- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған «металлургия өндірісінің технологиясы - 1» пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау
- •Металлургиялық үрдістер теориясының негіздері
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •1. Ішкі энергия, энтальпия (Гесс заңы)
- •Домналық балқытудың шикіқұрамдары
- •1. Теориялық бөлім
- •5. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •3. Кокстың органикалық заты нені білдіреді?
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Отын, отынның жануы
- •1. Теориялық бөлім
- •3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Кен байыту
- •1. Теориялық бөлім
- •3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Агломерация
- •1. Теориялық бөлім
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Шикіқұрамдық материалдың ыдырауы және тотықсыздануы
- •1. Теориялық бөлім
- •2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Домна үрдісі
- •1. Теориялық бөлім
- •3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Шойын өндірісі
- •1. Теориялық бөлім
- •6. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Шойын мен қождың түзілуі
- •1. Теориялық бөлім
- •2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Мартен үрдісі
- •1. Теориялық бөлім
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Конвертерлі үрдіс
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Әктің қождамалаушы қабілеті
- •100Кг СаСо3 - 56кг СаО,
- •100Кг СаСо3 - 44кг со2,
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Болатты қышқылсыздандыру
- •1. Теориялық бөлім
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Қышқылсыздандырудан кейінгі балқытудың материалдық теңдігі
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Түсті металдар өндірісі
- •1. Теориялық бөлім
- •5. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Берілген мысал арқылы so2 - нің парциалды қысымын тапсырма нұсқалары бойынша есептеу
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Ферровольфрамды балқытудағы шикіқұрамды есептеу
- •1. Теориялық бөлім
- •8. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Материалдық тепе - теңдік
- •1Т қорытпаға кететін материалдар шығыны, кг:
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Ферротитанды балқытудағы шикіқұрамды есептеу
- •Материалдық тепе - теңдік
- •Материалдық тепе - теңдік
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Отын, отынның жануы
Жұмыстың мақсаты: Отынның жылу шығару қабілеттілігін оқу.
Жұмыс жоспары:
1. Теориялық бөлім
2. Отынның жылу шығару қабілеті
3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Кілт сөздер: Отын, гигроскопиялық ылғал, жылулық эффекттер.
Бақылау сұрақтары:
1. Жылу шығару қабілеті деп нені атайды?
2. Гесс заңы нені білдіреді?
3. Жылулық эффект деп нені атайды?
4. Жоғары жылу шығару қабілетін есептеу формуласы.
5. Төмен жылу шығару қабілетін есептеу формуласы.
Глоссарий:
1. Отынның жылу шығару қабілеті - салмағының бірлігі толық жанғандағы бөлінетін жылу мөлшері (немесе көлем - газ үшін).
2. Химиялық реакцияның жылулық эффектісі - тұрақты көлемде немесе қысымдағы тек сыртқы қысымға қарсы жұмыстан басқа ешқандай жұмыс жасамайтын жүйе, бастапқы заттар мен өнім сол бір температурада болатын күйдегі реакция өтуі кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.
Теориялық бөлім
Отынның жылу шығару қабілеті
Салмағының бірлігі толық жанғандағы бөлінетін жылу мөлшері (немесе көлем - газ үшін). Қатты және сұйық отынның жылу шығару қабілеті ккал / кг түрінде өрнектеледі, ал газтәрізділер үшін - ккал / нм3.
Гесс заңы бойынша органикалық қосылыстың жану жылуы, сутек пен көміртегі бар жиынтық жану жылуымен қосылыстың молекулаларының түзілу жылуы арасындағы өзгерісіне тең.
Отынның жылу шығару қабілеті келесі өрнекпен анықталады:
Qш = 8l,37 · Cж + 341,8(Hж - Ож / 8) + 21,81Sж ккал / кг, (3.1)
мұндағы, Сж, Hж, Oж, Sж - көміртектің, оттектің, сутектің, күкірттің отынның жұмысшы массасындағы құрамы, %.
Бұл формула арқылы отынның жұмысшы массасы бойынша жоғары жылу шығару қабілетін есептейді (Qш), гигроскопиялық ылғалды есепке алмағанда және егер сутек сұйық су түзе тотықса. Практикада отынды жаққанда түзілген су бу болып кетеді, демек, әрбір тотығатын сутек пайызына 289,05ккал жылу бөлінеді, гигроскопиялық ылғалдың булануына шамамен 600ккал / кг кетеді. Түзетулерді енгізіп, практикалық жағдайлардағы жануға жауап беретін, отынның жылу шығару қабілетін есептейтін формула аламыз:
Qт = 81,37Сж + 289,05(Нж - Oж / 8) + 21,81Sж - 6WРж ккал / кг, (3.2)
мұндағы, Wж - отынның жұмысшы массасындағы гигроскопиялық ылғалдың үлесі.
Мысал №1
Тас көмір келесі құрамға ие: 71,20% Сж, 4,95% Нж, 9,20% Ож, 1,42% Nж, 0,80% Sж, 9,33% Аж, 3,10% Wж, Σ = 100%. Оның жылу шығару қабілетін анықтау керек.
Шешімі:
Формула (3.1) бойынша жоғары жылу шығару қабілетін есептеу:
Qш = 81,37Сж + 341,8(Hж - Oж / 8) + 21,81Sж ккал / кг,
Qш = 81,37 · 71,20 + 341,8(4,95 - 9,20 / 8) + 21,81 · 0,80 = 7110ккал / кг.
