Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану

Тақырыбы:Адамдардың баспаналары.

Мақсаты:адамдардың баспаналары:киіз үй,көп қабатты үй,пәтер,олардың айырмашылық тары,ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге,оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету.Балалардың таным белсенділігін арттыру.Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту.Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:киіз үйдің,жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреті.

Қажетті құрал жабдықтар:Жұмыс дәптері,үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.

Алдын ала жұмыс:шаттық шеңбердегі өлеңді жаттау.

Әдіс тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын.

Билингвальді компонент: үй-дом, көп қабатты үй –многоэтажный дом

Іс-әрекет

Кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Кәне,кәне,тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Шеңбер болып айналып,

Арқандарды тартайық.

-Балалар біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз.

Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды.

-Киәз үй жайында

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Педагог әр түрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.

-Киіз үй екенін қайдан білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар,киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған,-деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді.Сонымен ұатар киіз үйді адамдар үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланың қатты дауыл желдерінен де қорған болатынын түсіндіру.

-Сендер қандай үйде тұрасыңдар?

-Көпқабатты үй,екі ұабаттан тұратын үй туралы не айтар едіңдер?

-Пәтер деп нені айтамыз.

Педагог пәтер туралы түсіндіреді.

-Қалай ойлайсыңдар,киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?

-Бөлмелер қандай үйлерде болады?

-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?

-Міне балалар,киіз үйдің айырмашылығы оның сыптқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішіндеде байқалады екен.

Д /о: «Жиһаз» №47

Педагог киіз үй,көпқабатты т.б.

Үйлердің барлығы да адам баспаналарына жататындығын түсіндіреді.

-Калай ойлайсыңдар,осы баспаналарды салған кімдер?

-Оларды кімдер деп айтамыз?

Педагог баспанасалудағы адамдардың

Еңбегі туралы айтып түсіндіреді.

Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.

Бірінші орталықтағы балаларға киіз үй мен жер үйдің,көпқабатты үйдің макетін салыстырып,сипаттап беру,екінші орталықтағы балаларға Көпқабатты үй оның ауласын,ойын алаңын құрастыру тапсырылады.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастырады да,балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,қадағалайды.Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығые айтып орындарына отырғызады.

Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.

-Өйткені ол киізден жасалған.

-Көпқабатты үйде

-Мен пәтерде тұрамын.

-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.

-Көпқабатты үй биік,үлкен,онда көп адамдар тұрады.

-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады.Бірақ оның бөлімдері көп.

Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

-Жоқ,киіз үйдің ішінде пәтерлер де бөлмелер де болмайды.

-Көпқабатты үйлерде пәтерлер болады.Сол пәтерлердіңішінде бөлмелер бар.

-Адамдар.

-Құрылысшылар деп айтамыз.

Бірінші орталықтағы балалар киіз үй мен жер үйдің көпқабатты үйдіңмакетін салыстыра отырып олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады

Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлерді,оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.Балалар бастапқы орындарына отырып,дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлекциялық-

Түзетушілік.

Педагог Ы.Алтынсариннің Ағаш үй мен киіз үй әңгімесін оқып,бүгінгі күнгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түйіндейді.Және балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрайды.Сонымен қатар немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.

Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді.

Балалар әңгімені тыңдап

Педагогтің әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады.Оқу-іс әрекетінен алған әсерлерін,көңіл күйлерін таңбаларға белгілейді.

Жасайды: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы;

Түсінеді: киіз үй ,көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары мен ерекшеліктері туралы

Қолданады: салыстыруды,сипаттап әңгімелеп беруді;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]