- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24

- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қанқыз және құмырсқа.
Мақсаты: Көркемдік шығарманың көмегімен жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. Жәндік тердің сыртқы құрылысының ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны, бейімделуі, жәндік тердің басты белгілерін анықтай алу туралы балалардың білімдерін жүйелеу отырып қанқыз және құмырсқамен таныстыру. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға жететіндей ойыншық қанқыз,ермексаз,грек жаңғағының сырты,өсімдіктер мен жәндік, жануарлардың суреттері
Алдын ала жасалатын жұмыстар: жәндіктерді бақылау,өсімдіктер мен жәндік,жануарлардың суретін жинақтау.
Көрнекіліктер:жәндіктердің суреттері.
Әдіс-тәсілдер:сөздік,көрнекілік,практикалық
Билингвальді компонент: жәндік-насекомый, қанқыз-божья коровка, құмырсқа-муравей
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады. Жыл мезгілі туралы |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар,біз серуен кезінде қандай жәндіктерге бақылау жасадық? Бүгін біз тағы бір жәндікпен танысамыз.Ол үшін сендер қолдарыңды созып,алақандарыңды тосып тұрсаңдар,ол жәндік сендердің алақандарыңа өзі қонады -Балалар ,көздеріңді ашыңдаршы,сендердің алақандарыңа қандай жәндік қонды. Сендер бұл жәндікті көрген жерлерің бар ма,қайдан көрдіңдер?
Қаңқыз немен қоректенеді? -Олар алма битін,өсімдік бітесі,жапырақ бүргесі,өрмекші,кене, т.б ұсақ жәндіктерді жейді. Демек,қаңқызының пайдасы үлкен екен.Себебі,олар өсімдіктер зиянкестерін жесе,өсімдіктерді дәрілеудің қажеттігі болмайды. Олар қандай жерлерде қыстайды? Балалар сендер ең күшті жануар не деп ойлайсыңдар? -Ең күшті жәндік-құмырсқа.Себебі: ол өзінен он есе үлкен затты көтере алады. Сонымен бірге олар құрылысты да шебер салады. Олар қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан илеу жасап,тіршілік етеді. Әрбір илеуде «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалар болады. Құмырсқалардың кейбір әрекеттері адамдарға ұқсайды.
Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді Д /о: «Қаңқызды тап»№27 |
-Ара,шыбын,көбелек, инелік,құмырсқа Балалар көздерін жұмып,қолдарын созып тұрады, тәрбиеші олардың қолына кішкене қаңқызды қояды
Балалар көздерін ашқан кезде қаңқызын көріп таңғалады,қуанады,бір-біріне көрсетіп, қуаныштарын бөліседі. Олар өсімдіктерге зиян ұсақ жәндіктерді жейді. -Ағаш қабығының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында қыстайды -Піл күшті Балалар жауап беруге тырысады. Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қанқыз және құмырсқамен танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғат үшін маңыздылығын.
түсінеді: қанқыз және құмырсқамен таниды, ажыратады, жәндік екенін біледі, қанқыз және құмырсқаның тіршілігі туралы түсініп айта алады.
қолданады: қамқорлықпен қарайды, жәндіктерге жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады.