- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Бекітемін ЖШС «Нур бала би »балабақшасы меңгерушісі:______________ А.К.Бекжанова 2016-2017 оқу жылы
Перпективалық жоспар
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: «Жаратылыстану».
№ |
Тақырыбы |
Оқу қызметінің бағдарламалық мазмұны |
Сағат саны |
1 |
Жанды табиғат және жансыз табиғат |
Жанды және жансыз туралы қарапайым тусінік беру. Беріл ген сұрақтың нақта жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғат қа деген сүйіспеншілігін арттыру,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
2 |
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер |
балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау. Күз мезгіліндегі өсімдіктер туралы түсініктерін тиянақтау. Адамдардың күзгі еңбегі туралы білімдерін кеңейту.Көкөністер(сәбіз,қияр,қызанақ,пияз,орамжапырақ,картоп) мен жемістер (алма,алмұрт,апельсин, мандарин, лимон) ажыратып топтастыруға,сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. .Қара пайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекетте рін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. |
1 |
3 |
Cу туралы не білеміз |
балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі,иіс); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу. |
1 |
4 |
Адамның баспанасы |
Адамдардың баспаналары:киіз үй,көп қабатты үй,пәтер,олардың айырмашылық тары,ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге,оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін тал қылауға үйрету.Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересе ктердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту.Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
5 |
Үй жиhаздары |
Үй жиһаздарының ерекшеліктері,қандай материалдан жасалған дығы,күнделікті тұрмыста пайдаланылуы,қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету.Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыла рын дамыту.Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып,олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
6 |
Күздік киімдер |
Күздік киім түрлері (бас, сырт, аяқ киім) туралы түсініктерін кеңейту. Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата топтас тыра білуге үйрету. Сөздік қорлаырын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу |
1 |
7 |
Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері |
Табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. қауіпсіздік ережесінсақтауға үйрету.Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларына қалыптастыру.Өзіне,өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.Ережені сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. |
1 |
8 |
Ыдыс-аяқ |
Ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын (шайдың ыдыстары: фарфордан, шыныдан жасалатындығы, түсі, көлемі, материалы, т.б.) күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету.Оларды сақтау ережелерімен таныстыру. Балалардың ой -өрісін, сөздік қорын, сөйлеушіні тыңдау, қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Құрдастарымен жақсы қарым- қатынас орнату. |
1 |
9 |
Үй жануарлары Қой, ешкі |
Үй жануарлары түйе,сиыр,жылқы,есек туралы түсініктерін кеңейте отырып, қой, ешкімен таныстыру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
10 |
Үй құстары |
Балалардың құстар,олардың тіршілік ету жайлары туралы түсініктерін кеңейту Үй құстарының тіршілігі туралы түсініп айтып беруге үйрету. Үй құстарына жасалған қамқорлығы туралы ұғымдарды қалыптастыру. Олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу |
1 |
11 |
«Нан-ел байлығы». |
Нан адамның ең басты талғамы екенін білуге, нан қалай жасалатынын, қалай еңбектенетінін айтып түсіндіру; адам еңбегіне, нанға деген құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
12 |
Ойыншықтар |
өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны), әңгімелеп айтып беруге үйрету. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу) бекіту. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жаңашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу. |
1 |
13 |
Асхана құралдары |
Тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі бола тынын (түсі, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатын дығы, жасалуы) айта отырып, бағыт-бағдар жасай білуін дамы ту. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау. Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып, ұқыпты лыққа , тазалыққа тәрбиелеу. |
1 |
14 |
Қазақстан Республикасының рәміздері |
Қ Р-ң рәміздерімен таныстыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне рәсім жасауды үйрету. Қазақстан Республикасының қазаіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету. Отанына, оның өткені мен бүгініне қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. |
1 |
15 |
Қысқы киімдер |
Қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге уйрету. Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. |
1 |
16 |
Жолда жүру ережесі |
Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тро туар), жол қиылысы, медициналық көмекпункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтауға тәрбиелеу. |
1 |
17 |
Көлік түрлері |
Балалардың көлік туралы білімдерін бекіту. Түрлі көлік түрлерін салыстыра білуге, олардың ерекшеліктерін, жалпы ұқсас белгілерін анықтауға үйрету.Қоғамдық: автобус, ұшақ, кеме, пойыз, трамвай туралы түсінік беруді жалғастыру. Өрт сөндіруші және жедел жәрдем медицина көлігімен таныстыру. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдететін көліктің маңызын түсіндіру. |
1 |
18 |
