Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Орман көркі »

Мақсаты: туған өлке ,орманы ондағы ағаштардың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Орманды оттан қорғау жөнінде түсіндіру. Орманда экологиялық ережелерді сақтауды үйрету. Табиғатқа қамқорлық көзқарасын тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қалың, ну орман, табиғаттағы тепе- тендік.

еректі құралдар: орманнын суреттері, дид. материалдар.

Билигвальдік компонент: орман- лес.

Әрекет қозғаушы.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

«Сәлем, сәлем, алтын күн!»

Балаларға үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату.

Балалар шеңберде тұрып,амандасып, бір біріне жақсы тілектерін айтады.

Балалар үнтаспаны тыңдайды.

Ұйымдастыру іздену

Балалармен орман туралы әңгімелесу.

Орман деген не? Ну орман дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Ағаштардың қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптары: орманда таза ауа, ағаш тар түрі көп, жан-жануарлардың, құстардың мекені.Орман ережелерін еске түсіру. ( Орманда айғайлауға, от жағуға, қоқыс тастау ға, құстарды өлтіруге, ағаштарды сындыруға болмайды).

Суретке қарап сөйлем құрастыру.

  • Қандай жануарлар орманда мекендейді?

  • Жануарлар немен қоректенеді?

  • Олардың пайдасы қандай?

  • Орманнын заңы қандай?

Сергіту сәті: « Тербелейді ағаштар...»

Жұмбақ жасыру.

  1. Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.(Аю).

  1. Аузы бейне ,шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады. (Қасқыр)

  1. Орманда да , далада да , жүреді бір қу,

Жүрген жері айғай мен шу.(Түлкі.)

  1. Қөлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын « көжек » дейді.(Қоян)

Ойын: «Бұл қай ағаш?».

Сұрақтарға жауап береді.

Сөйлем құрастырады.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Ертегі тыңдайды, талдайды.

Жұмбақтар шешеді.

Ойынға қатысады.

Рефлексифті түзету

Қорытындылау. Орман деп неге айтады?

Орманнын пайдасы қандай?

Балалар не туралы әңгімелегенін, қандай ойын ойнағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу : балалар орман туралы түсініп білді.

Игеру: орманнын тыныс тіршілігін игерді.

Меңгеру: орманға деген сүіспеншіліктері оянып, орман иелерін бағалай білуді меңгерді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]