- •Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
- •Медицина факультеті
- •Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы
- •Гистология-1 пәнiнен « Жалпы медицина » 5в130100 мамандығы II курс студенттерiне арналған емтихан сұрақтары.
- •1. Гистология курсына кіріспе
- •2. Жасуша және жасушааралық емес құрылымдар. Плазмалық мембрана
- •3. Цитоплазма
- •I. Жыныс жасушалары. Ұрықтану. Бөлшектену
- •4. Жасушаның ядросы. Жасушалық және митоздық цикл
- •5. Жалпы және адам эмбриологиясы негіздері.
- •6. Жалпы және адам эмбриологиясы негіздері.
- •I I. Жыныс жасушалары. Ұрықтану. Бөлшектену
- •7. Тіндер құрылысының, дамуының және классификациясының жалпы заңдылықтары
- •8. Эпителий тіндері: жамылғы және бездік эпителий
8. Эпителий тіндері: жамылғы және бездік эпителий
111. Жабынды эпителийдің анықтамасы, орналасуы.
112. Бездік эпителийдің анықтамасы.
113. Эпителий тіндерінің эмбриондық даму көздері.
114. Эпителий тіндерінің атқаратын функциялары (барьерлік, қорғаныш, транспорттық, сіңіру,
секреторлық, экскреторлық, рецепторлық).
115. Эпителий тіндерінің морфологиялық ерекшеліктерінің (шекаралығы, пласт қалыптастыруы,
базальды мембранада орналасуы, жоғары дәрежелі регенерациялық қабілеті, полярлығы,
жасушааралық затының нашар дамуы, қан және лимфа тамырлароының жоқтығы) –
қысқаша сипаттамасы.
116. Эпителиоциттердің морфологиясы (жасушалардың пішіні, ядросының пішіні, ядросының
боялу ерекшеліктері және жасушаның синтездік белсенділігі, ядроның жасушаның өлуіне
және қартаюына байланысты өзгеруі – кариопикноз, кариорексис, кариолизис).
117. Эпителиоциттердің полярлығы (органеллалардың қайсысы апикальды полюсінде, қайсысы
базальды полюсінде орналасады?) және физиологиялық маңызы.
118. Жасушааралық контакттардың (қосылыстар) анықтамасы, атқаратынфункцияларына
сәйкес түрлері (адгезиялық, бекіткіш, коммуникациялық).
119. Адгезиялық контакттардың анықтамасы, түрлері (қарапайым контакт, интердигитациялар,
аралық контакт, десмосомдар және жартылай десмосомдар), олардың құрылысы, атқаратын
қызметтері.
120. Бекіткіш, немесе тығыз контакттардың құрылысы, атқаратын қызметі.
121. Коммуникациялық контакттардың құрылысы, атқаратын функциялары.
122. Эпителийлердің морфологиялық классификациясы негізіне қаланған белгілер (қабат-
тығы, қатарлығы - анықтамасы, жасушалардың пішіні).
123. Эпителийлердің гистогенездік классификациясы негізіне қаланған белгі (эмбриондық
даму көзі). Эпителийлердің бес гистогенездік типтері (атап беру, даму көзі, организмде
орналасуы, атқаратын функциясы).
124. Эпителийлердің негізгі морфофункциялық түрлері: 1) бір қабатты жалпақ эпителийдің
қысқаша сипаттамасы, түрлері – мезотелий және эндотелий (сипатты белгілері, функция-
лары, орналасуы); 2) бір қабатты куб пішінді эпителий (сипатты белгілері, функция-
лары, орналасуы); 3) бір қабатты призмалық эпителий – бездік және жиекті (сипатты
белгілері, жасушалық құрамы, функциялары, орналасуы); 4) бір қабатты көп қатарлы
призмалық жылтылдағыш эпителий (сипатты белгілері, жасушалық құрамы, функциялары,
орналасуы); 5) көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий (қабаттарының атауы, оларды
құрайтын жасушалардың пішіні, құрылысы), функциялары, ағзаларда орналасуы; 6) көп
қабатты жалпақ мүйізделетін эпителий (қабаттарының атауы, оларды құрайтын
жасушалардың пішіні, құрылысы), функциялары, ағзаларда орналасуы; 7) көп қабатты
ауыспалы эпителий (қабаттарының атауы, оларды құрайтын жасушалардың пішіні,
құрылысы), функциялары, ағзаларда орналасуы.
125. Бездік эпителийдің анықтамасы, даму көзі.
126. Бездік жасушалар-гландулоциттердің сипаттамасы (функциясы, құрылысының ерекшелік-
тері).
127. Секреторлық процестің фазалары (бастапқы заттарды жұту, секретті синтездеу, синтездел-
ген өнімді жинақтау, секретті шығару).
128. Бездердің классификациясы: бір жасушалы және көп жасушалы бездер; экзокриндік, эндо-
криндік және паракриндік бездер, мерокриндік, апокриндік, голокриндік бездер; майлы,
ақуызды, аралас бездер (қысқаша анықтамасы).
129. Көп жасушалы бездердің құрылысы: секреторлық (ұштық) бөлімі, шығарушы түтігі (қысқа-
ша анықтамасы).
130. Көп жасушалы бездердің морфологиялық классификациясы: қарапайым және күрделі
бездер (қысқаша анықтамасы); тармақталмаған және тармақталған (қысқаша анықтамасы);
түтікті, альвеолды және аралас бездер (қысқаша анықтамасы).