Ақпараттық құралдар |
Балалардың адам көмекшілері, электр тоғы, тұрмыстық техника туралы білімдерін кеңейту.Теледидар, радио, телефон, компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататыны туралы түсіндіру. Қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын жетілдіру. |
1 |
19 |
Сүт өнімдері |
Сүт өнімдерінен алынатын өнімдерге байланысты слайдтар немесе мазмұнды суреттер. Сүттін адам денсаулығына пайдасының мол екені туралы білімдерін кеңейту. |
1 |
20 |
Қазақтың ұлттық киімдері |
Ұлттық киімдермен (тақия, бүрмелі көйлек, камзол, шапан)таныстыру.олардың өзіндік ерекшеліктерімен(әшекей, өрнегі және т.б.)таныстырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра әңгімелеп беруге үйрету.Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. |
1 |
21 |
Ызғарлы Қыс келді(табиғатқа саяхат жасау) |
Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білу ге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары қардың жауғаны аяз туралы түсініктерін кеңейту. Беріл ген сұрақтың нақта жауа бын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлық пен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
22 |
Шымшық |
Шымшық туралы ұғымын жалғастыра отырып, шымшықпен таныстыру. Шымшықтың тіршілігі, басқа құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету. құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға тәрбиелеу. |
1 |
23 |
Орман көркі-ағаштар |
Туған өлке ,орманы ондағы ағаштардың түрлері туралы түсінік терін қалыптастыру. Орманды оттан қорғау жөнінде түсіндіру. Орманда экологиялық ережелерді сақтауды үйрету. Табиғатқа қамқорлық көзқарасын тәрбиелеу. |
1 |
24
|
Көктемгі еңбек құралдары |
Адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.Көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтарды ажыратып атай білуге, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсініп еңбек әрекетінде қолдана білуге үйрету.Таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және оның нәтежиелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. |
1 |
25 |
Ормандағы аңдар қысты қалай өткізеді? |
Ормандағы жануарлардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы кезеңгі бейімделуі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалар дың табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Туған өлкенің жануарларын қорғау мен қамқорлыққа алу сезімін |
1 |
26 |
Гүлзардағы раушангүл |
Гүлзардағы раушангүлімен таныстыру. Раушангүлін танып, басқа гүлдерден айырмашылығын айтып беруге үйрету. Олардың тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру. Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу |
1 |
27 |
Жәндіктер |
Көркемдік шығарманың көмегімен жәндіктермен таныстыру ды жалғастыру. Жәндіктердің сыртқы құрылысының ерекше ліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны, бейімделуі, жәндік тердің басты белгілерін анықтай алу туралы балалардың білімдерін жүйелеу. Танымдық қызығушылықтарын арттыру. |
1 |
28 |
Пияз отырғызу |
Пияздың әртүрлі болатындығы, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп-баптауға талпындыру. Зегггтеу, тежірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзіи және өзінің еңбегін бағалауга дағдыландыру. |
1 |
29 |
Бөлме өсімдігі хош иісті қазтамақ |
Өсімдіктердің, адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Қазтамақ өсімдігін танып, атай білу іскерліктерін дамыту. Гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін меңгерту. Жанды табиғат пен жансыз табиғат арасындағы байланыс туралы ұғымдарын кеңейту. Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
1 |
30 |
Қанқызы және құмырсқа |
Көркемдік шығарманың көмегімен жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. Жәндік тердің сыртқы құрылысының ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны, бейімделуі, жәндік тердің басты белгілерін анықтай алу туралы балалардың білімдерін жүйелеу отырып қанқыз және құмырсқамен таныс тыру. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Олар ға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу. |
1 |
31 |
Балапанды бақылау |
балапанды сыртқы орта көрінісіне қарап тани білуге, дене бөліктерін ажыратып айтып беруге үйрету. Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
32 |
Саңырау құлақтар |
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақпен саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып, айтып беруге үйрету. |
1 |
33 |
Кесіртке (бақылау жасау) |
Кесірткені танып айтып беруге үйрету. Кесірткенің тіршілігі қозғалу тәсілдері туралы ұғым беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу, кесірткені танып айтып беруге үйрету. |
1 |
34 |
Жасыл құрбақа |
Жасыл құрбақаны танып айтып беруге үйрету.Құрбақаның қозғалу тәсілдері,мекендейтін ортасы,қорегі туралы ұғым беру. Қосмекенділер туралы түсінігін кеңейту. Құрбақаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Ққрбақаны бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым қатынас орнату. |
1 |
35 |
Көктем кереметі Бөртегүл |
көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Бір ай бұрын суға салынған бөртегүл бұтағы мен далада өсіп тұрған бөртегүлге бақылау жасап салыстыра отырып, бөртегүл бұтасымен таныс тыру. Бақылаудың қорытындысын, нәтижесін айта білу іскерлі гін жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
1 |
36 |
Жаздық киімдер |
Жаздық киімдердің айырмашылығын айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне-өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
1 |
|
Барлығы: |
|
36сағат |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат.
Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру.Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып,айта білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жанды және жансыз табиғатқа байланысты суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын.
Билингвальдық компонент: живая и не живая природа
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
-Бүгін біз табиға аясына саяхан жасаймыз.Біздің айналамызда жасыл орман.Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік.Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған гулмен танысамыз.Мына керекметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады.Алайда бұл жылжыған көбелек екен.Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келеді.Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр.Мұқият тындаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе балақай! Табиғатты қорғай біл.Табиғат – ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп,өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңе мәңгі сақта» |
Балалар мұқият тыңдап отырады. |
Ұйымдастырушылық ізденістік
|
Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз. Бізді қоршаған орта: жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ұғымда білдіреді.Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді. Миға шабуыл: Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады? -Жансыз табиғатқа нелер жатады? -Дұрыс айтасыңдар , балалар,жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп өнетіндердің барлығы жатады екен.Яғни жанды табиғат өседі,тыныс алады,қоректенеді.Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді.Неліктен жансыз табиғат жанды табиғаттын тірегі деп айтады? Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен.Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік. «Жалғасын тап» ойыны.№48 Жансыз табиғат- ...(ай,жұлдыз,тас,су,ауа,тау т.б.) Жанды табиғат- ...(гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық) Жанды табиғат жансыз табиғатсыз ... (тіршілік ете алмайды).
-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар? -Сендерге таулы, орманды жер ұнайма? -Қалай ойлайсыңдар, қалалы жердің ауасы таза ма, орманның ауасы тазама? -Неліктен? -Дұрыс айтасыңдар, орманда ауа таза болады.Сондықтандажануарларға ол жер ұнайды. -Ал қалада ауның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады? -Міне, балалар, ағаштар мен гүлдердің өсу жолдары ( педагог суреттен көрсетеді). Психогимнастика, (баяу музыка ойнайды).Балалар, біз қазір гүлдің тұқымы боламыз.Көздеріңді жұмыңдар.Сендерге қараңғы болып тур.Себебі: сендерді енді ғана топыраққа отырғызады.Кенеттен сендер жылуды сезесіңдер.Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар.Сөйтіп жер бетіне шықтыңдар.Күн сендерге өзінің шуағын төгіп тұр.Сендер одан сайын өсе бастадыңдар.Енді жаңбыр жауа бастады.Сендер жаңбырдыңсуын ішіп, одан да биіктеп өсе бастадыңдар.Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып,кішкентай түйнек пайда болды.Ол түйнек үлкейіп, әдемі гүл болды.Міне, балалар, сендер мынандай әдемі гүл болып өстіңдер (суреттен көрсетеді).
-Балалар , сендерге гүл болған ұнайма ма? -Демек, кез келген өсуі үшін уақыт керек екен.Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді.Бұл ағаштарды сындыруға болмайды,себебі: оларда өсіп өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді. -Қалай ойлайсыңдар семішкенің тұқымын тәрелкеге салып қойса өседі ме? -Неге өспейді? Дәптермен жұмыс.Педагог дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді. |
-өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады. -өйткені өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға су, ауа керек.Олар онсыз өмір сұре алмайды.Сол себепті. -Тау, тас, ауа, су жатады.
ай,жұлдыз,тас,су,ауа,тау гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық тіршілік ете алмайды
Балалар сұраққа ойланып жауап береді.
Балалар педагогтің түсіндіруімен және көрсетуімен баяу музыка әуеніне қарай гүлдің өсу жолдарын көрсетеді.
-Ұнады.
-Жоқ өспейді.Оны топыраққа отырғызып, күтіп бастаса ғана өседі.
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Балалар көңіл-күйлерін дәптердегі ьаңбаларға белгілейді. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын.жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
түсінеді: жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансызтабиғатсыз жанды табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.
қолданады: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп-баптауды.
