- •Лекция 1. Геоботаника пәннің мақсаты ғылымдар жүйесіндегі орны дамуының негізгі кезеңдері
- •Лекция 2. Фитоценоз туралы түсінік. Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компонентерінің қарым - қатынасы.
- •Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер дәстүрлі және бағыттар
- •1. Лионерлік топталушылық. Көрші өсімдіктер арасында бір-біріне елеулі әсер ету байқалмайды.
- •Лекция 3. Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қатынасы.
- •Дәріс №4 Фитоценоздың құрамы
- •Дәріс №5 Фитоценоздар флорасының географиялық элементтері
Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер дәстүрлі және бағыттар
Біздер не туралы айтсақта - адам, қоғам, ғылым – бәрі уақытпен және тарихпен бағаланады. Тарих бізді өткен уақытпен байланыстырады және болашаққа жол көрсетеді. Сондықтан геоботаника ғылымының бүгінгі жағдайын дүрыс түсіну үшін және оның келешегін болжау үшін, геоботаникада осы уақытқа дейін қандай қандай ғылыми мектептер, дәстүрлер, бағыттар бар екенін білу қажет.
Қазіргі кезде біздің ТМД-да негізінен үш геоботаникалық ғылыми мектептер бар.
I. Биогеоценологиялық мектеп / немесе академик В.Н. Сукачевтің мектебі/. Бұл мектеп ғалымдардың әртүрлі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген үлкен тобын қамтиды. Олар ормандағы, батпақтағы, шадғындықтағы, даладағы және шөлдегі өсімдіктер қауымдарын зерттеуде. Ондағы негізгі мақсат өсімдіктер қауымының комплексті табиғи системаларындағы, биогеоценоздағы маңызын, құрылысын және қызметін анықтау.
II. Ландшафтық - филоценогенетикалық / ландшафт - жер бедерінің жалпы көрінісі; филоценогенез – гректің file - ценоз - өсімдіктің табиғи тобы және генезис - шығу, даму процесі /мектеп/ немесе академик В.Б. Сочаваның мектебі/.
В.Б. Сочава 1930 жылдары өз жұмыстарымен геоботаникада жаңа бағыттың негізін салды. В.Б. Сочава жұмыстарының Ленинград және Москва мектептерінен айырмашылығы ол өсімдіктер қауымын табиғаттағы географиялық /аймақтық, топографиялық/ құбылыс деп қарады. Кейіннен 1960 жылдары академик В.Б. Сочава өзінің оқушыларымен бірге аймаққа бөлудің проблемасымен терең айналысып геотопологиялық ілімді одан әрі жетілдіре түсті.
Фитоценоздардың қалыптасуы туралы үғымды филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан қарауға болады. Егерде қазіргі кездегі бар, нақтылы фитоценоздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процесін қарастыратын болсақ онда, ол онтогенетикалық тұрғыдан қарау болып табылады. Субстраттар алғашқы немесе біршші және еқінші болып бөлінеді. Біріншіге бүрын еш уақытта өсімдіктер болмаған /мысалы тасты шөгінділер, өзен бойындағы құм үйінділері/, ал екіншіге - өсімдіктер ортаның күшті әсерінен /жырту, өрт т.б. себептер /жойылып кетқен субстраттар жатады.
Еқінші субстраттар кейде жойылған фитоценоздың вегетативтік мүшелерінің қалдықтары және түқымдары сақталуы мүмкін, ал бірінші де - өсімдіктің бастамасы тек айналадағы фитоценоздардан келіп түседі. Олардың өсімдіқ тұқымдары су, жел, жануарлар және адам арқылы жеткізіледі. Субстратты шөп басу процесі биосфера өмірі заңдылықтарының бейнесі болып табылады. Фитоценоздың бейнесі болып табылады. Фитоценоздың қалыптасу жылдамдығы субстраттың жағдайына және қоршаған кеңістіктен өсімдік бастамаларының келіп түсу мүмкіншіліктеріне байланысты. Фитоценоздың қалыптасу заңдылықтарын бейнелейтін ғылыми
әдебиетте кең тараған екі үлгіге тоқталуға болады. Ол үлгілердің авторлары орыс геоботанигі А.Б. Шенников /1964/ және американ ғалымы Клементе.
А.П. Шенников /1964/ фитоценоздың қалыптасу процесін үш сатыға бөледі:
1. Лионерлік топталушылық. Көрші өсімдіктер арасында бір-біріне елеулі әсер ету байқалмайды.
