- •Лекция 1. Геоботаника пәннің мақсаты ғылымдар жүйесіндегі орны дамуының негізгі кезеңдері
- •Лекция 2. Фитоценоз туралы түсінік. Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компонентерінің қарым - қатынасы.
- •Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер дәстүрлі және бағыттар
- •1. Лионерлік топталушылық. Көрші өсімдіктер арасында бір-біріне елеулі әсер ету байқалмайды.
- •Лекция 3. Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қатынасы.
- •Дәріс №4 Фитоценоздың құрамы
- •Дәріс №5 Фитоценоздар флорасының географиялық элементтері
Лекция 1. Геоботаника пәннің мақсаты ғылымдар жүйесіндегі орны дамуының негізгі кезеңдері
Геоботаника / гректің gе - жер жэне Ьоtаnіkos - өсімдіктерге қатысты / - жер бетіндегі өсімдіктер және олардың қауымы туралы жэне фитоценоздардың құрамы, құрылысы, өнімділігі, пайдаланылуы, өзгеруі туралы ғылым. Бұл пәннің мақсаты өсімдік қауымдарының құрылысын, олардың табиғат жэне адам эрекеттеріне байланысты факторлардың эсерінен белгілі уақыт аралығында кеңістіктегі өзгеруін зерттеу. «Геоботаника» деген терминді ғылымға 1866 жылы бір-біріне байланыссыз Ф.Н.Рупрехт /Россия/ жэне А.Гризебах /Германия/ енгізді. Ф.Н. Рупрехтің түсінігі бойынша геоботаника өсімдік жабынының физико-географиялық ортамен, ең алдымен топыракпен қарым-қатынасы туралы ғылым.
ХХ-шы ғасырдағы бірінші жартысында геоботаника мен фитоценологияны синонимдер (Алехин, Шенников) тұрғысынан қарастыратын немесе геоботаниканы ботаникалық география мен фитоценологияның бірлестігінен тұратын (Скучаев, Сочава) пэн ретінде түсіну керек деген көзқарастар болады.
Әдетте геоботаниканы - тарихи геоботаника (өсімдіктер жабынының даму тарихы), экологиялық геоботаника) өсімдіктердің табиғи ортаның жағдайына бағыныштылығы); хорологиялық геоботаника) өсімдіктердің орналасу заңдылыктары) деп бөледі.
Геоботаниканың негізгі зерттеу объктілері фитоценоздар жэне құрылған жер бетіндегі өсімдік топтары. Геоботаника фитоценоздардың структурасын, олардың ішіндегі биотикалық қарым-қытынастарын, фитоценоздардың ішкі ортасының ерекшеліктерін /синэкология/, даму тарихын/ ценогения/ зерттейді жэне фитоценоздарды классификациялаумен айналысады.
Геоботаника өсімдіктер жэне жануарлар экологиясымен, топырақтану және климатологиямен /ауа райы зерттейтін ғылым/; өсімдіктер жэне жануарлар географиясымен, геоморфологиямен /жер бетінің көрінісін, оның жаратылыс тегін, өзгерісін тексеретін ғылым /жэне тағы басқа ғылым тармақтарымен тығыз байланысты /суреті/.
Жер бетіндегі өсімдіктер жабыны эр алуан өсімдік түрлерінен жэне олардың бірлесуінен түзілетін өсімдік қауымдарынан қүрылады. Өсімдіктер жабынын зерттегенде оны «флора» жэне «өсімдіктер» деген екі түрлі үғымға бөледі. Бұл өсімдіктер жабынының эртүрлі екі жағы. Әдетте бүл екі үғымды жиі шатастырады. Флора дегеніміз, ол белгілі бір аймақта, өлкеде, ауданда, жерде тіршілік орындарының барлық типтеріне орналасып, сол жерге тэн барлық өсімдік қауымдарының қүратын өсімдік түрлерінің жиынтығы /Толмачев, 1974/.
Эр флораның негізгі - ол оның түрлік қүрамы. Белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктердің түрлерін есепке алу, демек флоралық инвентаризация жасау - ол эр бір флоралық зерттеу жүмыстарының негізі болып саналады.
Флорадағы түрлердің қүрамын есепке алу олардың жалпы саны туралы жэне олардың қандай туыстары, түқымдастарға жататындықтарытуралы түсінік береді.
Флораны қүратын түрлердің саны оның байлығын тікелей көрсетеді.
«Өсімдіктер» /растительность/ немесе өсімдіктер жабыны /растительный покров/ дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасқан эртүрлі өсімдік қауымдарының жиынтығы. Ол типтердің эрқайсысы көптеген өсімдік түрлерінен түрады, сондықтан оларды зерттеу кезінде, ең алдымен олардың флорасын /түр қүрамын/ білген жөн.
Геоботаниканың жеке бөлімдері өсімдіктердің негізгі типтерін зерттейді /орман тану, шалғындық тану, батпақ тану, шөл жэне дала тану т.б./.
Геоботаниканың пайда болған кезінен бастап осы күнге дейін дамуын кең ' түрде беретін тарихи шығарманың авторы Х.Х. Трасс /1976/ оны алты кезеңге бөледі.
Бірінші - дайындық кезеңі. Бұл алғашқы кезеңде ботаника - географиялық зерттеулер тек геоботаника элементтерін пайдалану арқылы ғана жүргізілген. Бұл
кезең XVI ғасырда басталып ХІХ ғасырдың басына дейін созылады. Бұл кезеңде ботаниктердің кейбір мәселелерге арналған ғылыми еңбектерінде геоботаника элементтерінің пайда бола бастағаны байқауға болады. Мысалы: I. Өсімдіктердің әртүрлі тау биіктігінде белдеуленіп орналасуы /Геснер/ Швейцария, 1560; Турнерфор /Франция, 1700/; Линней /Швеция, 1737/; Халлер/ Швейцария, 1770; Жиран - Сулави жэне Роман /Франция, 1800/ т.б./. П. өсімдіктердің тіршілік еті орындарына бейімделуі және тіршілік ету орындарының типологтясы /Рей /англия, 1686; Линней, 1737; Бриссо - Мирбель /Франция, 1815/, т.б./. III. Кейбір территорияларды ботанико - географиялық белу /Крашенинников/ Россия, 1755/; Лепехин/Россия, 1795; Даллас /Россия, 1796/; Виленберг/Швеция, 1812/, т.б./.
Екінші - қалыптасу кезеңі, ХІХ ғасырды қамтиды. Бүл кезеңі, ХІХ ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде өсімдік кауымы туралы алғашқы пікір /ой/ пайда болды, өсімдік қауымын бұл кезеңдегі авторлар әртүрлі атады /формация, топ, т.б./. Геоботаника теориясы, терминологиясы және методикасы ғылымның алғашқы «аналық» салаларында дамыды. мысалы: I/ ботаникалық географияда / әртүрлі территориядағы өсімдіктер формациясын зерттеу - Гумбольдт /Германия/, 1805; Гризебах /Германия/, 1838; Борщов /Россия/, 1865; Рупрехт /Россия/, 1866; Коржинский /Россия/, 1888/. II/ өсімдік географиясындағы жэне биогеографияда /кейбір формациялардың таралуын зерттеу - Декандоль /Франция/, 1855; Аза - Грей /АҚШ/, 1853; т.б. III/ экологияда /өсімдіктердің негізгі формаларының типологиясы, әртүрлі формациялардың экологиялық жағдайын зерттеу - Гумбольдт,Гризебах, Друде /Германия/, 1896; Варминг /Дания/ 1895; Шимпер /Германия/, 1898; т.б. IV/ ауыл шаруашылық ғылымында орман танумен топырақ тануда /табиғи алқаптардың, даланың, шалғындықтың, орманның типологиясы, өсімдіқтермен топырактың өзара байланыстарын зерттеу - Тецман /Россия/, 1839; Корелыциков /Россия/, 1865; Докучаев /Россия/, 1899 т.б.
Осы кезеңнің ортасында «Геоботаника» деген түсінік енгізілді /Рупрехт, Гризебах/ Мәні жағынан геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді, бірақ оларды ботаника - географиялық немесе фитогеографиялық жұмыстар деп аталады.
