- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Көктемгі еңбек құралдары.
Мақсаты:адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.Көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтарды ажыратып атай білуге, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсініп еңбек әрекетінде қолдана білуге үйрету.Таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және оның нәтежиелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:көктемгі тіршілік,адаидардың жұмысістеп жатқаны бейнеленген мазмұнды суреттер,адамдардың көктемгі тіршілігі,еңбегі туралы түсірілген бейнефилмь.
Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаштар,еңбек құралдары мен техникалардың суретті.
Алдын-ала жасалатын жұмыс:адамдардың еңбегін бақылау; адамдардың тіршілігі туралы әңгіме жүргізу,шаттық шеңберіне байланысты өлең жаттау..
Әдіс тәсілдері: cөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: құралдар-инструменты, күрек-лопата, кетпен-тяпка, тарма-грабль
Іс-әрекет Кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық Қозғаулық |
Шаттық шеңберіне тұрғызу. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын қайтаоап айтады.Қимылдар жасайды. |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
-Балалар, күн жылынып,жер қарайып,қылтиған жасыл шөптер көріне бастайды.Жақында ғана біз Наурыз мерекесін тойладық. -Табиғатта қандай өзгерістер байқалады? -Жарайсыңдар,ал адамдар қандай іспен айналысып жатыр? -Біз қазір балалар,адамдардың көктемгі тіршілігі туралы бейнефи льм көреміз(бейнетаспадан адамдар дың көктемгі тіршілігі,еңбегі туралы түсірілген бейнефильм көрсетіп, сұрақтар қояды). -Балалар жерді не үшін жыртып, тегістеп жатыр деп ойлайсыңдар?
-Бидай,күріш сеуіп,гүл,ағаштар отырғызу үшін не керек? -Дұрыс айтасыңдар,адамдардың көк темде жер жыртып,бау-бақшаға ағаш тар отырғызып,тұқымдар себу үшін еңбек құралдары мен жер жыртуға т.б жұмыстарға арналған техникалар керектігін сендер жаңа бейнетаспадан көрдіңдер.Осы кезде қонаққа Дымбіл мес келеді.Педагог Дымбілместен балабақшаға не үшін келгендігін сұрайды.Ол балалардан өзінің ауласы на гүл отырғызғысы келетіндігін ай тып,алайда жер қазуға,тырмалауға арналған құралдарының жоқтыыығын айтып,балалардан сол заттарды алуға келдім дейді.Педагог бірнеше еңбек құралдарын (жер қазатын күрек, тыр ма,су құйғышты) береді.Дымбілмес рахметін айтып кетуге жиналғанда педагог күрекпен не істейсің деп сұрайды.Дымбілмес күрекпен жерді тегістеп,тырмамен жерді қазатынды ғын айтады.Педпгог балалардан бала лардан Дымбілместің жауабының дұрыс-бұрыстығын сұрайды. -Балалар, күректің біірнеше түрі болады екен.Күректі адамдар жер қазуға,құм,топырақ лақтыруға, ара ластыруға қосымша пайдаланады. Күректер үшкір күрек,қуыс күрек,қар күрейтін күрек болып бөлінеді. Көк темгі еңбекке осы үш күректің ішінен қайсысы керек?
-Дұрыс айтасыңдар.Бұдан басқа күректің түрлері көп екен.Күректің түрлері туралы мағұлмат береді. -Балалар,күректің басын тек темірден ғана емес,пластиктен және фанерден жасауға болады екен. Мына жер қазақтын күрек пен топырақ,лайды араластырып,қопвруға арналған күректің басын пластиктен немесе фанерден жасауға болама? -Тырманы не үшін пайдаланамыз? -Дұрыс айтасыңдар.Міне,мына сурет те адамдар көктем айында жердегі шашылып жатқан ірі қоқыстарды тырмалап жатыр.Тырманы сол сияқ ты қазылған топырақты тегістеп, көшеттер отырғызғанға жер дайындау үшін де пайдаланады.Тырманың да сабы және басы болады. Оның да сабын көбінесе ағаштан жасайды.Ал басы темірден жасалады.Байқап қара саңдар,тырманың көп тістері бар. Тырма сол тістеріне қарай пайдаланы лады.Мысалы,тістері жиі орналасқан тырманы қопарылып,қопсытылған әрі тегістелген жерді қосымша тегістеу үшін пайдаланады.Тырманың тісі қаншалықты көп болса,оның басы да соншалықты үлкен болады.Сондық тан тырмаларды үлкен,кіші деп бөледі.Сол сияқты тырмалар қол тырма,тракторға арналған тырма және атқа арналған тырма деп бөлі неді(суретін көрсетеді).Атқа арналған тырманы соқа деп атайды.Осы үш тырманың үшеуінде ауыл шаруашы лығында,әсіресе көктем мезгілінде дәнді-дақылдарды себу кезінде адамдар көп пайдаланады. Қолтыр маны әсіресе аз жердің топырағын тегістеу үшін қолданады.Олардың басы темірден және ағаштан жасала ды.8,10,12 тісі болады.Ал саған Дымбілмес, гүл отырғызу үшін шағын жерді ғана тегістейтін кішке не,тістері де аз тырма керек.Түсінген болсаң гүлдерді отырғызуыңа бола ды.Дымбілмес қоштасып шығып кетеді.Педагог қосымша торғайға ұя жасап жатқан балдардың көрсетіп, онда қандай құралдардың қолданыл ғандығын сұрайды. №57.«Сыңарын тап» ойыны: Ойын шарты бойынша түстері мен көлеміі әртүрлі,алайда қызметі бір болатын күректер мен тырмаларды топтастыру ұсынылады.
Сергіту сәтін өткізу. Бір саусағым тіпті де Ұстай алмас жіпті де... Дәптермен жұмыс.Педагог дәптерге берілген тапсырманы түсіндіреді.
|
-Ағаштар бүршік атып,ұсақ жапырақтар пайда бола бастады.Құстар ұшып келіп жатыр. -Жер жыртып,айналаны жинастырып,тазалап жатыр. Адамдардың көктемгі тіршілігі,еңбегі туралы түсірілген бейнефильмде көргенднрін айтып береді..
-Бидай,күріш себу үшін. Гүл отырғызу үшін. Ағаштар отырғызу үшін. -Күрек,тырма,тракторлар керек
Көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтар мен техникалар,олардың қажеттілігін айтады.
Балалар дұрыс емес деп айтады.
Балалар Дымбілмеске таңырқап қарайды.
Жер қазуға,топырақ лақтыруға,араластыруға арналған күректер керек. Ал,қар тазалайтын күректі қысты күні пайдаланады.
Екі күректің де сабы ағаштан жасалған. Олар бір-біріне өте ұқсас.Жер қазатын күректің басы үшкір,ал екінші күректің басы қуыс.
Балалар ойланып жауап береді.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар кіші,кішірек,үлкен, ең үлкен қызыл,сары,жасыл үшкір күректерді оң жаққа, қуыс күректерді сол жаққа топтастырады.
Сергіту сәтінің сөзіне байланысты қимылдар жасайды. Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
|
Рефлекциялық –түзетушілік |
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айналысқандарын,не туралы әңгімелескендерін айтады. |
Күтілетін нәтежие:
жасайды:адамдардың көктемгі еңбегі туралы,көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтарын ажырата білуі олардың қажеттілігі мен қолданылуын айта білуі.
түсінеді:адамдардың көктемгі еңбегі туралы;күрек,тырма туралы олардың тұрмыста және ауыл шаруашылығында қажеттілігі мен қолданылуын.
қолданады.:көктемгі еңбек ,адамдардың тіршілігіндегі еңбек құралдары мен техникалардың маңыздылығын; еңбек әрекетінде күрек,тырманы қажеттілігіне қарай пайдалануды.
