- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Үй жиһаздары.
Мақсаты:үй жиһаздарының ерекшеліктері,қандай материалдан жасалғандығы,күнделікті тұрмыста пайдаланылуы,қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету.Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып,олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:үй жиһаздарының макеті,суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,қайшы,желім,фломастер,ойыншық жиһаздар,сіріңке қораптары.
Алдын-ала жұмыс:жиһаздар сататын дүкенге саяхат ұйымдастыру,әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: жиһаз –мебель, керует- кровать, үстел-стол, орындық- стулья
Іс-әрекет Кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірлеріне Жақсы көңіл тілейді.
Кел,балалар,күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.
|
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын айтып,өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды.
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар,қуыршақтың үйіне жаңадан заттар әкеліпті.Қандай заттар екенін білгілерің келе ме? -Олай болса қуыршақтың үйіне барайық. Қуыршақтың үйіне келгеннен кейін педагог балалардың назарын үйдегі заттарға аударады.Оны ұстап көруге рұқсат береді. Педагог жиһаздардың жеке-жеке суреттері мен макетін көрсетіп,олардың атын,тұрмыста не үшін қолданатынын сұрайды.
Дұрыс айттыңдар балалар.Енді осы заттардың тағы не үшін керек екендігі айтыңдаршы.Мысалы,үстел не үшін керек?
|
-Келеді.Балалар қуыршақтың үйіне келеді.Ол жерден балалар көп жиһаздарды көреді.Қызыға қарайды, ұстап көреді.Зерттеп,бақы-лау жасайды.
-Ол үстел,орындық,төсек, диван,шкаф,кресло, киім ілгіш шкаф т.б. деп суреттегі заттарды атап,олардың тұрмыстағы қолданылуы туралы айтады.
-Үстел тамақ ішу үшін керек |
|
|
-Үстелді тағы не үшін пайдаланамыз?
-Ал мынау не? - не үшін керек? -Орындықты тағы не үшін пайдалануға болады? неден тұрады?
-Тағы да ненің арқалығы және аяқтары болады? -Орындықтың қандай түрлері болады?
-Ал мынау не ? - Не үшін керек? Осылайша таныстыратын жиһаздарды жеке-жеке сұрап шығады. - Орындық, үстел диван,төсек,кресло,шкафтардың ұқсастығы бар ма?Несімен ұқсайды?
-Бұл заттарды кімдер жасады? Педагог сұрақтар қоя отырып,диван,кресло,төсек,шкафтар-дың қажеттілігі,оларды топтастырып,бір сөзбен «жиһаз»деп айтылатыны және жиһаздардың әр бөлменің көлеміне,түр-түсіне,пайдалануына байланысты да болатындығы туралы ақпарат береді.Үй жиһаздарын ағаш шеберлері жасайтынын және жиһаздардың жасалуына дейінгі кезеңдерді түсіндіреді.
1.Өсіп тұрған ағаш. 2.Сүргіленген бөренелер. 3.Тақтайшалар,ағаш үгінділері,фанерлер. 4.Жиһаздың дайын болған кезі.
Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға қуыршақтың үйіндегі жиһаздарды дұрыс орналастыруды ұсынады.Екінші орталықтағы балаларға кішкентай ойыншық қоянға арнап сіріңке қораптарынан жиһаздар құрастыру тапсырылады.
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Бір отырып,бір тұрып, Қолымызды жаяйық, Құс боп қанат қағайық. Педагог сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,орталықтағы жұмыстың нәтижелігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады. Дәптермен жұмыс. |
-Жазу жазу үшін,сурет салу үшін.
-Орындық. -Орындық,отыру үшін керек. -Ойнауға,орындыққа шығып биіктегі затты алуға болады. - Отырғыштан,арқалы- ғынан және аяқтарынан. -Диванның,креслоның
Қызыл,жасыл,сары,те- мір,ағаш,үлкен,кіші. -Диван. -Диван адамдар отырып,кейде жатып демалу үшін керек.
-Ұқсастығы бар.Олар ағаштан жасалған,аяқтары бар.
-Ересек адамдар.
Балалар жиһаздардың Көпшілік жағдайда ағаштан жасалатындығын,олар –дың жасалу жолдары мен жасаған адамдардың еңбегімен танысады.
Бірінші орталықтағы балалар бөлменің ішіне жиһаздарды орналастырады.Мыса-лы,үстел тұрған жерге орындықты,т.б. сіріңке қораптарынан жиһаздар құрастырады.
Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдарды орындайды.
Екінші орталықтағы балалар үлгіге қарап отырып,қоянға арнап жиһаз құрастыру.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып,орталықта берілген тапсырманы орындайды.Орталықта-ғы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырып,дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.
Д /о: «Жиһаз» №47
|
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айналысқандары,не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады. |
|
Күтілетін нәтиже:
Жасайды::үй жиһаздарының ерекшеліктері,қандай материалдан жасалғандығы,күнделікті тұрмыста пайдаланылуы,қажеттілігі туралы.
Түсінеді: үй жиһаздарын ерекшеліктері мен жасалған материалдарына, тұрмыста пайдаланылуына, қажеттілігіне қарай ажыратып,топтастыруды.
Қолданады: жиһаздардың орналасу ерекшелігін (бөлмеге орналасуы) тұрмасты қолданылуын;
