- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері.
Мақсаты: Ұлттық киімдермен (тақия, бүрмелі көйлек, камзол, шапан)таныстыру.олардың өзіндік ерекшеліктерімен(әшекей, өрнегі және т.б.)таныстырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра әңгімелеп беруге үйрету.Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: ұлттық киім киген қуыршақтар,суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаштар.
Алдын-ала жасалатын жұмыс: ұлттық киім үлгілері бейнеленген суреттерді қарау.Ою-өрнектермен таныстыру.Суреттерді бояу.Ұлттық киім киген қуыршақтар-дан көрме ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдері: сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: қазақтың ұлттық киімдері-национальные одежды
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады. |
Балалар шаттық шеңберін құрып,өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
«Ойлан тап,не артық» ойыны:№44 Мақсаты:жалпы киім ту-ралы түсініктерін бекіту.Қа-былдауы мен еске сақтауын дамыту. Ойын шарты:бала,педагог айтқан бірнеше сөздердің ішінен артық сөзді тауып,неліктен артық сөз деп санайтындығын түсіндіруі керек.Педагог жалпы киім түрлері туралы сұрайды. -Дұрыс айтасыңдар,балалар. Киімдердің түрлері көп екен және олар бірнеше топқа бөлінеді.Бүгін біз сондай киімдердің бір түрі қазақтың ұлттық киім түрлерімен танысамыз.Ол үшін біз бүгін арнайы ұлт- тық киімдерден ұйымдас-тырылған көрмеге бара- мыз. Педагог балаларға көрмені аралап,ұлттық киім киген қуыршақтарды жақсылап бақылап алуларына мүм-кіндік береді. Көрмені ұйымдастырушы ұлттық киім үлгілері туралы айта отырып,тақия, көйлек,камзол қыз кейпін- дегі қуыршақ пен тақия,ша-пан киген ұл кейпіндегі қуыршаққа ерекше назар аудартады.Олардың күнде-лікті киетін киімнен айыр-машылығын,ою-өрнектер-мен әшекейленуі туралы айтады. - Үкілі тақияның төбесі дөң-гелек болып келеді.Жібек, алтын,күміс,зер жіптермен кестеленіп,моншақ,асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсы-нын тақияның төбесіне қадайды.Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі бол-ған. Қамзол- жеңсіз жеңіл киім. Қыздарға арналған қамзол-дың өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады.Қам- золдың етегі кең болып келеді.Көйлек-әйелдердің киімі.Қос етек көйлекке екі,үш етекті қоса тігеді.Кең етекті көйлекке ештеңе қос-пай тігеді.Міне,балалар,қа- зақтың осындай ұлттық киімдері қыз балаларға ар- налып тігіледі екен.Енді ұл баланың киімдеріне қараң- даршы.Ұл балаларда басы- на баскиім киген.Баскиім- нің түрлері көп.Соның ішін- дегі бүгінгі біздің қуырша- ғымыз киіп отырған баскиім қалай аталады? -Дұрыс айтасыңдар,ол да тақия деп аталады екен. Яғни тақияны қыз балалар ғана емес,ұл балалар да киеді екен.Алайда олардың өрнектері мен түстерінде айырмашылық бар.Кәне, кім айтады,қандай айырма-шылықты байқадыңдар? -Айырмашылығын дәл тап-тыңдар.Қыз балаларға арналған тақияға моншақ-тар мен асыл тастар тігілсе, ұл балалардың тақиясына моншақ тігілмейді.Оның есесіне олар ою-өрнектер-мен кестеленеді. Шапанды қалың матадан қазақтың ою-өрнегін са- лып,астарлап сырып тігеді. Шапандар әртүрлі тігіледі: сырмалы шапан,қаптал шапан,қыздарға арналған қималы шапан.Шапанды ерлер де,әйелдер де,бала- лар да киеді.Қыздарға арналған шапанның жаға-жеңіне,етегі мен өңіріне зер ұстайды.Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма тағады.Ал ерлер мен ұл балаларға ар- налған шапандар ою-өр – нектермен безендіріледі. Күнделікті киетін баскиім, көйлек т.б. киімдерді тақия,қамзол,шапан,бүрмелі көйлек сияқты ұлттық киім түрлерімен салыстырады. Балаларды өздерінің таң – дауы бойынша екі орталық-қа бөледі.Бірінші орталықта-ғы балаларға дайын қиылған қамзол мен бөріктің силуэтін өрнектеуді,екінші орталық- тағы балаларға ұл бала мен қыз балаға арналған тақия- ның суретін аяқтау және өр-нектеу керектігін айтып тү-сіндіреді. Сергіту сәтін өткізу. Педагог сергіту сәтін ұйым-дастырады да,балаларға ор-талықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп балалардың орталықтағы жұмысын,әрекетін қадағалайды.
|
Бала педагог айтқан сөздердің ішінен артық сөзді тауып айтады және неліктен артық деп санайтындығы туралы өзінің ойын айтады.
Өткен материалдарды есте-ріне түсіре отырып,ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері,олардың айыр-машылығы,қалың және жұқа киімдер,бас киім,сырт киім және аяқкиім болып бө-лінетіндігі туралы айтады.
Көрмеге келеді.Көрмені аралап,ұлттық киім үлгілерін ұстап көреді,олардың матасы, ою-өрнектері туралы бір бірімен пікір алмасады, білмегендерін сұрайды.
Балалар мұқият тыңдай-ды.
Бірінші орталықпен екін-ші орталықтағы балалар өздеріне берілген тап- сырмаларды орындайды
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, жұмыстарын аяқтайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жижиыннан алған әсерлерін, кө- ңің ңіл күйлерін,немен айналыс- қандарын,не үйренгендерін сұ- райрайды.Бүгінгі жиынның түйін-ді оді ойы немесе тақырыбы жай-лы лы естеріне түсіреді. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айна-лысқандарын,не үйрен-гендерін,қандай ұлттық киім түрін өрнектегенін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ұлттық киім түрлері тақия,бүрмелі көйлек,қамзол,шапанның өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы;қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуді;
түсінеді: тақияның қыз балалар мен ұл балаларға да арналып жасалғандығын және олардың айырмашылығын.
қолданады: ұлттық киім түрлерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшелігін және күнделікті киетін киімдерден айырмашылығы туралы білімді игерді
