Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zharatylystanu_36.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.79 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

ҰОІӘ: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Нан-ел байлығы».

Мақсаты: нан адамның ең басты талғамы екенін білуге, нан қалай жасалатынын, қалай еңбектенетінін айтып түсіндіру; адам еңбегіне, нанға деген құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: «Нан дастарханға қалай келеді?» суреті.

Билингвальдік компонент: Нан-Хлеб

Сөздік жұмыс: шаруалар, диқаншылар, бидайық, трактор- тракторшы, комбайн – комбайншы.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

І. Шаттық шеңбері.

«Сәлем, сәлем алтын күн!»

Балалар шеңбер тұрып амандасады, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

Ұйымдастыру

іздену

  • Тәрбиеші қала мен ауыл бейнесі бейнеленген бірнеше суреттерді мұқият қарауды ұсынады. Қала мен ауылдың айырмашылығы неде?

  • Ауылды адамдар немен шұғылданады?(Аылдағы адамдар егін егеді, үй жануарларын күтеді, көкө ністер өсіреді).

  • Бүгін біз сендермен шаруалардың негізі жұмысы туралы айтамыз.(Шаруалар деп ауыл еңбеккерлерін атайды.)

  • « Шаруалар » - сөзін қайталандар.

Үстел үстіне ақ нан, қара нан, ұннан жасалға тағамдар қояды.

Кім біледі мұнын бәрі неден жасалады?

Ал ұн деген не, оны неден алады?

Дәннен ұн ау үшін көп еңбек ету керек. Бірінші бидай мен арпа өседі, содан кейін егінді жинай ды. Бұл жұмыспен диқаншылар айналысады.

«Диқаншы » сөзін қайталандар. Диқаншы сөзінін мағынасын түсіндіру.

  • Бұл қандай жұмыс?

  • Дәнді дақылдарды қалай өсіреді?

  • Өсімдік өсу үшін не қажет?

  • Ал топырақ қандай болу керек?

Өсімдік жақсы өсу үшін жұмсақ, құнарлы топы рақ, су, күннің көзі, ауа қажет. Үлкен жерлерді қопсыту үшін техника көмектеседі. Бұл трактор. Тракторды кім жүргізеді.(Тракторшы). Балалар ға қайталату. Қопсытылған жерге басқа машина лар дән себеді. Жаз бойы дәндер сабақтарында пісіп жетіледі. Бұл кезде қырманды дала өте әдемі болады.

Сергіту сәті: « Көлеңке» ойыны.

Көлбең, көлбең, көлеңкем.

Көлбендеген көлеңкем

Тасып піскен бидайды

Айтшы қалай жинайды?

Комбайнмен бидайды

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан

Оны қалай қорғайды.

( Кіш, кіш! Қолдарымен көрсетеді.)

Қорғап қалған бидайды

Қырманға әкеп жинайды

Астық орған байлығы

Қамбаға дән сыймайды.

Егін өсіп, дәндері піскен соң оны комбайнбен жинайы. Комбайнды кім айдайды?(Комбайншы).

Балаларға қайталату.

Бидайды жүк машиналарына тиеп элеваторға апарады. Содан кейін диірменге апарды. Диірменде ұн тартады. Диірменнен наубайханаға апарады. Наубаханада түрлі тағамдар пісіреді.

«Нан дастарханға қалай келеді?»(хрест. к/ә ) әңгімесін оқу.

Слайн қарау. Әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс. Нанның суретін салу, бояу.

Ойын: «Не артық?»

Мақал жаттау. « Алтын, күміс тас екен,

Арпа, бидай ас екен »

Балалар нан тағамдары екенін айтады, неден жасалатынын айтады.

Ұзын, жеңішке, ұзын мұртшалары бар дән -дерді дөңгелектеу.

Сергіту сәтін орындайды.

Дәптермен жұмыс.

Ойынға қатысады.

Ойын ойнайды.

Мақал жаттады.

Рефлексифті түзету

Нан –еліміздің байлығы, оны қадірлеу керек. Ал енді, дастарханнан печенье, тоқаш, нан жесеңдер, оны әзірлеген адамдарға алғыс білдіріңдер.

«Ас атасы – нан» мақалын қайталау.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Мақал – мәтелді қайталайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]