Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гиперактивті бала.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.25 Кб
Скачать

7 „Жүз доптар„ ойыны

Мақсаты: назарды бөлуде дағдылануды дамытуда, төңірегіндегілермен жақсы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасайды.

Мазмұны: ойын бірнеше этапқа бөлініп жүргізіледі. Басты шарты — үндемей ойнау.

1 этап: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Басқарушының қолында — доп. Ол допты, берушімен алдын ала көз қиығымен „келісіп„ алады да оған лақтырады. Допты қағып алушы, ол да алдын ала көз жанарымен келісіп алады да басқа бір қатысушыға үндемей лақтырады. Ойыншылардың міндеті — партнердің көз қарасын „ұстап алып„ допты жерге түсіріп алмау.

Екінші этапқа көшу, вербальсіз күйде допты бір-біріне беруді әбден дағдыланғанда ғана мүмкін болады. (балалармен жұмыста 1-кезеңмен 2-кезеңнің арасы бір емес бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Басты жағдайды жылдамдатып алмау керек, әйтпесе балалар ойынға қызығушылығын кетіріп алады).

2 этап: Ойын дәл бірінші этапта өткендей болады, тек басқарушы ойынды күрделендіру үшін тағы бір қосымша доп енгізеді.

Әрі қарайғы этаптарында үш, төрт, бес,, т.б. Доптарды қосымша алады. Бұл жағдайда да доптың жерге түспеуін қадағалау қажет. Егер доп жерге түссе, онда доптардың саны бір допқа азаяды.

Ескерту: жақсы топтасқан аудиторияда (немесе оқушылар тобында) ойыншылар саны мен доптар саны бірдей болған вариантты қолдануға болады.

  1. Шағын-дәріс „Гиперактивті балаға қалай көмектесуге болады„

Гиперактивті балалардың жекеленген ерекшелігін еске ала отырып, олармен кешкілік емес, күннің бірінші жартысында жұмыс жасау керек, жұмыс жүктемесін азайтып, арасында үзіліс жасап отырған жөн. Мұндай балалармен жұмыс жасар кезде, тапсырманы жақсы орындағаны үшін мадақтау (материалды болуы міндетті емес) алатындығы жөнінде және т.б. ережелерді айтып, олармен алдынала жекеленген әңгімеде келісіп алған жөн. Гиперактивті баланы әрбір 15-20 минут сайын мадақтап жетондар беруіңізге болады, ал ол оларды күні бойында марапатталуға ауыстыруына болады: нақтылы бір баланың тілегі мен ерекшеліктеріне байланысты, бірінші сабақтан соң қыдыруға баруға құқықты, түскі тамақ уақытында кезекшілік (егер баламен білім беретін мекемеде жұмыс жасайтын болсаңыз), ойынға қосымша уақыт, ата-аналарымен бірге қыдыру, бірігіп кітап оқу (егер үйде жұмыс жасасақ).

Гиперактивті балаға нұсқау берерде ересектердің есінде болатын нәрсе оларға берілетін нұсқау қысқа да нұсқа (10 сөзден аспауы) болуы керек. Гиперактивті балалар ата-аналары мен тәрбиешілеріне манипуляция жасауға бейім. Мұндай жағдай болмауы үшін, ересектердің есінде болатын жағдай: кез келген жағдайда ол сабырлылық сақтағаны жөн.

9. „Нұсқау„ жаттығуы

Жүргізуші топтың ішінен өз еркімен — жаттығуды жүргізушіні ортаға шақырады. Оған алдын ала дайындалған фигуралар салынған парақ қағаз беріледі. Жүргізушінің міндеті — бір минуттың ішінде топқа вербальді күйде қысқа да нұсқа нұсқау беруі керек, қортындысында әр қатысушы алып жүрушінің қолындағы қағаздағы фигураны қайта салуы қажет.

Содан соң жүргізуші, қатысушыларды өздерінің салған суреттерін жоғары көтеріп, көрсетулерін сұрайды және де оларды эталонмен салыстырады. (Мүмкін вариант: жүргізуші эталонды тақтағы немесе блокнотқа іліп қояды. Онда әрбір қатысушы өздері барып, өз жұмыстарын салыстырады).

1-Вариант:

Жаттығу орындалып болғаннан соң, қатысушылар алып жүрушінің берген нұсқасын дәл орындай алды ма жоқ па, осы жөнінде талдау болады. Әдетте қатысушылардың көбісі бірнеше қателер жібереді. Мұндай жағдайда топ не себептен тапсырма дәл орындалмады, соны анықтайды да тапсырманың дәл де қысқа нұсқауларын бірге құрастырады.

Содан соң қатысушылар нұсқаулардың дәл де қысқа түрлерін жасауды жұптанып жаттығады.

Жаттығу. Әрбір қатысушы жұптар параққа күрделі емес кез келген сурет салады. Содан соң бір қатысушы екіншіге, суретті қалай салу керектігін нұсқау береді. Суретті салып бітіргеннен соң ол сурет оның бірінші вариантымен салыстырылады. Содан кейін қатысушылар рөлдерімен алмасады.

Жаттығу орындалып біткеннен оң топта талдау жүреді. Әрбір қатысушы (мүмкіндігінше) шеңбер бойынша сұрақтарға жауап береді; партнердің тапсырмасы аяғына дейін орындалады ма; оны орындау үшін не кедергі болады және не көмектеседі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]