- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Гүлзардағы раушангүл.
Мақсаты: гүлзардағы раушангүлімен таныстыру. Раушангүлін танып, басқа гүлдерден айырмашылығын айтып беруге үйрету. Олардың тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру. Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: раушангүлінің бірнеше түрі, олардың өсу кезеңдері бейнеленген суреттер мен слайд, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.
Алдын-ала жасалатын жұмыстар: гүлзарда өсіп тұрған гүлдерді бақылау, раушангүлінің ескірген күлтелерін жинау.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, раушангүлінен жасалған шай, сусын, тосап (мүмкіндігінше), раушангүлінің күлтелері.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальдық компонент:роза, цветочница
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: - Балалар, бәрімізге де достарымыздың көтеріңкі көңіл-күймен жүргені ұнайды. |
Балалар өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін айтады. |
Ұйымдастырушылық – ізденушілік |
- Балалар, кешегі гүлзарға барғанымызды есімізге түсірейікші, қандай гүлдердің түрлерін байқадыңдар? - Балалар, сол гүлзардағы гүлдердің ішінде менің көзіме ерекшк бір гүл байқалды. Ол гүлдің түстері әртүрлі, тікенекті болып келеді. Мен қандай гүл туралы айтып тұрмын? Олай болса, біз бүгін раушангүлімен танысамыз. Раушангүлінің балалар, бірнеше түрі болады. Қазір біз оны компьютер (суреттері) арқылы көреміз. Раушангүлінің түрі көп болғанымен олардың өзара ерекшеліктері болады екен. Кәне, кім қандай өзгерістерді байқады? Раушангүлдері бір-бірінен қандай ерекшелігімен ерекшеленеді? Ал ұқсастықтары қандай? Тағы да қандай ұқсастықтары бар? Дұрыс айтасыңдар, басқа гүлдер сияқты раушангүлі де топырақта өседі екен. Қонаққа раушан атты қыз келіп, өзінің өсірген раушангүлдері туралы айтып береді: - Раушангүл – гүлдердің патшайымы. Оның да басқа гүлдер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және әдемі гүлі болады және олар жай маусымында гүлдейді. Раушангүлі түсі мен көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Раушангүлінің көпшілігі гүлзарда өседі. Бөлмеде өсетін раушангүлі де болады. Екі раушангүлін көрсетеді. Демек, балалар, раушангүлінің күлтелерінен алынған майды сабын, әтірге, кремге қосады екен. Сол себепті сабын мен әтірден раушангүлдің иісі шығып тұрады. Раушангүлінің күлтелерінде әртүрлі дәрумендер болады. Раушангүлінен алынған майды адамдар тісі ауырғанда пайдаланады және суға шомылғанда қолданады. - Міне, балалар, көрдіңдер ме, раушангүлінің пайдасы көп екен. Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар раушангүлін зиянды жәндіктерден қорғауымыз керек екен. Оны ересек адамдар арнайы дәрі қосылған суды жапырақтарына бүрку арқылы қорғайды. Педагог балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші «Әлеуметтік» орталығындағы балаларға раушангүл күлтелерінен шырын дайындаудың жолдарын түсіндіру. Екінші «Таным» орталығындағы балаларға раушангүлді құрастыру тапсырылады. «Кім жылдам?» с/ойыны. Тәрбиеші өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Жылдам әрі дұрыс жауап берген балаға бір ойыншықтан (фишка) беріп отырады. Көп ойыншық жинаған бала жеңімпаз атанады. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. |
Гүлзардағы гүлдер, өсімдіктер, көргендерін айтады.
- Түстері әртүрлі болады.
- Үлкен, кіші, орташа түрлері болады. - Барлық раушангүлінде тікенектер болады. ыБарлығы да топырақта өседі. - Қыздарға Раушан деп ат қояды. Өздерінің үйіндегі раушангүлдер туралы да айтады.
Бірінші орталықтағы балалар раушангүлінің күлтелерін жуып, банкаға салып, қант қосып шырын жасайды.
Екінші орталықтағы балалар қағаздан қиылып берілген раушангүлдің күлтелерін түстеріне қарай біріктіріп, құрылысын ретімен орналастырады.
Ойын ережесін сақтап ойнайды. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Сабақтағы көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: гүлзарда өсетін раушангүлі өсімдігін танып, айтып беруді.
түсінеді: раушангүлінің түстері мен көлеміне қарай әртүрлі болатындығын, олардың басқа гүлдерден айырмашылығын көріп, айтып береді; раушангүлінің тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы, бөлме өсімдіктері сияқты гүлзардағы өсімдіктерді де күтіп-баптау керектігін.
қолданады: өсімдіктерді бей-берекет жұлмау керектігін, оларды күтіп баптауды, раушангүлінен шырын жасауды.
