Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
педагог кадрлармен жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.69 Кб
Скачать

Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй жан қуанышы»

Мақсаты: қызметкерлердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Барысы:

1.Сәлемдесу.

2.Тест. «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»

3. Логикалық сұрақтар (бейнебаян)

4. «Пив-Пав» жаттығуы.

5. Сұрақ-жауап

6..Қорытынды

1.Сәлемдесу. Жаттығу «Мен сізді жақсы көремін,себебі....»

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

2.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»

Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.

1-жауапқа 1 ұпай, 2-жауапқа- 2 ұпай, 3-жауапқа-3 ұпай

Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.

45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.

35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.

Ұпай есептеп қорытындылау.

3. Логикалық сұрақтар (бейнебаян)

4. Сұрақ-жауап

Ойынның шарты өте оңай. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Қыздар мен жігіттер аралас отырса, қызығырақ өтеді. Сұрақтар мен жауаптар   көлемдері бірдей кәртішкелерге (қатты қағаз болса тіпті жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады. Бірінші ойыншы сұрақтары бар кәртішкенің біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі жауаптары бар кәртішкенің біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы, жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?» – деген кәртішкені оқыса, қызға: «Бұл менің сүйікті ісім» - деп жауап беруге тура келуі мүмкін.

 Сұрақтар:

Егерде сүйікті адамыңыз көзіңізге шөп салса не істер едіңіз?

Сіз үнемі осындай дөрекісіз бе?

Әйелдерді (ерлерді) сыйлайсыз ба?

Үнемі жақсылық ойлайсыз ба?

Жүрегіңізде маған орын бар ма?

Сіз мені ұнатасыз ба?

Бұзақылық жасағаныңыз үшін ұяласыз ба?

Сыйлық жасағанды ұнатасыз ба?

Өмірде жіберген қателіктеріңіз үшін өзіңізді жазғырасыз ба?

Сіз  қызғаншақсыз ба?

Көңілдесіңіздің болғанын қалайсыз ба?

Күйеуіңізді (әйеліңізді) сүйесіз бе?

Автобустарда билетсіз жүресіз бе?

Бәріне дайынсыз ба?

Төсектен жиі құлайсыз ба?

Біреудің хаттарын оқығанды ұнатасыз ба?

Ыңғайсыз жағдайға жиі тап боласыз ба?

Күйеуіңізбен (әйеліңізбен) шын ниетіңізбен сүйісесіз бе?

Ішімдіктен мас болатын күндеріңіз бола ма?

Өтірікті жиі айтасыз ба?

Бос уақытыңызды құрбы-құрдастарыңызбен көңілді өткізесіз бе?

Жауаптар:

Мен өз өмірімді онсыз да жақсы елестетемін.

Мен саяси сұрақтарға жауап бермеймін.

Әсіресе басқа біреудің есебінен болғанын қалаймын.

Тек жалақы алатын күні.

Жоқ, мен өте ұяң адаммын.

Өзімнің беделімді түсіріп алмау үшін, жауап беруге қиналамын.

Тек әлсіздік сезінген кезде.

Үйден жырақта байқап көруге болады.

Өзім білмеймін, бірақ басқалардың айтуынша солай.

Бұл менің сүйікті ісім.

Тек мұнда емес.

Мені ыңғайсыз жағдайға қоймауыңызды өтінемін.

Мас емес біреуден сұрасаңыз.

Неге болмасын? Керемет ғанибет емес пе!

Менің қызаруым – ең айқын жауап.

Тек тынығып алған кезде.

Жастық шақ әлдеқашан өтіп кеткен.

Куәгерлер жоқ жерде әрине болады.

Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмайды.

Мен оны төсекке жатқанда айтамын.

Мұны байқап көруге болады.

Егерде мұны қазір жасауға болса, әрине.