- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жолда жүру ережелерін сақтайық.
Мақсаты: Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмекпункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: телефон, дәрігерлік көмек көрсету пунктінің, автобус аялдамасының белгілері, үйлердің макеті, бағдаршам.
Қажетті құрал жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: жолда жүру ережесі-правила дорожного движение, бағдаршам-светофор
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогикалық іс әрекет |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңберіне тұрғызу |
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Жұмбақ жасырады.
Сөйлеуді ол білмейді. Бірақ тоқта жүр дейді.
Бұл не екен балалар? Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?
Бағдаршамның неше көзі бар? Қандай? Бағдаршамның көздеріні қызметін айтып беріңізші. Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз?
Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы туралы біледі екенсіңдер, енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз. Сендер таңертең балалақшаға келгене немесе ата аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер? Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз?
Қазір біз қаланы аралауға барамыз.Қаланы біз жаяу аралаймыз. Бәрің менің қасыма келіңдер, абайлап, ақырын жүріңдер.(Ойын алаңына келеді, онда машина түрлері, жаяу жүргінші жолы мен машиналарға арналған жол, бағдаршам, жол белгілері, дүкен,кітапхана, мектеп, емхана, асхана орналасқан үлкен көшенің көрінісі жасалған). Балалар мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз? Дұрыс айтасыңдар, кәне бағдаршамға қараймыз, бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не Істейміз? Ал, мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мұнда бір белгі тұр, бұл белгі нені білдіреді екен?
Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екендігін қайдан білдіңдер?
Енді мына белгілерге қараңдаршы, мынау ненің суреті? Егер телефонның суреті салынған белгі тұрса ол нені білдіреді? Егер балалар жауап бере алмаса, педагог түсіндіреді. Ал, мынау медициналық көмек пунктінің белгісі. Демек, жақын маңда медициналық көмек пункті бар деген сөз. Мына суретте не бейнелен ген? Дұрыс айтасыңдар, автобусттың суреті салынған белгіні көрсеңдер, ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді екен. Педагог сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан ата аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін түсіндіреді.
Қайтатын уақыт та келді. Кәне, балабақшамызға оралайық. Педагог балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға өздеріне бұрыннан таныс бағдаршамның суретін салуды, екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындыларынан жол белгілерін құрастыруы тапсырады. Педагог бірінші орталықтағы балаларға тапсырманы түсіндіреді. |
Бағдаршам.
Машиналар бір бірімен соқтығысып қалмас үшін. Адамдардың жолдан өтуі үшін.
Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары,жасыл. Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.
Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.
Көліктерге кедергі жасамас үшін.
Балалар алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Таңырқап қарап, қуанады. 4-5 бала машинаға отырып жүргізуші болады, қалғандары жаяу жүргінші рөлін атқарады.
Бағдаршамға қараймыз.
Жасыл көзі жанды, біз жүреміз, ал машиналар тоқтайды.
Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі. Бізге жүруге болады. Ақ сызықтар және адамның белгісі тұр. Жолдың үстіне де ақ жолақтар жүргізілген. Телефонның суреті.
Балалар жауап беруге тырысады.
Автобус.
Топқа келеді.
Бірінші орталықтағы балалар балалар бағдаршамның суретін (көздерінің реттілігін сақтай отырып) салады. Екінші орталықтағы балалар бірнеше бөлікке бөлінген қиындылардан жаяу жүргінші жолы, медициналық көмек пункті, аялдама т.б. жол белгілерін құрастырып, құрастырған жол белгісі туралы түсінгенін айтып береді. Балалар орындарын ауыстырып, орталықтарда жұмыстарын аяқтағаннан кейін сергіту сәтін өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасау арқылы орындайды.
|
Рефлекциялық --түзетушілік |
Балалардың бүгінгі жиыннан алған әскерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін.
түсінеді: Жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін; автобуста, көлікте басқа балаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.
қолданады: жол белгілері, олардың мағынасын, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды
