіндіні камераға салып қояды. Леофилизация әдісі арқылы біз биологиялық белсенділігін, алғашқы қалпын жоғалтпаған құрғақ өнім ала аламыз. Сонымен қатар ақуыздар денатурацияға ұшырамай, төмен температурада ұзақ уақыт сақталады.
Субкультивирлеу-бұл штамдарды бір айда 1-2 рет жаңа қоректік ортаға ауыстырып отыру арқылы жүргізілетін сақтау әдістерінің бірі болып табылады. Сақтаудың бұл әдісін қолданар кезде 3 шартты қадағау қажет болып табылады
-қолайлы қоректік орта
-бір қалыпты температура
-себіндіні жиі жасап отыру.
Микроорганизмдердің республикалық коллекциясының қорында биотехнологиялық потенциалды культуралар ұсынылған:
Майыдыратушылар - 17 штамм (Pseudomonas туысынан -8, Асhromobacter туысынан - 2, Aeromonas туысынан - 3, Bacillus subtilis туысынан - 2, Aneurinibacillus migulanus - 1, Lysinibacillus fusiformis - 1).
Энтомопатогенді штамдар - 22 (Chromobacterium prodigiosum - 1, Bacillus thuringiensis - 11, Beauveria bassiana - 10).
Целлюлолитикалық штамдар - 10 (Aspergillus туысынан - 2, Penicillium туысынан - 2, Ulocladium туысынан -1, Trichodermaтуысынан - 2, Bacillus туысынан - 3).
Пробиотикалық штамдар - 53 (Lactococcus туысынан - 11, Lactobacillus туысынан - 38, Bifidobacterium туысынан- 4, Bacillus subtilis туысынан - 1).
Азотфиксациялаушы штамдар - 4 Rhizobium.
Мұнайыдырытушылар - 24 (Candida crusei - 1; Pseudomonas туысынан - 3; Micrococcus туысынан - 3; Bacillus туысынан - 6;Acinetobacter calcoaceticus - 1; Arthrobakter globiformis - 1; Rhodococcus туысынан - 2; Kocura kristinae - 1; Dietzia maris - 4; Alcaligenes denitrificans - 1).
Фитопатогенді - 26 штамдар (Bacillus туысынан - 5, Trichoderma туысынан - 5, Fusarium туысынан - 8, Alternaria туысынан - 5,Bipolaris туысынан - 3).
Тест-культуралар - 24 штамдар: Bacillus subtilis - 4 антибиотик белсенділігін анықтау үшін;
Shigella flexneri - 1 антогонистік белсенділікті анықтау үшін;
Proteus mirabilis - 1 антогонистік белсенділікті анықтау үшін;
Proteus vulgaris - 1 антогонистік белсенділікті анықтау үшін;
Staphylococcus aureus - 1 антогонистік белсенділікті анықтау үшін;
Escherichia coli - 1 антогонистік белсенділікті анықтау үшін;
Escherichia coli В12 - дәруменінін сандық анықтау үшін;
Staphylococcus aureus - 1 антибиотик белсенділігін анықтау үшін;
Micrococcus flavus - 1 бацитрациннің антибиотик белсенділігін анықтау үшін;
Serratia marcescens - 1 тазартқыш филтрлерін тексеру үшін;
Bacterium caratovorum - 1 руберин антибиотигінің белсенділігін анықтау үшін;
Bacillus subtilis – 1 гризин және гигромицин антибиотиктерінің белсенділігін анықтау үшін;
Bacillus thermononligut - 1 бацитрацин белсенділігін анықтау үшін;
Candida utilis - 1 розеофунгин антибиотигінің биологиялық белсенділігін анықтау үшін;
Saccharomyces cerevisiae - 1 Y-448 ашытқы культураларының киллеріне сезімталдығын анықтау үшін;
Salmonella typhimurium - 3 Эймса тесті бойынша мутагендік белсенділігін анықтау үшін;
Verticillium dahliaе - 1 штамының биологиялық белсенділігін анықтайтын тест-культура.
Bacillus subtilis ИПМ - 215 (бацифит өнімі) - 1.
Ашытқы штамдар - 17:
Saccharomyces - 15;
Kluyveromyces - 2.
