- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Күз сыйы.Жемістер мен көкөністер.
Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау. Күз мезгіліндегі өсімдіктер туралы түсініктерін тиянақтау. Адамдардың күзгі еңбегі туралы білімдерін кеңейту.Көкөністер (сәбіз,қияр,қызанақ,пияз,орамжапырақ,картоп) мен жемістер (алма,алмұрт,апельсин, мандарин, лимон) ажыратып топтастыруға,сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. .Қара пайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекетте рін орындау қызығушылығына тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:сиқырлы қорапша,көкөністер(қияр,қызанақ,аскөк,көк пияз)мен жемістер (алма,мандарин,банан)күннің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:салат жасауға арналған туралған көкөністер мен жемістер,йогурт,тұз,ас,көк,екі үлкен ыдыс т.б.
Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент:күз- осень, жеміс –фрукты,көкөніс-овощ,
Іс-әрекет Кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңберіне тұрғызу. -Балалар,терезеге қарайықшы,күн шуағын шашып,жылуын беріп тұр.Ал біздің шаттық шеңберіміздегі күн күлімдеп,тұр,бірақ шуағы жоқ екен.Кәне,әрқайсысымыз жеке-жеке жақсы тілектер айтып,күнге шуақ шашуға көмектесейік. -Қараңдаршы,балалар,күніміз жоғары қарай көтеріліп,нұрын бізге шашып тұр.Енді қолымызды жоғары көтеріп күнге қарай созып,өлең жолдарын сыйға тартайық. |
Педагогті тыңдап,терезеге қарайды.Күн шуағын көріп тұрғандарын айтады.Балалар бір-біріне ыстық тілектерін және қолдарын жоғары созып,өлеңдерін айтады. Жарқырайды күннің көзі, Нұрын шашып далаға. Күн сәулесін төгеді, Бақыт сыйлап балаға. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Жұмбақ жасыру.
1.Іші жұмсақ,сырты қатты, Еті қызыл,сүті тәтті. 2.Аспай піскен, Қайнамай түскен. 3.Жер астында жез қазық, Жеуге болар ас қазық. -Балалар,ойын ойнағыларың келе ме? «Сиқырлы қорапша» с/ойыны. Педагог балаларға қорапты көрсетіп,жетелеуші сұрақтар қояды. -Балалар,қалай ойлайсыңдар,мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар? -Жоқ. -Жоқ,балалар,ол-ағашта өсетін зат. -Жарайсың,таптың.Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен.Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз.Енді соны табыңдар. -Жоқ. -Иә,таптың,ол-алма. -Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар? -Жоқ,бұл затты жеуге болады. - Жоқ. - Жоқ. - Жарайсың,таптың ол-көкөніс. Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар. -Жоқ. -Жоқ. -Иә, дұрыс айтасың,ол-қызанақ. -Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар? -Жемістерден нелер жасауға болады? -Жемістер қайда өседі? -Ағаш қайда өседі? (Бала жауап бере алмаса,педагог көмектеседі.) -Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер? -Жемістер мен көкөністер-адам ағзасына өте пайдалы.Жемістер бақта өседі,ағаштарда өседі,жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды.Шырынды адамдар сүйсініп ішеді. Көкөністерден салаттар дайындайды,сондай-ақ ас әзірлеуге пайдаланады. Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі. Жеміс-жидектер, көкөністер жайлы кім өлең біледі? Педагог балаларды екі орталыққа бөліп,екінші таңғы асқа дайындық жасау керектігін айтады. Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің,екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі,иісі,түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды.Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп,қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды. Бірінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасау істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертед
Сергіту сәті. -Саусақ ойынын ойнату. Жаңбыр жауса тырс-тырс, Айтады гүл: -Дұрыс,дұрыс! Жаңбыр жауса тырс-тырс, Айтады қыр: -Ырыс,ырыс!
Педагог сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,орталықтағы жұмыстың нәтижелігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.
«Иісінен тап!»ойыны. Ойын шарты бойынша балалар көздерін жұмып,иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек |
Балалар жұмбақты шешуін табуға тырысады.
-Қарбыз.
-Жеміс.
-Сәбіз.
-Келеді.
-Ол ойыншық па?
-Ол машина ма? -Ол телефон ба? -Ол жеміс пе?
-Ол банан ба?
-Ол алмұрт па? -Ол жүзім бе? -Ол алма ма? -Ол қарындаш па?
-Ол кәмпит пе? -Ол печенье ме? -Ол көкөніс пе? -Ол қызылша ма? -Ол қызанақ па?
Белсенді түрде жауап іздейді,өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі. -Тамақ жасауға болады. -Компот,сок жасауға болады. -Салат жасауға болады. -Ағашта өседі.
-Сәбіз,қияр.
Педагогті мұқият тыңдайды.
Жеміс-жидек және көкөністер туралы білетін өлеңдерді айтады. Балалар,әлі туралмаған Көкөністер мен жемістерді қарап,зерттеу жүргізіп,түсі,иісі,дәмі қандай екендігін болжамды түрде айтады. Балалар қандай жеміс немесе көкөніс екендігін айта отырып,бүтін қалпы мен екіге бөлінген қалпын салыстырады,иісін анықтайды,қайсысының иісінің басым екендігін айтады. Бірінші орталықтағы балалар туралған жеміс-жидектерден (ананас,алма,банан,мандарин, йогурт) екінші орталықтағы балалар көкөністерден (қияр,қызанақ,аскөк,тұз) салат жасайды.
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыстармен жасайды Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып,орталықта берілген тапсырманы орындайды. Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырады.
Ойын ережесін бұзбай,түсініп ойнауға тырысады. Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық Түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. |
Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айналысқандарын,не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды:көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды,сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануды.
түсінеді: жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетіндіктерін,олардан салат жасауға болатындығын.
қолданады:жемістер мен көкөністерден салат жасай алады,қауіпсіздік ережесін.
