Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции 1-5.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

Лекция 2. Фитоценоз туралы түсінік. Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компонентерінің қарым - қатынасы.

Фитоценоз. Фитоценоз туралы түсінік.

Фитоценоз – белгілі бір территорияның біртектес участоктерінде енздесетін өсімдіктердің тарихи қалыптасқан үйлесімді қарым-қатынасы.

Фитоценоз - өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес. Ол белгілі бір территориямен басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланыста болатын өмір сүріп отырған ортасына бейімдеушіліктің негізінде қалыптасқан ұзақ уақыттар бойы жүрген тарихи дамудың жемісі.

Бір ғана түрден тұратын фитоценоздар бар мұндай фитоценоздарды ерекше орталарда түрлердің бейімдеушілік қасиетінің жоғары болуының нәтижесінде басқа түрлерден айқын айырмашылығы болған жағдайда кездестіруге болады. Мысалы:бұған сор топырақтарда солянкалардың кейбір түрлердің қалың болып өсуі. Тұрақты жүйе ретінде фитоценоздың ең маңызды қасиетерінің бірі-оның өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі. Фитоценологтар ең алдымен фитоценоздың структурасын зерттеуге, түрлердің құрамына, ярустығына, осы фитоценоздың түзілуіне түрлердің қатысына, фитоценоз аспектісіне, өміршеңдігіне көңіл бөлді.

Жердің өсімдік жамылғысы әр түрлі көптеген фитоценоздардан тұрады. Әр түрлі белгілеріне қарап фитоценоздарды бөлуге болады. Бұл белгілердің жиынтығы фитоценоздың жалпы құрылымын, яғни морфологиясын анықтайды. Фитоценоздарды аналитикалық және синтетикалық деп бөледі.

Аналитикалық белгілеріне: фитоценоздың түрлік құрамы, ярустығы, ауданы, аспектісі, фитоценоздарда түрлердің таралуы, өміршеңдігі, синузиясы жатады. Синтетикалық белгілеріне. Кездесуі, тұрақтылығы, жалрылығы. Аналитикалық белгілерін табиғатта кездестіруге болады, ал синтетикалық белгілерді алынған материалдарды камерада өңдегенде біле аламыз. Соңғы жылдары ғалымдар фитоценоздың физиологиялық қасиетін зерттеуге көңіл бөлуде. Мысалы: физиологиялық өнімділігі.

I. Биогеоценологиялық мектеп / немесе академик В.Н. Сукачевтің мектебі/. Бұл мектеп ғалымдардың әртүрлі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген үлкен тобын қамтиды. Олар ормандағы,батпақтағы, шадғындықтағы, даладағы және шөлдегі өсімдіктер қауымдарын зерттеуде. Ондағы негізгі мақсат өсімдіктер

жұмыстарында математикалық әдістер кеңінен пайдаланыла бастады. Браун -Бланке /Франция/ құрған мектептің эсері күшейе бастады.

Англияда статистикалық геоботаника /Грей - Смит, 1957/, Россияда биогеоценологиялық /Сукачев, 1942/ т.б. жаңа мектептер пайда болды.

Алтыншы - осы заманғы, синтездік кезең 1960 жылдардан басталады. Бұл кезеңнің бесінші кезеңнен онша айырмашылығы жоқ, дегенмен өзіндік елеулі белгілері бар. Өсімдік жабынан зерттеудің жаңа тәсілдерін /биокибернетикалық, системалық анализ/, фитоценоз күрделі көп өлшемді құбылыс есебінде қаралып зерттеле бастады. Геоботаникалық жэне экологиялық зерттеу жүмыстарының дамуына халықаралық биологиялық бавдарлама себепші болды. Ол бағдарламаға байланысты дүние жүзінің барлық аймақтарында өсімдік жабынын картаға түсіру жэне эколого - геоботаникалық, экспериментальдық стационарлық зерттеу жұмыстары кеңінен дамыды. Геоботаниктер мен экологтар табиғатты қорғауға арналған бағдарламаларға белсенді үлса бастады.

Геоботаника экология мен географияға жақындай түсті. Ол ғылымдар бірін-бірі жаңа методтармен, теориялармен байытып биосферадағы, биогеоценоздардың экосистемадағы барлық процесстердің комплексті қарауға көңіл аудара бастады.