Формула (3.2) бойынша төмен жылу шығару қабілетін есептеуге болады:
Qт = 81,37Сж + 289,05(Нж - Ож / 8) + 21,81Sж - 6Wж = 6891ккал / кг.
Мысал №2
Генераторлы газдың жылу шығару қабілетін анықтау, құрамы: 2,80 об. % СО2, 30,3 об. % СО, 3,10 об. % СН4, 0,25 об. % С2Н4, 12,20 об. % Н2, > 51,35 об. % N2.
Шешімі:
Газ қоспасының компоненттерінің жануының жылулық эффектілерін қолдана отырып:
СН4 үшін:
СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О (пар) + 192400ккал / кг · моль немесе ккал / 22,4м3,
СО үшін:
СО + 1 / 2O2 = СО2 + 68220ккал / кг · моль немесе ккал / 22,4м3,
С2Н4 үшін:
С2H4 + 3О2 = 2СО2 + 2H2О (пap) + 319000ккал / кг · моль немесе ккал / 22,4м3,
Н2 үшін:
H2 + 1 / 2O2 = Н2O (пар) + 57810ккал / кг · моль немесе ккал / 22,4м3,
1м3 газдағы жанатын компоненттердің жылулық эффекттердің қосындысы ретінде газдың жылу шығару қабілетін шығарамыз:
Qт
=
68220 · 0,303 + 192400 · 0,031 + 319000 · 0,0025 + 57810 · 0,122
/ 22,4 = 1544ккал / м3.
Мысал №3
Тас көмір келесі құрамға ие: 80,0% Сж, 5,0% Нж, 6,0% Ож, 1,0% Nж, 5,0% Аж, 3,0% Wж, Σ = 100%, ауа артығымен жанады 60%. Анықтау керек: 1) 100кг көмірді жағуға ауа шығынын, 2) 100кг көмірдің қалыпты жағдайда жанған өнімдердің шығыны, 3) көлемді және салмақты пайыз түрінде түтіннің құрамы және 1м3 түтін салмағын.
Шешімі:
1. Алдымен ауаның теориялық шығынын есептеп аламыз. Көмірдің жанғыш компоненттері мына реакция бойынша жанады:
C + O2 = CO2, 2Н2 + О2 = 2H2O,
Осыдан көріп тұрғандай, 1кг көміртегі толық жануына 32 / 12 = 8 / 3кг оттегі керек, 1кг сутекке 32 / 4 = 8кг оттегі керек.
Демек, 100кг көмірдегі 80,0кг көміртегіні толық жануына 8 / 3 · 80,0 = 213,3кг оттегі және 5,0кг сутекті жағу үшін 8 · 5,0 = 40,0кг оттегі, демек барлығы 253,3кг, ал көмірде 6,0кг оттегі бар. Сонымен ауамен бірге 247,3кг оттегі жіберу керек.
Егер ауада 1сал. с. оттегіге 3,31сал. с. азот келетін болса, онда 247,3кг оттегімен қатар 247,3 · 3,31 = 818,6кг азот салынады. Теориялық ауа шығыны құрайды: 247,3 + 818,6 = 1065,9кг.
Ауаның шығыны 60% болса, онда ауаның толық шығыны 1065,9 · 1,6 = 1705,4кг немесе 1705,4 / 1,293 = 1319м3 - ке тең.
2. Жанған өнімдерге түседі: СО2, жанғанда алынған көміртек; Н2О, сутегінің жануы кезінде пайда болған, отынның ылғалдылығы; О2, артық аудағы, және барлық N2, толық ауа шығынымен түскен. Артық ауаның мөлшері 1705 - 1065,9 = 639,5кг, ондағы оттегінің мөлшері (639,5 · 23,2) / 100 = 148,4кг. Осылай жанған өнімдер құрамына кіреді:
CO2 = 80 · 44 / 12 = 293,3кг немесе 293,3 · 22,4 / 44 = 149,3нм3 0о және 1ат қысымда,
H2O = 5 · 36 / 4 + 3,0 = 48,0кг немесе 48 · 22,4 / 18 = 59,7нм3 0о және 1ат қысымда,
N2 = 1705,4 · 73 / 100 + 1,0 = 1310,7кг немесе 1310,7 · 22,4 / 28 = 1048,6нм3.
Жанған өнімдердің шығуы 1800,4кг немесе 1361,5нм3 құрайды.
3. Түтіннің пайыздық құрамы есептен анықталады:
CO2
=
293,3 · 100 / 1800,4 = 16,3%
вес.
немесе
149,3 · 100 / 1361,5 = 11об. %,
H2O = 48 · 100 / 1800,4 = 2,7 немесе 59,7 · 100 / 1361,5 = 4,4,
O2 = 148,4 · 100 / 1800,4 = 8,2 немесе 103,9 · 100 / 1361,5 = 7,6,
N2 = 1310,7 · 100 / 1800,4 = 72,8 немесе 1048,6 · 100 / 1361,5 = 77,0.
Түтін салмағы 1нм3 0оС және 1ат қысымда 1800,4 / 1361,5 = 1,322кг құрайды.
