Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Көлік түрлері.

Мақсаты: Балалардың көлік туралы білімдерін бекіту. Түрлі көлік түрлерін салыстыра білуге, олардың ерекшеліктерін, жалпы ұқсас белгілерін анықтауға үйрету.Қоғамдық: автобус, ұшақ, кеме, пойыз, трамвай туралы түсінік беруді жалғастыру. Өрт сөндіруші және жедел жәрдем медицина көлігімен таныстыру. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдететін көліктің маңызын түсіндіру.

Көрнекіліктер: көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар.

Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрылыс материалдары, өздерінің жеке жұмыс жүргізуіне арналған машина түрлері.

Алдын ала жасалатын жұмыс: шаттық шеңберіне байланысты өлең жаттау, үйлерінен өздеріне ұнайтын машина түрлерін әкелу.

Әдіс – тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Билингвальді компонент: көлік-транспорт,

Іс - әрекет кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

«Шуақты күн» ойыны

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, ортада тұрған дөңгелек пішіннің айналасына сары түсті ұзынды – қысқалы жолақшаларды қоя отырып, жылы лебіздер айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балаларға көліктер тұрағына (гараж) баратындықтарын айтады. Тұрақта әр түрлі ойыншық машина түрлері орналасқан. Көліктер тұрағына арқасына қап арқалаған Дымбілмес келіп, балалардан көмектесуді сұрайды.

Педагог үстелдің үстіне сүт, нан және хат, ашықхаттарды қойып, оларды қайда және немен апаруға болатындығын білмей тұрғандығын айтады.

  • Кәне, балалар мына заттарды қандай көлікпен апаруға болатындығын ойланайық.

Аталған заттарды тасуға қажетті машиналарды нақты тапқанынша жетелеуші сұрақтар қойып отырады. Мысалы, нан мен хаттардың жаңбырдың астында қалып, су болып қалмауын немесе желден қорғау жағын да ойланайық деген сияқты.

Осылайша педагог жүк көліктерінің екі түрге бөлінетіндіктерін (фургон, цистерна т.б.) және олардың жүктің барлық түрін таситындығын, машиналардың құрылысын, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын айқындайтын сұрақтар қояды. Балалар екі орталыққа бөлінеді. Бірінші орталықтағы балаларға көліктерге арнап автотұрақ құрастыру, екінші орталықтағы балаларға суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп беру тапсырылады.

Сергіту сәті өткізу.

Дәптердегі тапсырманы түсіндіреді.

Д /о: «Қайсысы қайда жүреді»№59

Балалар қуанады.

Балалар сүт пен нанды дүкенге, ал хаттарды поштаға апару керектігін айтады.

Балалар көліктің барлығын алып, қарайды, бақылау жасайды.

Соңында балалар сүр, нан, хат таситын машина түрлерін табады. Олардың шанағының (кузовының) неліктен жабық болу керектігін түсіндіреді.

Жүк машиналарының түрлерін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтып береді.

Бірінші орталықтағы балалар үйлерінен әкелген көлік түрлеріне лайытап, автотұрақ жасайды. Екінші орталықтағы балалар суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп береді. Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді, сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерін, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айыршалығын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын.

түсінеді: сүт, нан, пошта таситын көлік түрлерін, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын және жүк таситын көлік түрлерінің өзіндік айырмашылығы мен ұқсастықтарын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын құрастыруда үйренгендерін күнделікті ойын кезінде түсініп қолданады.

қолданады: көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына, автотұрақтардың көлік түрлері мен көлеміне байланысты болатындығын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]