Үшінші - пісіп жетілу қезеңі, ХІХ ғасырдың соңынан XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін созылды. Бүл қезеңде геоботаниқалық тэуелсіз, дербес ғылым
екендігі, оның өзінің зерттеу объектілері бар екендігі /өсімдік жабыны, өсімдіктер қауымы/, методикасы және теориясы бар екендігі дәлелденілді. Бұл ғылымның жаңа аттары - фитосоциология /Россия ғалымдары: Пачовский, 1896; Крылов, 1898/ жэне фитоценология /Швейцария - Австрия ғалымы Гаме, 1918/ енгізілді. Геоботаника бірте-бірте әртүрлі мектеп және бағыттарға бөлінді. Арнайы геоботаникалық кеңестер шақырылды. Көптеген геоботаникалық экспедициялар үйымдастырылды. Методикалық және бағдарламалық нұсқаулар құрастырылды.Арнайы геоботаникалық институттар, комиссиялар тағы басқалар құрылды.
Төртінші - өсімдіктер қауымын белсенді кең терең зерттеу кезеңі. Бұл кезең 1920 жылдан 1940 жылдарга дейін созылды. Геоботаника өзінің тәуелсіз, дербес ғылым екендігін мойындатты. Сонымен бірге геоботаника өзіне жақын, туыс ғылым /экология, экологиялық ландшафт тану/ салаларынан бөліне бастады. Кейбір геоботаникалық ғылыми мектептерде геоботаникамен /өсімдік жабыны туралы ғылым /фитоценологияны/ өсімдіктер қауымы туралы ғылым/ синонимдер деп түсіну керек деген тенденциялар пайда болды. Өсімдік қауымының /фитоценоздың/ түтастығы, бүтіндігі туралы көзқарас өте басым болды. Геоботаникада көптеген социологиялық терминдер пайда болды. Фитоценоздардың түтастығы туралы теориямен қатар оның үздіксіздігі жөніндегі теория өңделіп, жетілдіру жүмыстары жүріп жатқанына қарамай, бұл соңғы теорияны көпшілік әлі танып мойындаған жоқ.
Дүние жүзінің көптеген елдерінде геоботаникалық зерттеу жұмыстары /әсіресе фитоценоздардың классификациясы мен динамикасын зерттеу және өсімдіктерді картаға түсіруге байланысты /ерекше белсенді және жан-жақты дамиды.
Бесінші - қайта бағалау және жаңа /методтарды/ енгізу кезеңі, 1940 жылдардан 1950 жылдарға дейін созылды. Бұл кезеңде ординация /латын сөзі ordinata - ретке, жөнге елтіру /және градиенттік /гректің gradientis - адымдаушы /шагающий/ /анализ/ эдістері кеңінен тарап, континуум /латынның сопtinuum -үздіксіз/ теориясы о дан әрі жетілдірілді. Сандық экология мен статистикалық геоботаника туралы жұмыстар ерекше кең дамыды. Геоботаникалық зерттеу
жұмыстарында математикалық әдістер кеңінен пайдаланыла бастады. Браун -Бланке /Франция/ қүрған мектептің эсері күшейе бастады.
Англияда статистикалық геоботаника /Грей - Смит, 1957/, Россияда биогеоценологиялық /Сукачев, 1942/ т.б. жаңа мектептер пайда болды.
Алтыншы - осы заманғы, синтездік кезең 1960 жылдардан басталады. Бүл кезеңнің бесінші кезеңнен онша айырмашылығы жоқ, дегенмен өзіндік елеулі белгілері бар. Өсімдік жабынан зерттеудің жаңа тэсілдерін /биокибернетикалық, системалық анализ/, фитоценоз күрделі көп өлшемді құбылыс есебінде қаралып зерттеле бастады. Геоботаникалық жэне экологиялық зерттеу жүмыстарының дамуына халықаралық биологиялық багдарлама себепші болды. Ол бағдарламаға байланысты дүние жүзінің барлық аймақтарында өсімдік жабынын картаға түсіру жэне эколого - геоботаникалық, экспериментальдық стационарлық зерттеу жұмыстары кеңінен дамыды. Геоботаниктер мен экологтар табиғатты қорғауға арналған бағдарламаларға белсенді үлес қоса бастады.
Геоботаника экология мен географияға жақындай түсті. Ол ғылымдар бірін-бірі жаңа методтармен, теориялармен байытып биосферадағы, биогеоценоздардың экосистемадағы барлық процесстердің комплексті қарауға көңіл аудара бастады.
