- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Асхана құралдары.
Мақсаты: тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі болатынын (түсі, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы) айта отырып, бағыт-бағдар жасай білуін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау. Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып, ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ойыншық ыдыс-аяқтардың түрлері (шай, тамақ ішетін, тамақ пісіретін, т.б ыдыстар, құралдар).
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жұмыс: Пұшайман Федора ертегісін оқу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: табақ-тарелка, катрөл-каструл,пышақ-нож,ожау-половник
Іс-әрекеттер кезеңі |
Педагогикалық іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық. |
Шаттық шеңберді ұйымдастыру. Балдырған баламыз, Досты көп табамыз, Қашан да, қайда да! Дос болып бәріміз Сенімді боламыз! |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
- Балалар, бізге ертегілерәлемінен түлкі мен тырна келіпті. Мен таңертен келсем олар өзара дауласып жатыр екен. Не болғанын сұрасам екеуі түскі тамаққа шақырыпты. Соған түлкі тамақты табаққа, ал тырна, құмыраға пісірмек болады дауласып жатыр. Кәне, екеуіне көмектесіп жіберейік. Сендердің ас даярлайтын бөлмеге саяхат жасағаңдарын есмтерінде ме? Сонда тамақты қандай ыдысқа даярлаған еді? - Жайпақ па әде шұңғыл ма? - Ол неден жасалған шыныдан ба әлде металдан ба? -Ал картопты қандай ыдыста қуырады? - Табаға тағы да нені қуыруға, пісіруге болады?
- Ал қандай ыдыста пісіреді? - Тамақты пісіруге, қуыруға арналған ыдыстар қандай материалдан жасалады? - Неліктен олай ойлайсындар, мүмкін шыны, фосфор, пластмасса ыдысқа да, тамақ пісіретін шығар. - Дұрыс айтсандар балалар, тамақты металл, алюминий немесе сырты сырланған темір ыдыстарда ғана пісіруге болады екен. Түлкі, тырна, сендер түсіндіңдер ме?(Екеуі түсінгендіктерін білдіреді). - Кастрөлдер қандай болады?
- Ал дайын болған сорпасы бар тамақты қандай ыдысқа құямыз?
-Салатты қандай ыдысқа саламыз?
- Нанды қандай ыдысқа саламыз? - Тамақты немен ішеміз? - Салатты немен жейміз? - Нанды немен тураймыз? Педагог ас даярлауға, тамақ ішуге және шай ішуге арналған ыдыстар болып бөлінгендігін, олардың көлемі, түсі жағынан әртүрлі болғандығын (үлкен кастрөл, кіші кастрөл), дастарқан мәзірін дайындауда қойылатын ыдыс-аяқтар мен құралдар, иайлық орамалдар туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, ақпарат береді. «Кім бірінші» ойыны: Педагог балаларды екі командаға бөледі. Ойын шарты бойынша бірінші түлкінің командасының балаларына жайпақ ыдыстарды, екінші тырнаның командасының балаларына шұңғыл ыдыстарды топтастыру ұсынылады. Түлкі мен тырна балалармен бірге ойынға қатысады. Түлкі мен тырна қонақ күтуге дайындық жасайтындарын айтып қоштасады. Педпгог балаларға түлкі мен тырнаға тамақ пісіру кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың ережесін түсіндіру керектігін айтады. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып. Жақсы сергіп алайық. Сергіту сәтін ұйымдастырып болғаннан кейін педагог балаларға дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. |
-Сорпасы бар сұйық тамақты кастрөлге пісіргенін көрдік. -Шұңғыл. -Металдан, темірден жасалған.
- Табаға қуырады. - Балықты қуырады, етті қуырады, орамжапырақты бұқтырады. - Шұңғыл кастрөлде пісіреді. - Металдан, алюминийден.
- Шыны, фосфор ыдыстар, сынып қалуы мүмкін, ал пластмасса еріп кетеді.
- Үлкен, орташа, кіші, ақ қызыл. - Сұйық тамақты шұңғыл тарелкеге құямыз. - Салат салуға арналған шыны, фосфор ыдыстарға. - Арнайы нан салатын ыдысқа - Қасықпен - Шанышқымен - Пышақпен
Балалар педагогті мұқият тыңдап, өз тәжірибелеріне сүйеніп, өткен сабақтарда алған мағлұматтарды естеріне түсіре отырып сұрақтарға жауап береді.
Балалар түлкі мен тырнаға көмектесіп, ыдыстарды топтастырады. Топтастырған ыдыстары туралы айтып береді.
Ойын аяқталғаннан кейін топтастырылған ыдыстарды түлкі мен тырнаға беріп, тамақ пісіру кезінде сақталатын ережелерді айтып береді.
Өленнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын , не уйренгендерін сұрайды.
Д /о: «Ыдыстарды топтастыр»№43 |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды, салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруді; ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылауды.
түсінеді: тамақ пісіруге, ішуге арналған ыдыстар мен құралдардың алуан түрлі болатынын; асхана ыдыстарының металдан жасалғандығын.
қолданады: ыдыс-аяқтар мен асхана құралдарын топтастыруды; дастарқан мәзірін жасауды; ыдыстарды сақтау ережелерін.
