Әр түрлі деңгейдегі сезімталдық жолдарының зақымдалуының клиникалық синдромдары
Нерв зақымдалуы қоса жүреді:
Сезімталдық бұзылуының невральды типімен;
Сезімталдықтың барлық түрлерінің зақымдалуымен;
Сенсорлы және моторлы(солғын парездер немесе параличтер) бұзылыстардың тіркесуімен;
Клиникасында ауырсыну синдромы мен парестезияның көрінуімен.
Нервтің тітіркенуі кезінде жиі невралгия қалыптасады.
Өрімнің зақымдалу синдромы жоғарыда көрсетілген белгілермен көрінеді, бірақ нақты өрімдерде қалыптасатын барлық немесе жеке нервтер аймағында болады.
Полиневропатия- полиневриттік типі бойынша сезімталдық бұзылады.вегетативті-трофикалық бұзылыстармен, ауырсыну,парестезия, дистальды таралуымен моторика бұзылысы тән.
Артқы түбіршіктер зақымдалусиндромы түбіршектік типі бойынша барлық сезімталдық түрлерінің жойылуымен, ауырсынумен, парестезиямен,паравертебральды нүктелерде ауырсынумен, керу симптомдарымен қоса жүреді.
Жұлын ганглийі деңгейіндегі зақымдалу синдромы кезінде ганглионеврит синдромы дамиды: артқытүбіршектік және невральды симптомдарға терідегі герпетикалық бөртпелер(жай және белдеулік герпес вирустары жұлын және бассүйек ганглийлеріне персистерлейді) қоса жүреді.
Артқы мүйіз зақымдалу синдромы зақымдалған сегменттер аймағында диссоциирленген сезімталдық бұзылысымен(ауырсыну, температуралы және жартылай тактильды сезімталдық жойылуы) көрінеді.Ауырсыну мен парестезиялар тән емес, мотрика бұзылыстары болмайды.Бұл клиникалық синдром сирингомиелия, интрамедуллярлы ісіктер кезінде дамиды.
Алдыңғы ақ жабысқақ (спайка) зақымдалу синдромы сегментарлы тип бойынша симметриялық диссоциирленген анестезияның дамуымен көрінеді.
Артқы жіпшелер зақымдалуы синдромы зақымдалуы деңгейінен төмен жақта(ошақ жағында) бұлшық ет-буындық сезімнің, жартылай тактильды,вибрационды,екі өлшемді-кеңістікті және дискриминационды сезімталдықтың жойылуымен.Сенситивті атаксия синдромы дамиды.Жиі гиперпатия анықталады.Фуникулярлы миелоз, миелоишемияның кейбір түрлері ауруларында болады.
Бүйірлік жіпшелер зақымдалуында қарама-қарсы жақта (зақымдалу ошағынан 1-3 сегмент төмен) өткізгіштік типі бойынша ауырсыну және температуралық сезімталдықтың жойылуы болады. Егер патологиялық процесске пирамидті жолдар қатысса, ошақ жағында орталық паралич немесе парез дамиды.Бүйір жіпшелердің екі жақты зақымдалуы кезінде жамбастық бұзылыстар қосылады.
Жұлынның жартылай зақымдалуының синдромы (Броун-Секар синдромы)- зақымдалу жағында орталық паралич анықталады және өткіізгіштік типі бойынша терең сезімталдық жоғалады, контралатеральды-өткізгіштік сипаттағы ауырсыну және температуралық анестезия дамиды.Синдром экстрамедулярлы ісіктерде анықталады.
Жұлынның толық көлденең зақымдалу синдромында өткізгіштік типі бойынша екі жақтан сезімталдық барлық түрлері жойылады, спастикалық пара- және тетраплегия, жамбас астауы мүшелерінің функцияларының бұзылыстары дамиды.
Ми бағаны синдромы-ми бағаны зақымданғанда кездесетін сезімталдық бұзылуы.Әдетте сезімталдықтың бұзылуы гемианестезия немесе гемигипестезия деңгейінде дененің зақымданған жаққа қарама-қарсы бөлігін қамтиды. Сопақша ми зақымданған жағдайда үшкіл нервтің төмен қарай бағытталған түбірі мен сезімталдық өткізгішінің жұлын мен көру төмпешігі аралығы бұзылады.Сондықтан ауырсыну және ыстық-суықты айыру сезімі мидың зақымданған жағына сәйкесс бетте және қарама-қарсы денеде, қол-аяқта жоғалады(алмасушылық синдромы).
Таламус зақымдалуы қарама-қарсы жақта сезімталдықтың барлық түрінің зақымдалуымен, гемианепсия, гемиалгия,гемигиперпатия, мимикалық бұлшықеттердің эмоционалды парезімен сипатталды.
Ішкі капсула зақымдалуы «үш геми синдромымен»- гемианестезия,гемиплегия,гемианопсиямен сипатталады. Интактты пирамидті жолдар кезінде басқа «үш геми синдромы»- гемианестезия,гемиатаксия,гемианопсия болады.
Ми қыртысы синдромы- ми жарты шары қыртысындағы артқы сара ирелеңмен жоғары төбе бөлігі зақымданған кезде пайда болатын сезімталдықтың ауытқуы.Зақымданған жаққа қарама-қарсы аяқта немесе қолда сезіну бәсеңдейді(моногипестезия) немесе жойылады(моноанестезия), әсіресе сезімталдықтың терең және күрделі түрлері бұзылады.
