Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терең және беткей сезімталдық жолдары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.81 Кб
Скачать

Сезімталдық бұзылыстарының түрлері

Перифериялық нұсқа Спинальды нұсқалар Церебралды нұсқалар Функционалды тип

невральдық тип сегментарлы тип

полиневриттік тип өткізгіштік тип өткізгіштік тип

түбіршіктік тип

қыртысты нұсқа қыртысасты нұсқа бағандық нұсқа

Бұзылыстың перифериялық түрі – перифериялық нервтің иннервациясы аймағындағы сезімталдық бұзылуы. Перифериялық нерв немесе өрімнің зақымдалуы кезінде дамиды.

Бұзылыстың невральдық түрі – нақты(конкретный) нервтің иннервация аймағындағы сезімталдықтың бұзылуы.

Бұзылыстың полиневриттік түрі – «қолғап» және «шұлық» типті дистальды сипаттағы,симметриялы болатын сезімталдық бұзылысы.

Бұзылыстың түбіршектік түрі – түбіршіктерге сәйкес дерматомалардағы барлық сезімталдықтың жойылуы.Артқы түбіршектер зақымдалғанда дамиды.

Бұзылыстың сегментарлы түрі – сегментарлы иннервация аймағындағы сезімталдық бұзылысы.Жұлынның артқы түбіршегінің немесе жұлын ганглийінің зақымдалуы кезінде дамиды. Беткей сезімталдықтың өткізгіштеріне бұзылыстың сегментарлы түрі тән және жұлынның артқы мүйізінің және алдыңғы жабысқақтың зақымдалуы кезінде байқалады.

Бұзылыстың өткізгіштік түрі – өткізгіш жолдың зақымдалуы деңгейінен төмен сезімталдықтың бұзылуы.Артқы және бүйір жіпшелерінің, ми бағанасының, таламустың, ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінің, бас миының субкортикальды ақ затының зақымдалуы кезінде дамиды.

Бұзылыстың қыртыстық түрі – сезімталдықтың локальды түсіп қалуы(жиі моноанестезия типі б/ша және т.б.),бас миының беткей және тері сезімталдықтарының проекционды аймақ аумағы зақымдалуларында дамиды.

Бұзылыстың функционалды түрі – невротикалық бұзылыстары бар науқастарда дамиды, көбінесе медиальды аймақтағы гемианестезия байқалады.

Беткей сезімталдықты зерттеу

Ауырсынулы сезімталдық – дененің әр түрлі аймағына инемен шаншу арқылы реакцияны бағалау.

Тактильді сезімталдық – дененің әр түрлі аймақтарына қылқаламды немесе мақтаны жеңіл жанасу арқылы реакцияны бағалау.

Температуралы сезімталдық – дененің әр түрлі аймақтарына салқын және ыстық суы бар пробиркаларды жанастыру арқылы реакцияны бағалау.

Беткей сезімталдықтың бұзылыстары

Анестезия – тактильді сезімталдықтың түсіп қалуы

Анальгезия – ауырсынулы сезімталдықтың түсіп қалуы

Термоанестезия – температуралы сезімталдықтың түсіп қалуы

Гипестезия – тактильді сезімталдықтың төмендеуі

Гиперестезия - тактильді сезімталдықтың күшеюі

Гиперальгезия – шамадан тыс ауырсынулы сезімталдық

Ауырсынулы анестезия – anaesthesia dolorosa, сезімталдықтың төмендеуі кенеттен ауырсынулы сезіммен қосарласып жүреді

Ауырсыну сезімінің екіге бөлінуі – инемен шаншу кезінде пациент басында жанасуды, содан соң ауырсынуды сезеді

Полиестезия – пациент тітіркенуді тітіркендіргішті келтірген жерде емес, қарама-қарсы жақтан симметриялы аймақтарда локализдейді

Дизестезия – рецепторлы затты бұрмалап, өзгертіп қабылдау (жылу салқын секілді қабылданады, ауырсынулы тітіркендіру жылу секілді қабылданады және т.б.)

Парастезиялар – күйдіру, шаншу, бой түршігу ,тартып тұру секілді кенеттен пайда болатын сезімдер

Аллохейрия(синестезия) – тітіркендіргіш түйіскен тұстан емес, соған қарсы симметриялы басқа нүктеге жанасқандай(тигендей) болып сезінілуі.

Диссоциация - дененің белгілі бір аймағында жанасу және терең сезімталдық сақталып, ауырсыну мен ыстық-суықты сезінбеу. Сезімталдықтың диссоциирленген бұзылыстары – сезімталдық бір түрі түсіп қалып, басқасы сақталып қалады. Жұлынның артқы мүйіздерінің, алдыңғы сұр жабысқақтың, жұлынның бүйір және артқы жіпшелерінің, медиальды ілмектің төменгі бөліктерінің және қиылысуының, сопақша мидың латеральды бөліктерінің зақымдалуларынан дамиды.

Гиперпатия – тітіркендіргішті тигізгенде лезде жағымсыз сезімнің пайда болуы. Тітіркендіргіштерді қабылдау табалдырығының жоғарылауымен(гипестезия), тітіркенудің нақты локализациясының жоғалуымен(жағымсыз сезім бүкіл аймақты қамтиды), ұзақ латентті кезең және ұзақ әрекеттен кейінгі кезең (қабылдау тітіркенуден уақыт бойынша қалып жатады немесе жағымсыз сезім тітіркендіргішпен әсер етіп тоқтатқаннан кейін ұзақ уақыт сақталып отырады) . Гиперпатияның негізінде сезімталдықтың регрессінің сезімталдықтың бұрмалануы элементтерімен бірге оның аса примитивті формаларына ауысуы жатыр.

