Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Мақсаты:саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақпен саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып, айтып беруге үйрету.

Көрнекіліктері:жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың муляждары.

Қажетті құрал жабдықтар: ақ ватман, желім, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар т.б жанды табиғат және жансыз табиғат бөліктерінің қима суреттері.

Билингвальдық компонент:грибы

Іс әрекет кезеңдері

Педагогтік іс әрекет

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері: тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.

Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын оқиды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Балалар көктем мезгілінен кейін қай мезгіл басталады?

  • Жаз маусымында жаңбыр көп жауады да, жаңбырдың соңынан саңырауқұлақтар өсіп шығады. Біз бүгін жеуге жарамды және улы , жеуге жарамсыз саңырауқұлақ түрлерімен танысамыз.

Қонаққа Тиін мен Кірпі келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін саңырауқұлақ теруге кетіп бара жатқандықтарын айтады. Педагог оларға саңырауқұлақ теруге әле ерте екендігін айтып түсіндіреді.

  • Онда сендер бізбен бірге болыңдар, біз бүгін саңырауқұлақтар жайлы әңгімелесеміз деп, екеуін балалардың қасына отырғызады.

Педагог бірнеше саңырауқұлақтың муляждарын көрсетіп, олармен таныстырады.

  • Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге бола ма?

  • Неліктен оны шыбынжұт деп атаған?

  • Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жеуге жарамсыз болып бөлінеді.

Саңырауқұлақды тергенде жеуге жарамдысын улы түрінен ажырата білу керек. Біз бүгін саңырауқұлақтың екі түрімен танысамыз. Бұлар ақ саңырауқұлақ және боз арамқұлақ. Ақ саңырауқұлақ қылқанды жапырақты және араласа орманда өседі. Қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп отырады. Ал төменгі бөлігі алғашқы кезде ақ кейін жасыл сарғыш түске енеді. Аяқшасының ашық сары сұрғылт түсті, үстіндеи торлы өрнектері болады. Жемістік денессі ақ, тығыз, жағымды, саңырауқұлаққа тән исі бар. Ақ саңырауқұлақ маусымнан қазанға дейін өседі. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ себебі, құрамында белок өте көп. Боз арамқұлақттан қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл жасыл түсті. Бұл улы саңырауқұлақ, сол себепті мұндай арамқұлақты жинауға болмайды. Боз саңырауқұлақ кейбірі жеуге жарамдыға ұқсайды. Оларды айыру қиын. Сондықтан саңырауқұлақтарды жинаған кезде абай болу керек.

Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары топырақта жата берсе, әртүрлі жұқпалы аурулар тудырады. Саңырауқұлақ қалдықтарды ыдыратып, топырақттың тозаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Түскен жапырақтарды ыдыратып, оларды қара топыраққа айналдырады.

Педагог балалардың екі топқа бөледі.

Бірінші орталықтағы балаларға жеуге жарамды саңырауқұлақтарды жапсырып, саңырауқұлақтар алаңын жасау тапсырылады.

Екінші орталықтағы балаларға саңырауқұлақтарды қажет ететін табиғат бөліктерін топтастыру тапсырылады.

Сергіту сәті:

Педагог балаларға орталықтағы орындарын ауытыру керектігін айтады.

Дәптермен жұмыс. Дәптерге берілген тапсырманы орындайды.

Д /о: «Улы улы емес саңырауқұлақтар»№15

  • Жаз мезгілі

Балалар Тиін мен Кірпінің келгеніне қуанады.

Балалар шыбынжұт саңырауқұлағын алып көрсетеді.

  • Шыбынжұт

  • Болмайды, өйткені ол улы саңырауқұлақ. Ол саңырауқұлақтан шыбындар да қорқады. Шыбынжұт саңырауқұлағына шыбыгдар келсе болды өліп қалады.

Бірінші орталықтағы балалар бірнеше саңырауқұлақ суреттері ішінен жеуге жарамды ақ саңырауқұлақты тауып жапсырып, саңырауқұлақтар алаңын бейнелейді. (ұжымдық жұмыс)

Екінші орталықтағы балалар өсімдіктер мен жануарлар, адамдардың т.б. суреттерін топтастырады.

Балалар орындарын ауыстырып отырады. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық түзетшілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: жеуге жарайтын және улы саңырауқұлақтар туралы және саңырауқұлақтартың адам және жануарлар үшін маңызын.

түсінеді: улы өсімдіктерді адам өміріне қауіпті екендігін, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақ пен улы саңырауқұлақ туралы білімді.

қолданады: қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтауды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]