- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24

- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Кесіртке (бақылау жасау).
Мақсаты: кесірткені танып айтып беруге үйрету.Кесірткенің тіршілігі ,қозғалу тәсілдері туралы ұғым беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кесіртке туралы түсірілген бейнетаспа,суреттер.
Қажетті құрал жабдықтар: кесірткенің суреті бейнеленген бірнеше бөлікке бөлінген қағаздар,музыка әуені, бейнетаспа көруге және музыка тыңдауға арналған құралдар.
Әдіс тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальдық компонент:ящерица
Іс әрекет кезеңдері |
Педагогтік іс әрекет |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог баларды шаттық шеңберіне шақырады. Музыка естіледі. Сендер күннің шуағынан жылылықты сезіндіңдер ме? Олай болса бізде күнге әдемі күлкімізді сыйлайық. |
Балалар шеңбер бойына отырып, ақырын ғана көздерін жұмады. Балалар өздерінің қиялдары бойынша айтады. Маған Күн «мен саған таңның атқанын естіртуге келдім», деді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Кім бірінші?» ойыны. Ойын шарты бойынша балалар музыка аяқталғанша алдарында бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларын құрастырады. Музыка аяқталған кезде ойынды аяқтайды. Балалар,ненің бейнесін құрастырдыңдар? Бұл кесіртке.(Кесіртке туралы түсірілген бейнетаспа көреді). Кесіртке жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде Қазақстанда алты тұқымдасы кең таралған. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді,ағашқа,бұтаға өрмелей алады,құмға батып кететін түрлері де бар (батбат кесіртке). Денесі жалпақ,қысқа не ұзынша келеді.Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген. Тілдің құрылысы да әртүрлі. Көбінесе жалпақ, қалың етті, ұзын, ұшы екі айырылған болып та келеді. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Түрлі жәндіктермен, өрмекшілермен, құрттармен, құстардың жұмыртқасымен, түрлі өсімдіктердің жұмсақ бөліктерімен қоректенеді. Сергіту сәті. Сергіту сәті аяқталысымен тәрбиеші дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. |
Үш топтың да балалары қағаз қиындыларын құрастырады. Қиындылардан үш түрлі кесірткенің бейнесі шығады. Егер баланың өзіне таныс болса,жауап береді.
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық –түзетушілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан салған әсерлерін , көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгенін сұрайды. Осы тақырып жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды. |
Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға бейнелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: кесірткені танып, ажырата білуді, олардың дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын
Қолданады: кесірткені таниды, ажыратады, олардың тіршілігі туралы түсініп айта алады, кесірткенің немен қоректенетінін;
Түсінеді: Сұрақтарға еркін жауап бере білуді, бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдалануды, жануарларға қамқорлықпен қарауды;