Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қысқы киімдер.

Мақсаты: қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге уйрету. Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қуыршаққа арналған қыстық киімнің түрлері, қыстық киім түрлерінен слайд, суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, мата қиындылары.

Алдын ала жасалатын жұмыс: қыстық киімдер бейнеленген суреттерді бояу, қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Билингвальді компонент: қыстық киімдер-зимние одежды, қолғап-варишки,бас киім –шапка, мойыншалғы-шарф,тон-шуба

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балалардан қыс мезгілінің ерекшелігі, ауа-райы туралы сұрайды.

-Балалар, мына суретке қараңдаршы, суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Суретші суретте қандай қателік жіберген?

-Әрине бұл жерде суретші қателесіпті. Егер де қыстыгүні адамдар осылай жеңіл киініп жүрсе не болар еді?

-Адамдар өздерің жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы, әдемі киімдер киеді екен.

Қалай ойлайсыңдар адамға киімдер не үшін керек?

-Ежелгі адамдар киімді тігуді білмегендіктен үстілеріне киім кимеген. Келе-келе олар суықтан қорғану үшін аңдардың терісін киімнің орнына пайдаланған. Кейіннен адамдар киім тігуді уйреніп, өздеріне матаның түр-түрінен киімдер тігіп алатын болған. Олар күз, көктем айларына бөлек, жаз мезгіліне бөлек және қыс мезгіліне бөлек киімдер тігіп киюді уйренді. Адамдар киімдерді тіге-тіге қолдары уйреніп, бұрынғыдан да әдемілене түсіп, жаңара берді. Мына суретке қараңдаршы, бұл қандай киім? (слайд көрсету).

-Бұл киімдерді кімдерге арнап тіккен деп ойлайсыңдар?

-Неліктен олай ойлайсыңдар?

-Ал мына пальто кімдерге арналған?

-Оны қайдан білдіңдер?

Педагог қыздар мен ер адамдарға, балаларға арналып тігілген, үлкен, кіші мөлшердегі тон, қыстық күртелерді көрсетіп, «Қандай киім?», «Кімдерге арналған киім?», «Неден жасалған?» деген сұрақтар қоя отырып, қыстық киімдердің де сырт киім, баскиім, аяқкиім болып бөлінетіндігін түсіндіреді. Осылайша ұлдар мен қыздарға арналған қыстық киім түрлері шалбар, қалың тоқыма жемпір, тоқыма көйлек, тоқылған, аңның терісінен жасалған баскиім түрлері мен аяқкиім түрлері туралы ақпарат береді. Қолғаптың да әртүрлі болатындығына тоқталады. Жұқа қолғап пен қалың тоқыма және теріден тігілген қолғапты, бес саусақты қолғаптар мен сырт киімдерді бір-бірімен салыстырады.

-Балалар, мына суреттен не көріп тұрсыңдар? (Қыстыгүні жүгіріп жүрген, шаңғы теуіп жүрген үлкен адамдар мен балалардың суретінен слайд көрсетіледі).

-Олардың үстінде қандай киім?

Педагог бұл киімдердің спорттық киімдер екендіген, неліктен спортпен шұғылданатын адамдардың арнайы спорттық киімдерді киетіндігі туралы түсіндіреді.

Спорттық киімдердің ыңғайлы әрі суық өткізбейтіндігін, сол себепті арнайы матадан тігілетіндігін айтады.

64.«Тігінші» ойыны. Ойын шарты бойынша бірнеше матаның қиықтарын алып, қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып, суретте бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.

Сергіту сәтін өткізу.

Балаларға дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Балалар қыс мезгілі екендігін, далада күн суық екендігін айтады.

Суретке қарап, суретшінің жіберген қателіктерін айтады.

Балалар педагог-тің сұрағына жауап беруге тырысады.

Балалар қыстық киімнің түрлерін ұстап көріп, жасалған материалына, матасына, қалың- жұқалығына, өрнектеріне назар аударады. Оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшелішін айтып береді. Теріден жасалған қолғап пен тоқыма қолғапты қолдарына киіп көріп салысты-рады. Сырт киімдер мен қолғаптардың қайсысының суықтан жақсы қорғайтынын, қайсысын әдемілік, сәндік үшін киетінін зерртеп айтып береді.

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

-Балалар, сырт киім, аяқкиім болып бөлінеді.

-Ересек ағалар, әкелерге, аналар пен апаларға, қыз балалармен ұл балаларға, кішкентай бөпеге арналған киімдер болып бөлінеді.

-Спорттық киімдер болып бөлінеді.

-Киімдерді фабрикаларда тігіншілер әртүрлі матадан тігеді.

Балалар маталарды іріктеп, суреттердің тұсына қояды, қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын айтып береді. Мысалы, тонның бейнесі берілген суреттің тұсына тоқыма жіпті қояды.

Балалар дәптерге тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардаң бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не уйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не уйренгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: жалпы киім түрлері туралы.

түсінеді: қыстық баскиім, аяқкиім, сырт киім, спорттық киім – олардың ерекшелігі мен ұқсастығын, бір киімнің әртүрлі матадан тігілетіндігін, улкендерге арналған киім, ұл бала мен қыз балаға арналған киімдер болып бөлінетіндігін.

қолданады: қыстық киім басқа маусымдық киім түрлерінен ажыратады; ұл бала мен қыз балаға арналған қыстық киімдерді топтастырып, жалпы атауын айта алады; қыстық киімдердің өзінің қалың, жұқалтаң болатындығын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]