Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терең және беткей сезімталдық жолдары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.81 Кб
Скачать

Беткей сезімталдықтың жолы

Экстерорецепторлар

Перифериялық(омыртқааралық ) нервтер

Жұлын түйіні (беткей сезімталдық жолының I нейроны)

Аттас жағында жұлынның артқы мүйіздері (беткей сезімталдық жолының II нейроны)

Алдыңғы жабысқақ(спайка) арқылы қарама-қарсы жаққа қарай (2-3сегменттен жоғары қиғаш жоғарыға) Бүйір жіпшелердің алдыңғы бөліктерінің құрамында жоғарыға қарай жүреді

Көру төмпешігінің сыртқы ядросының төменгі бөлігі (беткей сезімталдық жолының III нейроны)

Таламустың вентролатералды ядросынан беткей сезімталдықтың жолы ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінен өтіп, сәулелі тәж(corona radiata) құрамында бас миының қыртысына барады

Артқы орталық қатпар және жоғарғы төбе аймағы

Терең сезімталдықтың жолы

Проприорецепторлар

П ерифериялық нервтер

↓ перифириялық өсінділер арқылы

Ж ұлын түйіні (терең сезімталдық жолының I нейроны).Омыртқааралық ганглийдің I нейронының жасушалары,бұл жасушалардың перифериялық өсінділері перифериялық нервтер құрамында болып, терең тіндерге(бұлшықет,сіңір,сүйек қабығы) бағытталады.

Жұлынның артқы түбіршектері орталық өсінділер арқылы

Аттас жағында жұлынның артқы жіпшелері (жұлынның мүйізіне кірмей).Артқы бағаналарға қарай бағытталады.Онда үзілмей және қиылысу жасамай сопақша миға барады.

  1. Голль шоғыры-медиальды орналасқан талшықтар (артқы бағананың(төменгі кеуде,бел,сегізкөз сегменттері(Th5-S5) ) аса ұзын талшықтары)

  2. Бурдах шоғыры-латеральды орналасқан талшықтар(мойын және жоғарғы кеуде сегменттері(C1-Th4))

Сопақша ми-артқы жіпшелердің ядролары(терең сезімталдық жолының II нейроны)

Сопақша ми деңгейінде медиальды ілмек түзуімен жүретін қиылысу (lemniscus medialis), оған көпірдің алдыңғы бөлігі деңгейінде дененің қарама-қарсы жағынан сезімталдық барлық түрінің өткізгіштері – беткей сезімталдық жолының талшықтары және бас ми нервтерінің ядроларының талшықтары қосылады.

Таламустың вентролатеральды ядролары (терең сезімталдық жолының III нейроны)

Таламустың вентролатералды ядросынан терең сезімталдықтың жолы ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінен өтіп, сәулелі тәж(corona radiata) құрамында бас миының қыртысына барады

Артқы орталық қатпар және жоғарғы төбе аймағы

Сезімталдық

Адам ағзасындағы бүкіл тітіркендіргіштердің біріншілік қабылдауы ағзаның ішкі ортасының өзгерістері мен сыртқы әсерінен қабылдайтын арнайы жасушалар -рецепторлар арқылы жүзеге асырылады.

Рецепторлар

-Экстерорецепторлар (тактильді, ауырсынулық және температуралық сезімталдық)

-Проприорецепторлар (кеңістіктегі дененің қалпы, бұлшықеттердің жиырылуы туралы ақпарат, бұлшықеттерде, сіңірлерде, буындарда орналасады)

-Интерорецепторлар (ішкі мүшелерде орналасатын хеморецепторлар, барорецепторлар және т.б.)

Беткей және терең сезімталдықтың үшнейронды жолдарының жалпы ерекшеліктері:

Бірінші нейрон омыртқааралық түйінде орналасады

Екінші нейронның талшықтары қиылысу жасайды

Үшінші нейрон таламус ядроларында орналасады

Таламокортикальды жол ішкі капсуланың артқы аяқшасының артқы үштен бір бөлігінен өтіп, сәулелі тәж(corona radiata) құрамында бас миының қыртысына барып, артқы орталық қатпарда және жоғарғы төбе аймағында аяқталады.