- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жаздық киімдер.
Мақсаты: жаздық киім түрлермен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне-өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қуыршаққа арналған жаздық киім түрлері,қуыршақтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, дүкен ойынына арналған касса, ақша, фломастерлер, қалың, жұқа матаның қиындылары.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық
Билингвальді компонент: жаздық киім-летние одежды, көйлек –платье, қалпақ-шлапья
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңберіне тұрғызу. -Балалар, мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Кәне, барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, өлеңімізді айтайық. |
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады. Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! |
Ұйымдастырушылық-ісденістік |
-Балалар, көктем мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі келеді деп ойлайсыңдар? - Жазда ауа райы қалай болушы еді? Қонаққа қалың киім киген екі қуыршақ келеді. - Сәлеметсіңдерме, балалар? - Менің атым – Сандуғаш, ал мынау – менің досым Думан. Балалар, неге екенін білмейміз, біз әбден ыстықтап кеттік. - Сонда қалай, киімдер қыстық, жаздық болып бөліне ме? - Оларды кім бөледі және олар не үшін бөлінеді. Мен түкке түсінбедім. Педагог: Сандуғаш, Думан, балалар дұрыс айтады. Киімдер қыстық киім, жаздық киім, тіпті көктем, күз маусымына арналған киімдер болып бөлінеді. Жаздық киімді ыстық кездерде, жаз айларында киеді. Кәне балалар, сендер өздеріңнің үстілеріңдегі киімдеріңді ұстап көріңдерші. Сандуғаш пен Думанның киімінен айырмашылығы бар ма? - Міне, байқадың ба, Сандуғаш? Сендер қалың қыстық киім алғандықтан ыстықтап тұрсыңдар. Ал балалардың киімі жұқа материалдан тігілген. Сол себепті олар ыстықтамайды. Сандуғаш: Сендер жұқа жаздық киімдерді қайдан алдыңдар? - Олай болса сендер дүкенге барып, бізге киім таңдап алып беріңдерші. Сатушы баларға киім түрлерін көрсетеді.
Қуыршақтар киімдерді көріп қуанады. Сандуғаш атты қуыршақ балаларға киімдерді жеке-жеке көрсетіп сұрайды. - Мынау қандай киім? - Жазда бас киімнің қажеті жоқ қой. Біз бұл киімді алмай-ақ қояйық.
- Жарайды мен онда телпекті аламын. - Ал мына киімдерді қалай киеді? - Қандай әдемі киімдер! Түсі қандай өзінің? Қандай матадан тігілген? Осылайша балаларға дүкеннен алып келген жаздық киімнің барлығын көрсетіп, сұрап шығады. - Рахмет, балалар, енді мен сендер әкелген киімдерді киіп алайын. Сандуғаш ұл балаларға арналған киімдерді кие бастайды. Педагог: - Балалар, Сандуғаш киімдерін дұрыс киді ме? Сандуғаш: - Ой киімнің не айырмашылығы бар. Барлығы да бір киім ғой.
«Кім бірінші»с/ ойыны. Педагог ойынның шартын түсіндіреді. Қуыршақтар риза болып, балаларға рахметін айтып қоштасады. Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға жаздық киім тігуге арналған жұқа маталарды іріктеп алу, екінші орталықтағы балаларға ұл бала мен қыз балаға арналған киімдерді іріктеп алу тапсырылады. Сергіту сәтін өткізу.
Дәптермен жұмыс |
- Жаз мезгілі.
-Ыстық болады.
- Сәлеметсіңдер ме? -Әрине ыстықтайсыңдар. Себебі қалың қыстық киім киіп алыпсыңдар. Ал сендерге жаздық киімдер керек. - Дәл солай. - Киімдерді арнайы жаздық, қыстық деп бөледі.
Айырмашылығы бар. Менің көйлегңм жұқа, ал Сандуғаштың киімі қалың және Сандуғаш пальто киіп алған.
Дүкеннен алдық. Балалар қуыршақтарға көмектесетіндіктерін білдіріп, барлығыкиімдер дүкеніне келеді. Сатушымен сәлемдесіп, өздерінің не үшін келгендерін айтады. Қыз бала мен ер балаға арналған бірнеше жұқа киімдер, баскиімдер мен аяқкиімдерді таңдап, ақшасын төлеп, сатушымен қоштасады.
-Ол бас киім. Оны – телпек дейді. - Егер де сендер далаға шыққанда бастарыңа телпек кимей шықсаңдар, бастарыңнан күн өтіп, ауырып қалуларың мүмкін. Қараңдаршы, бұл бас киімді кисең тіптен де ыстықтамайсың. Себебі, ол жұқа материалдан тігілген. Әрі шетіндегі желбіршектері көлеңке беріп тұрады. -Мынау – көйлек, ал мынау – жейде. - Көйлектің түсі қызыл, жейденің түсі көк.Екеуі де жұқа матадан тігілген. Балалар жауап береді.
- Жоқ. Сандуғаш Думанға арнап әкелген киімдерді киіп алды.
- Жоқ, барлық киім бірдей емес. Ұлдарға арналған және қыздарға арналған киімдер болады. Ұлдар көйлек кимейді. Ойын шарты бойынша екі бала шығып, біреуі Сандуғаш атты қуыршақты, екінші бала Думан атты қуыршақты киіндіреді. Бірінші орталықтағы балалар жұқа маталарды іріктеп алады. Екінші орталықтағы балалар ұл бала мен қыз балаға арналған киімдерді іріктеп алып, әңгімелеп береді. Сергіту сөзінің мағынасына қарай қимылдар жасайды.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегімтаңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жаздық киімнің басқа маусымдық киімдерге қарағанда айырмашылығын.
түсінеді: жаздық киім түрлері: телпек, көйлек, жеңі жоқ жейдені қалың-жұқалығына қарап топтастырып айта алады.
қолданады: маусымдық өзгерістерге қарай киінуді, өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын.
