Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану

Тақырыбы: Балапанды бақылау.

Мақсаты: балапанды сыртқы орта көрінісіне қарап тани білуге, дене бөліктерін ажыратып айтып беруге үйрету. Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: жәшік ішіндегі балапан, видео таспа.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: балапанған арнап шарбақтар жасау.

Әдіс тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Билингвальдық компонент:цыпленок

Іс әрекет кезеңдері

Педагогтік іс әрекет

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері: тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.

Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын оқиды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог ішінде балапаны бар жәшікті алып келеді де ішінде не бар деп сұрайды.

Педагог балапанды қоршалған шарбақтың ішіне жібереді де бақылау жасайтындықтарын айтады.

Балапанның түрі, түсі, дене құрылысы туралы сұрайды. Қалай дыбыстайтынын және немен қоректенетінін айтады.

  • Біз мына балапан өскенше оны бағып, тамағын, суын беріп тұруымыз керек. Бүгін біздің балапанымыз кішкене шаршады. Сондықтан оны біз табиғат бұрышындағы басқа балапандарға қосып қоямыз. Педагог балаларды екі орталыққа бөледі де бірінші орталықтағы балалрға жұмыртқаның сыртқы қабығына қанат,тұмсық, көз, аяқтарын жбыстырып, балапанды жасауды, екінші топқа балаларға балапандарға арнап ботқа дайындауды ұсынады.

Сергіту сәті:

Педагог «көңілді балапандар» музыкасын қояды.

Дәптермен жұмыс. Дәптерге берілген тапсырманы түсіндіреді.

Д /о: «Не артық»

Балалар жәшік ішінде балапан екендігін даусынан танып ататады.

Балалар шарбақтың ішіндегі балапанның қозғалуын, жүгіргенін, қанатын қаққанын көреді.

Бірінші орталықтағы балалар жұмыртқаның қабығынан балапан құрастырады. Екінші орталықтағы балалар жұмыртқаны езіп ботқа дайындайды да табиғат бұрышындағы басқа балапандарды тамақтандырады.

Балалар «көңілді балапан» әуеніне билейді.

Дәптерге берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық -түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: балапанды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері, қозғалысы, қорегі туралы, өсіп өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін, басқа да құстардың балаларының балапан деп аталатындығын.

түсінеді: балапанның түсінің алуан түрлі болатындығын, балапан туралы білімді және олардың адамның қамқорлығына зәру екендігін.

қолданады:қамқорлықпен қарайды, оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады, балапандарға арнап ботқа жасауды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]