Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МҮТ (практикалық жұмыстар).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
397.37 Кб
Скачать

1. Ішкі энергия, энтальпия (Гесс заңы)

2. Ерітінділер

3. Физико-химиялық тепе - теңдіктің негізгі заңдары

Блиц - тест:

1. Бір фазада (негізінен сұйық немесе газтәріздес) болатын, реагенттер қатысатын, реакцияларды айтады:

a) Гомогенді

b) Гетерогенді

c) Эндотермиялық

d) Экзотермиялық

e) Изобаралық

2. Кремниймен, алюминиймен және ферроқорытпамен еріген оттекті жою үрдісі қалай аталады?

a) Ыдырау

b) Тотығу

c) Қышқылсыздандыру

d) Тотықсыздану

e) Орын басу

3. Гомогенді және гетерогенді жүйелердің физико-химиялық тепе - теңдігінің негізгі заңдарына қандай заңдар жатады?

a) Нернст заңы мен Гесс заңы

b) Массалар әрекеті және қышқылсыздандыру заңдары

c) Гиббс заңы мен Гесс заңы

d) Массалар әрекеті және үлестірілу заңдары

e) Нернст заңы және массалар әрекеті және үлестірілу заңдары, тотығу

4. Егер зат күйінің активтілігі а = 1, бұл қалай аталады?

a) Тұрақты күймен

b) Стандартты күймен

c) Стандартты емес күймен

d) Химиялық күймен

e) Физикалық күймен

5. Энтальпия теңдігі:

a) Н = U + PV

b) ΔН = Н2 - Н1

c) Qр = Н

d) G = Н - TS

e) Q = А + ∆U

Практикалық сабақ №2

Домналық балқытудың шикіқұрамдары

Жұмыстың мақсаты: Домна үрдісіне арналған материалдармен танысу.

Жұмыс жоспары:

1. Теориялық бөлім

2. Домна үрдісінің отындары

3. Домна үрдісінің қождамалары

4. Есеп шығару мысалдары

5. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

Кілт сөздер: Гематит, магнетит, сидерит, қождама.

Бақылау сұрақтары:

1. Темір кенінің мағынасы неде?

2. Сидерит дегеніміз не?

3. Кокстың органикалық заты нені білдіреді?

4. Қождамалар не үшін қызмет етеді?

5. Қождама ретінде не қолданады?

Глоссарий:

1. Гематит - Fe2O3 темірінің сусыз тотығы. Таза гематитте темірдің құрамы - 70%.

2. Магнетит - Fe3O4 темірінің магнитті тотығы. Таза магнетитте темірдің құрамы - 72,4%.

3. Сидерит - FeCO3 (48,2% Fe) көмірқышқылды темір.

4. Қождама - берік дәрежелі балқытуда қож түзу мақсатында металл балқымасына қосылатын қоспалар атауы.

Теориялық бөлім

Темір және олардың қоспаларын (шойын және болат) алу үшін бастапқы материал темір кені болып табылады. Темір кені деп қазіргі заманғы техниканың дамуына сай, темір құрамы осындай көлемде және осындай мөлшерде экономикалық жағынан алуға тиімді тау жынысын атаймыз.

Темір кені 60 - 90% (масса бойынша) кен минералынан құралған, қалғаны - бос жыныс. Көптеген темір кендері сонымен қоса, жүздеген үлестерден бірнеше пайызға дейін зиянды немесе пайдалы қоспаларды құрайды.

Негізгі теміркенді минералдарға:

1. Гематит - Fe2O3 темірінің сусыз тотығы. Таза гематитте темірдің құрамы - 70%. Кентүзеуші минералы гематит болып табылатын темір кені қызыл теміртас деп аталады.

2. Магнетит - Fe3O4 темірінің магнитті тотығы. Таза магнетитте темірдің құрамы - 72,4%. Басқа теміркенді минералдардан магниттік құрамымен ерекшеленеді. Кен түзуші минералы магнетит болып табылатын темір кені магнитті теміртас деп аталады.

Магнетитті FeO  Fe2O3 темірінің ашыған тотығы деп қарауға болады. FeO құрамына байланысты К мен сипатталатын тотығу дәрежесі өзгереді:

К = Feжалпы / FeFeO.

Таза магнетит үшін К = 3, ал таза мартит үшін шексіз үлкен. Сондықтан, К  3,5 кенін магнетит, К = 3,5-7,5 - жартылай мартит және К > 7,5 - мартит деп атау қабылданған.

3. Темірдің гидрототықтары - Fe2O3  nH2O - n­ - нің мөлшеріне байланысты әртүрлі минералдар түзеді. Кен түзуші минералдары темір гидрототықтары болып табылатын темір кендері қоңыр теміртас деп аталады.

4. Сидерит - FeCO3 (48,2% Fe) көмірқышқылды темір. Сидериттен құралған темір кені шпатты теміртас деп аталады.

Темір кендері құрылысы бойынша әдетте кен түзуші минералдар бос жынысты минералдармен механикалық қоспаны сипаттайтын қатты материалдар болып табылады.

Темір кенінің бос жынысы құрамында темір болмайтын минералдар деп аталады. Кендердің бос жынысы негізінен әдетте түрлі қоспа түрінде болатын SiO2, Al2O3, CaO және MgO - дан тұрады. Темір кендеріндегі бос жыныстардың мөлшері 10 - 40% аралығында болады.

Кендегі бос жыныстың негізділігі:

В = (CaO + MgO) / (SiO2 + Al2O3),

мұндағы, CaO, MgO, SiO2, Al2O3 - кендегі сәйкес тотықтардың құрамы, %.

Кен В < 1 кезінде қышқылды, В > 1 кезінде негізгі бос жыныс болады. Егер, В = 1 болса, онда кеннің бос жынысы өздігінен балқитын деп аталады. Кейбір темір кендерінің химиялық құрамы 2.1 - ші кестеде келтірілген.