Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану

Тақырыбы: Ызғарлы қыс келді (табиғатқа саяхат жасау)

Мақсаты: Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары қардың жауғаны аяз туралы түсініктерін кеңейту. Беріл ген сұрақтың нақта жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлық пен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бала санына жететіндей жіңішке таяқшалар.

Әдіс-тәсілдері: Сөздік, практикалық

Билингвальдық компонент:зима, суровая

Іс-әрекет кезеңдері.

Педагогтің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық.

-Балалар ,айналаға көз салыңдаршы ,не байқап тұрсыңдар?.

-Қар жылдың қай мезгілінде жауатын еді?

«Қыс туралы кім көп біледі.» с/ ойыны.

-Айналаның бәрі аппақ қар.

Қыс мезгілінде. Балалар шеңбер бойына тұрып,бір-біріне ойыншықты бере отырып, қыс мезгілі туралы айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Рефлексиялық түзетушілік.

-Балалар ,ағаштарға қараңдаршы,қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар.

-Дұрыс айтасыңдар,ағаштар да қар жамылған. Кәне, енді бәріміз сол ағаштарға қарайық

Біз жүріп келе жатқанда қандай дыбыс естіледі.

-Ал қардың неліктен сықырлайтындығын білесіңдер ме?

Бүгін ауа райы қандай болып тұр.

-Қар күн суық,аяз болғандықтан сықырлайды екен .Ал күн сәл жылынса болды,қар сықырламайды.Кәне,тағы да аяқтарыңмен қарды басып жүріп көріңдерші.

-Міне,балалар ағаштарға да жеттік.Ағаштардың бұтақтары майысып тұр себебі, олардың бұтақтарына қар жабысып қалған .Демек,балалар,қар қандай екен?

-Дұрыс айтасыңдар, қар жабысқақ екен.Оны дәлелдеу үшін қолдарыңмен қарды ұстап көріңдер. Бірақ та қарды қолғапсыз ұстасақ қар жабыспайды. Қарды қолғапсыз ұстасақ қар тез еріп кетеді екен. Демек, қар ериді.Қар ерігенде не пайда болады?

-Дұрыс айтасыңдар енді өздерің жүріп келген жолдарыңа қараңдаршы?

-Ол кімдердің ізі ?

Яғни, балалар,қардың үстімен адам немесе жануар жүрсе де із қалады екен. Біз қазір қардың бетінде құстың ізінің суретін саламыз.

Қардан тағы да не жасауға болады?

Оларды балалар бір сөзбен қар мүсіндері деп атаймыз. Міне, қардың жабысатынды ғы тағы да дәлелдедік.Егер де қар бір-біріне жабыспаса ,онда біз мүсін жасай алмайтын едік. Алайда қардың барлығы на мүсін жасай алмаймыз.Себебі;кейбір жауған қарлар жабыспайды. Мысалы, алғашқы жауған қарды қанша домалат сақта оларды жабыстыра алмаймыз.

Олар ақша қар деп аталады.

Енді қарды бақылайық. Қар неге ұқсайды?

Сол жұлдызшалар бір-бірімен ұйыса біріккен кезде жапалақтап жауады екен. Жалпы қар түйіршіктері жұлдызша туралы біз кейінірек әңгімелесеміз.Қыс несімен қызықты?

Қыста қандай ойындар ойнайды?

Сендер атаған ойындар неліктен жазда ойналынбайды?

Демек, қыстың көркі қар екен.Ал қысты күнгі суықты аяз деп айтамыз.Кәне ,бәрі міз қайталайықшы.Сонымен қатар қыс мезгілінің ,қардың адамдар, өсімдіктер үшін пайдасы мен зияны айтып түсінді реді.Мысалы,қыстың пайдасы ,балалар сырғанақ тебеді,қар көп жауса ауылша руашылығына пайдалы т.б. Зияны,адам дар далада көп тұрып қалса тоңады, өсім діктер үсіп кетеді.

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп , сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

-Ағаштарды қар басып жатыр. Балалар балабақша ауласындағы ағаштарға аяндап барады.

-Қар сықырлайды.

-Жоқ білмейміз.

-Суық болып тұр.

Балалар әрі-бері жүріп қардың сықырлағанына мәз болып жүр

Жабысқақ.

Балалар қолғап киген қолдарымен қарды ұстап,жерге қайта тастайды да, қолғаптарына жабысқан қарды көреді.

Қар еріп кетеді.

-Су пайда болады.

-Іздер байқалады.

-Біздің ізіміз.

-Құстың,қарғаның ізі.

Балалар тәрбиеші дайындап қойған жіңішке таяқшаларды алып сурет салады.

-Аққала, қолтырауын, тағы басқа жасауға болады.

«Жұлдызшаларға ұқсайды» ойынымен

қызықты сырғанақ тебеміз, шаңғы тебеміз,коньки тебеміз. Өйткені жазда қар жаумайды.

Балалар бір-біріне қар лақтырысып ойнайды.

Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: қысқы табиғатты , қарапайым өзгерістерді бақылап суық, аяз, қардың жаууы туралы айта білуі керек. Қардың жылы жерде еритінін, үстіне таяқшамен сурет салуға болатындығын, із қалатындығын.

түсінеді: қыс мезгілінде ауа райының суытып аяз болатындығын, қардың аяз күндері сықырлайтындарын, қардың ерігенінен судың пайда болатындығын, ағаштардың да қар жамылатындығын, қардың үстіне сурет салуға, із қалдыруға болатындығын.

қолданады: қыс мезгілі мен қардың адамдар мен өсімдіктер үшін пайдасы, аяз туралы, қардың қасиеттері туралы білімді игереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]