Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инклюзив Тіл кемістігі бар балаларға көмек көрсету және түзету.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.96 Кб
Скачать

Логопедияның мақсаты мен міндеті

 

Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.

Логопедия ғылымының анықтамасына сүйене отырып, мынандай міндеттерді белгілеуге болады:

1.     Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.

2.     Сөйлеу тілі бұзылуның таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау.

3.     Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау.

4.     Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.

5.     Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдеру, дамыту.

6.     сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау.

7.     Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу.

8.     Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру.

9.     Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.

10. Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.

11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жете зерттеу.

 Логопедияның тәжірибесінде дәрігер – мамандардың қызметін пайдаланумен кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады. Осы тәсілдердің кейбіреулеріне тоқталайық.

 

а) Операция жасау

Кейде баланың тіл кемістігі артикуляциялық аппаратының органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Мысалы: таңдай мен ерінің, тістің көмегімен айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен бірге дауыстың мұрын арқылы шығып маңқалануы осындай кемшіліктің айғағы болады. Мұндай жағдайда таңдай мен ерінің тілінген жерін операция жасап тіккен кейін арнтикуляцияны дұрыс жұмыс істетіп және дыбыстың жақсы естілуін жөнге келтіру мақсатымен жаттықтырып тәрбиелеуді арнайы логопедия жұмысы жүргізеді.

 

б) Протездеу.

Кей жағдайда  таңдайдың жарығын операцияға дейін уақытша жасанды таңдаймен /протезбен/ жауып қояды.

Есіту мүмкіндігі төмендеген жағдай да сөйлеу тілі жиі бұзылады. Соның салдарынан жақсы естімейтін бала басқа кісінің сөйлеген сөзін ұқпайды, сонымен бірге өзінің сөйлеген сөзін де жеткілікті түрде бақылай алмайды. Бұндай жағдайда есіту аппаратының немесе есіту протезінің көмегімен пайдаланады.

 

в) Жақ сүйегін түзету және тістерді реттеу.

Жақ сүйек пен тістер құрылысының түзілуінің дұрыс болмауы салдарынан тіл мен тістің көмегімен айтылатын дыбыстардың сөйлеу сиқы бұзылады. Бұндай жағдайда дәрігер-стомотологтар ұзақ уақыт бойы тіс пен жақ сүйегін түзетумен айналысады. Тіс пен жақ сүйекті реттеп түзеткенде ауыртпайды, сонымен бірге жақсы нәтиже де береді.

 

г) Дәрі-дәрмекпен емдеу.

Дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Баланы тексерген дәрігер-психоневролог нерв жүйесін нығайту үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Егер бала жиі сырқаттанудың әсерінен асқа тәбеті шаппайтын болып, тағы басқадай жағдаймен реңі нашарлап кетсе, онда денсаулығын шынықтыру үшін дәрігер-терапевт қажетті режим мен дәрі-дәрмек қабылдауды ұсынады.

 

д) Физиотерапиялық, психиотерапиялық емдеу.

Логопедия жұмысының процесіне медициналық тәсілді қолданумен қатар физиотерапия мен психотерапияны да пайдаланды. Физиотерапия организмді жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.

Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасын сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысалы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі, күманданғыштығы, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтар байқалады.

Психотерапевтикалық жұмыстың міндеті түсіндіру, сендіру, әңгімемен ұйыту арқылы осы жағымсыз мінезді өзгерту болып, саналады. Кейде психотерапияның бір түрі гипнозды қолданады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар пайдаланады. Ол тек жоғарғы кластағы балалардың және ересек адамдардың ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады.

Логопедтерге педагогика мен медицинаның ықпалын пайдалану арқылы комплексті қолдану- логопедиядағы ең маңызды принциптердің бірі.