Беткей сезімталдық бұзылыстары кезіндегі ауырсыну симптомдары

Жергілікті ауырсыну – тітіркендіргіштің әсер еткен орнында жергілікті ауырсыну

Проекционды ауырсынулар – нерв бағанасының бір бұтағы иннервациясы аймағында туындайтын және тиісінше тері аймағында проецирленетін ауырсыну

Иррадиирленетін ауырсынулар – бір нервтің бұтағының тітіркенуі кезінде дамитын сол нервтің басқа бұтағының иннервация аймағында туындайтын ауырсыну

Берілген(отраженные) ауырсынулар – ішкі мүшелердің аурулары кезінде дамитын және Захарьин-Гед аймағында орналасатын ауырсынулар

Каузалгия – жанасу немесе қобалжу кезінде күшейетін , зақымдалған нерв аймағында орналасатын күйдіру сипаттағы ұстама тәрізді ауырсынулар. Салқындату, сумен дымқылдату азапты азайтады. Нерв бағандарының жарақаттық зақымдалуларында пайда болады.

Фантомды ауырсынулар – тыртықтық өзгерістердің нервтің тұқылының қатысуымен ампутациясынан кейін дамитын ауырсынулар(проекционды ауырсынулардың аналогы), «жоқ аяқ-қолды бар деп сезіну».

Реактивтік ауырсыну – нерв тармақтары қысылғанда немесе созылғанда сезілетін ауырсыну.

Синестезиалгия - дененің зақымданбаған тұстарын инемен шұқылағанда жарақаттанған қолдың немесе аяқтың ауырсынуы.

Беткей сезімталдықтың бұзылыстары кезінде керу симптомдары

(жұлынның артқы түбіршектерінің, жүйке бағандарының және өрімдерінің зақымдалуы кезінде дамитын ауырсыну симптомдары )

Лассега симптомы – арқасынан жатқан қалыптағы науқастың түзу жатқан аяғын жамбас буыны аймағында бүгу барысында шонданай нерві иннервациясы аймағында кенеттен ауырсыну пайда болады(Лассега симптомының 1кезеңі). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайындағы ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі.Мұны Венгеров симптомы деп атайды.Кейін тізе буыны аймағында бүккенде ауырсыну басылады (Лассега симптомының 2 кезеңі).

Нери симптомы – арқасымен жатқан қалыпта басын алға қарай бүккенде бел аймағында ауырсыну пайда болады.

Сикара симптомы – табанды кенет сыртқа қарай бүккенде шонданай нерві бойымен ауырсыну пайда болады.

Мацкевич симптомы – ішпен жатқан қалыпта аяқты тізе буыны аймағында бүккенде санның алдыңғы беткейімен ауырсыну сезімдері пайда болады(сан нервінің иннервациясы аймағында).

Вассерман симптомы – ішпен жатқан қалыпта тік жатқан аяқты жоғары көтерген кезде санның алдыңғы беткейімен ауырсыну сезімдері пайда болады(сан нервінің иннервациясы аймағында).

Бонн симптомы – аяқтың жамбас-санжәне тізе буыны н иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді.

Турын симптомы аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.

Брагард симптомы – жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буыны созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни Лассег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.

Френц симптомы - еңкейген басты қарама-қарсы жағына бұрса мойында, иықтың үстіңгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі.

Терең сезімталдықты зерттеу

Бұлшықет-буындық сезім - жатып көзін жұмған қалыпта зерттеледі, ұсақ және ірі буындарда пассивті қозғалыстар жасалынады, зерттелуші қай буында қозғалыс жасалып жатқанын анықтап, қозғалыстың қандай бағытта жасалынғанын көрсету керек.

Қысым сезімі – зерттелуші дененің жекелеген аймақтарына түскен қысым дәрежесі мен орнын көрсетеді.

Салмақ сезімі – пішіні және көлемі бірдей, бірақ салмақтары әр түрлі заттарды алақанға қою көмегімен жүзеге асырылатын зерттеу.

Вибрационды сезімталдық – терең сезімталдықтың бұл түрін зерттеу үшін 256 Грец шегіндегі тербеліс жиілігімен камертон қолданады, оны зерттелушінің сүйек бетінде орналасқан терісіне жақындату арқылы зерттейді.

Терең сезімталдықтың бұзылыстары кезінде науқаста сенситивті атаксия дамиды. Бұл науқастың көзді жұмғанда кенет күшейетін, қозғалыстардың координациясының бұзылысымен бірге жүрістің тұрақсыздығымен көрінетін қозғалыстардың проприоцептивті бақылауын жоғалтуы болып табылады.

Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу

Локализация сезімі – терінің нүктелік тітіркендіруінің орнын көзін жұмған қалыпта нақты анықтап, көрсетіп беруі.

Дискриминационды сезімталдық – теріге бір уақытта тигізген екі бірдей тітіркендіруді жеке-жеке бөліп қабылдау қабілеті.

Кинестетикалық сезімталдық – тері қатпарларының жылжу бағытын анықтау мүмкіндігі.

Екі өлшемді кеңістікті сезіну – зерттелуші көзін жұмған қалыпта доғал затпен терсісінде сызған фигураларды анықтау керек.

Стереогностикалық сезімталдық – көзін жұмған қалыпта затты сипау арқылы тану.

Сезімталдықтың күрделі түрлерінің бұзылысы қыртыстың проекционды аймағының, ең бастысы жоғарғы төбе аймағының зақымдалуы кезінде дамиды.