- •Іскерлік ойын « Қарым-қатынаста қандаймыз?»
- •1. В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі
- •2. Логикалық сұрақтар (бейнебаян)
- •3. "Көпір" жаттығуы.
- •4. «Құпия сөздер» топтық ойыны.
- •Семинар-практикум «Ата-анамен тіл табысу жолдары»
- •Психологиялық тренинг
- •3. Логикалық сұрақтар (бейнебаян)
- •1.Сәлемдесу. Жаттығу «Мен сізді жақсы көремін,себебі....»
- •2.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
- •3. Логикалық сұрақтар (бейнебаян)
- •4. Сұрақ-жауап
- •5. «Пив-Пав» жаттығуы.
- •6. Қорытынды
- •2.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
2. Логикалық сұрақтар (бейнебаян)
3. "Көпір" жаттығуы.
Шарты: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық-тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тек бір ғана адам өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек". Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.
Талқылау: - Тапсырма ненің көмегімен орындалды? - Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме? Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербальді немесе вербальді емес) маңызды?
4. «Құпия сөздер» топтық ойыны.
Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби
Уақыты: 15-20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.
1) 18 8 27 34 36 18 21 17 36 23 24 27 23 26
14 8 23 8 14 25 36 5 36 18 3 36 16 5 8 18 1 7 1 17, 14 8 11
14 8 16 5 8 18 15 1 16 1 13 6 1 25 21 25 8 22 3 8 23 8
1 16 1 7 38.
2) 3 1 15 38 25 – 20 16 26 1 13 38 17 – 15 1 13 6 38 24 38 11 21 17 36 23 8 17 8 24, 3 1 15 38 25 – 20 16 10 1 18 18 38 19 14 27 13 36.
3) 3 1 15 38 25 14 21 3 8 16 8 14 24 12 42 15 25 38. 20 18 38
28 24 25 1 26 6 1 25 38 23 38 24 15 1 18 24 1 13 38 18 15 20 16 7 1 18
24 38 23 6 12 3 8 23 8 7 36. 3 36 23 1 15 8 5 8 23 24 36 11
11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36 3 1 24 15 1 18 2 23 24 8 16 8 23 5 8
1 26 7 1 23 24 1 19 38 11, 20 16 21 11 36 14 8 16 8 7 36 7 8, 10 2 13
6 1 18 1 12 38 6 38 19 38 11 6 1 15 20 18 1 7 38.
Кілті:
1) Неүшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген қалайға төтеп бере алады.
2) Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.
3) Бақыт көбелек сияқты. Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді. Бірақ егер сіз зейініңізді басқа нәрселерге аударсаңыз, ол өзі келеді де, жәй ғана иығыңызға қонады.
5. «Май шам» жаттығуы.
Мақсаты: Әріптестерімізге жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас түзу. Барысы: Бір-бірінің қолынан ұстап дөңгелене отырады. Көршісінің көзіне қарап, бір-екі ауыз сөз жақсы тілек айтады.
Семинар-практикум «Ата-анамен тіл табысу жолдары»
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге.
Жүсіпбек Аймауытов
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі -ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: * Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; * Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту; * Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу; Ал міндеттері: * Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді. * Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады. Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті . Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі: * Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады; * Балалар маңызды жетістіктерге жете алады; * Ұнайды; * Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады; * Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі; * Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады; * Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді, Тәрбиешілер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек; • Бір – біріне көңіл бөлу • Тыңдау • Сыйлау • Көзбе – көз қарау • Тиімді орынды таңдау • әзілді сезіну • ұрыс – керістен сақтану сияқты Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін; • Сиқырлы сөздер айту; • Баласының жетістігін айту • Сенімді болу • Көңіл - күйіне қарау • Намысына тимеу • Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б) • Қарапайымдылық • Пікірін сыйлау Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары * Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді; * Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады; * Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу; * Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді; * Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады; * Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді; * Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру;
Тәрбиеші: - баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар - ата – анаға талап қойылады - балаға да талап қойылады Ата – ана - мәдениетті - жан – жақты - уақыт бөле білу керек - психологиялық көңіл күйі - дүниетанымы - ойлау қабілеті - өзін — өзі тәрбиелеу - мұғаліммен қарым – қатынаста болуы қажет Бала ата – ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет. Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