Бірінші субстратты шөп бпсу процесі, ол жерде алғашқы жекеленген өсімдіктердің пайда болуынан басталады. Өсімдіктердің қандай түрлерінің пайда болуы көп себептерге байланысты: біріншіден экотопқа /климатқа, субстраттың қасиетіне/; екіншіден экотпота қоршаған учаскелердің флорасына /олардан жел, су, жануарлар және адам арқылы тұқымдар, споралар және басқада өсімдік бастамалары келіп түседі/; үшіншіден қорщаған учаскелердің флорасының тарихына /егер бүрын мэдени өсімдіктер егілген учаскелер болса онда арамшөптер топыракта өздерінің тұқымын қалдырып кетуі мүмкін/. Әртүрлі географиялық жағдайлада климаттың ерекшеліктері және субстраттың қасиеті пионерлік флораның қүрамына өз әсерін тигізеді /мысалы солтүстікке қарағанда оңтүстік аймақтарында пионерлік флораның қүрамы өте бай болады/. Субстратқа көптеген өсімдік түрлерінің бастамалары келіп түседі. Бірақ, оның барлығы бірдей өніп, өсе бермейді. Өйткені субстраттың экологиялық жағдайы жұмысын жүргізеді. Сол экотоптың іріктеуінен өткендері ғана тірі қалады да, ал қалғандары өледі. Тірі қалған өсімдік бастамалары өскіндер береді, бірақ іріктеу жұмысы одан эрі жалғаса береді. Соның нэтижесінде кейбір өсімдік түрлерінің өскіндері әртүрлі қолайсыз жағдайларға /өте күшті күн радияциасына немесе субстраттың кедейлігіне, құрғақтығына тағы с.с/ байланысты өледі. Екіншілері тірі қалсада жағдайлары өте нашар болғандықтан гүлдемейді де, көбейе де алмайды. Үшіншілері өте жақсы өніп, өсіп көбейіп жатады. Сөйтіп өсімдіктердің түр құрамының тіршілікке бейімделуіне, сандық ара қатынасы байланысты дифференциялануы басталады. Бұл процесте экотоптың әсерінен басқа өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, оның ішінде ерекше көбею энергиясының үлкен маңызы бар.
2. Топтала -теңбілденген /группово - пятнистый/ қаүым. Субстраттағы өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте-бірте олардың
жақындасуына, тамырларының немесе бүтақтарының және жақырақтарының тығыз
түгасып кетуіне мүмкіншілік туғызады. Фитоценоздың қалыптасуы процесінде экотоп бірте-бірте биотопқа айналады. Биотоп /гректін bios - өмір жэне topos - орын /- жануарлар, есімдіктер және микроорганизмдердің тіршілік орны.
Сонымен, фитоценоздың жэне оған тән биотоптың қалыптасуы қатар жүреді.
3. Диффузиялы кауым.
Диффузиялы қауымның алғашқылардан айырмашылығы ол популяциялардың /ең болмағанда үстем түрлердің/ азды көпті біркелкі таралуы.
Фитоценоздың және битоптың қалыптасуы қезінде биотоптық немесе фитоценотиқалық іріктеу басталады. Фитоценотикалық /биотоптық/ іріктеу экотоптық іріктеуден көп жағдайда қаталдау болады.
Фитоценоздың қалыптасуымен қатар биоценоз қалыптасып биогеоценоз дербестенеді.
Клементе /Мирқин, Розенберг бойынша, 1983/ фитоценоздың қалыптасуына мынадай фазаларды ажыратты:
Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы;
Эцезис; немесе мигранттардың өніп, тамырланып жаңа жерде орнығуы;
Агрегация; немесе мигранттардың аналық особьтарының айналасында ұрпақ топтарының пайда болуы;
Инвазия; немесе мигранттардың бір тобының екінші топтарға араласып өнуі;
Стабилизация; немесе өзін реттеуге қабілетті, тұрақты структура жасау; Бұл процестердің барлығында ортаның өсімдікқе және өсімдіктің ортаға әсер етуімен. ал агрегация және инвазия фазаларында - өсімдіктердің бір-біріне әсер етуімен қатар жүріп отырады.
Қолдан өсірілген мәдени өсімдіктердің фитоценоздары туралы, Клементе былай деп түсінік береді. Адам миграцияны өзі жасайды, эцезисті реттейді, инвазияға кедергі жасайды, сондықтан мүндай жағдайда фитоценозды тұрақтандыру мүмкін емес. Дәл осы қасиетімен агрофитоценоздар орман, шалғындық шел және дала қауымдарынан ерекшеленеді. Сондықтан, Клементстің ойы бойынша, агрофитоценоздардың ерекше тобы деп қараған дүрыс.
Көпжылдық жайылымдақтар мен шабындықтарды қолдан жасау үшін, күл үйінділерін, террикондарды /француз сөзі - жер бетіндегі бос тау жыныстарының үйіндісі/ және де тағы басқа өндірістік субстраттардың көгалдандыру үшін фитоценоздардың қалыптасу заңдылықтарын біту өте қажет.
