Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МҮТ (практикалық жұмыстар).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
397.37 Кб
Скачать

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Барлық материалдан қожға түсетін SiO2 мөлшерін анықтау қажет.

2. Конвертерлі балқыманың материалдық тепе - теңдігін құру қажет. Бокситтің орнына балқымалы шпатты қолдана отырып, CaF2 95%, SiO2 5% құрайтын конвертерлі балқыманың материалдық тепе - теңдігін құрыңыз. Шойын : скрап қатынасы - 75:25. Бастапқы берілгендері жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай.

3. Сыйымдылығы 350т болатын конвертер үшін барлық металдық ваннаны қышқылдандыруға қажетті техникалық оттегінің мөлшерін анықтау қажет.

4. Балқымалы шпатты (95% CaF2, 5% SiO2) қолдана отырып шикіқұрамды есептеңіз. Шойын : скрап қатынасы - 74 : 26.

Шикіқұрам құрамы: шойын - 4,0% С, 0,7% Mn, 0,9% Si, 0,25% P, 0,04% S.

Болаттың скрап қалдықтары 08кп.

Қышқылсыздануға дейінгі болаттың құрамы: 0,09% С, 0,11% Mn, 0,035% P, 0,03% S, 0,042% O2.

Болаттың берілген маркасы 10кп.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Конвертерлік балқыту

2. Конвертер үрдісінің тарихы

3. Конвертер үрдісінің перспективті дамуы

Блиц - тест:

1. Үрлеу неше негізгі параметрлермен жүргізіледі?

a) 1

b) 2

c) 3

d) 4

e) 5

2. Шикіқұрам есебі - ................................., әктің және басқа да компоненттердің қажетті шығындарының анықтамасы.

a) Оттегінің

b) Кеннің

c) Кокстың

d) Тотықсыздандырғыштардың

e) Қышқылсыздандырғыштың

3. Қазіргі кезде конвертерлік цехтағы оттегі қысымы құрайды:

a) 1,4 - 2,0МПа

b) 1,5 - 2,0МПа

c) 1,6 - 2,0МПа

d) 1,7 - 2,0МПа

e) 1,8 - 2,0МПа

4. Үрлеуде оттегі неғұрлым жоғары болса, болатта азот соғұрлым…...... болады.

a) Жоғары

b) Төмен

c) Аздап жоғары

d) Аздап төмен

e) Өте аз сан

5. Футеровканың есебі садка массасының…… - на тең.

a) 0,6%

b) 0,4%

c) 0,5%

d) 0,3%

e) 0,7%

Практикалық сабақ №12

Болатты қышқылсыздандыру

Жұмыстың мақсаты: Болатты қышқылсыздандыру үрдісімен танысу.

Жұмыс жоспары:

1. Теориялық бөлім

2. Қышқылсыздандырудан кейінгі балқытудың материалдық тепе - теңдігі

3. Есеп шығару мысалдары

4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

Кілт сөздер: Оттек, тереңдетілген, диффузиялы, қайнаған болат.

Бақылау сұрақтары:

1. Болатты қышқылсыздандыру үшін қандай әдістер қолданылады?

2. Қышқылсыздандырғыш ретінде нені пайдаланады?

3. Қышқылсыздандыру сатысы бойынша болат қалай жіктеледі?

Глоссарий:

1. Болатты қышқылсыздандыру - металдағы еритін оттек металда ерімейтін қоспаға өткенде немесе металдан жойылғандағы технологиялық операция.

Теориялық бөлім

Қышқылсыздандыру болатты балқытудағы ең соңғы әдіс болып табылады.

Металдағы еритін оттек металда ерімейтін қоспаға өткенде немесе металдан жойылғандағы технологиялық операция қышқылсызданған деп аталады. Қышқылсыздандыру операциясынан кейін болатты қышқылсызданған деп атайды.

Болатты қышқылсыздандырудың келесідей әдістері бар:

- тереңдетілген;

- диффузиялы;

- синтетикалық қождармен өңдеу;

- вакууммен өңдеу.

Қышқылсыздандырғыш ретінде, темірге қарағанда, оттекке көбірек жақын болатын элементтерді қолданады. Бұл элементтерді таза күйінде, не болмаса темірмен қосылысы ретінде, яғни ферроқорытпа (ферросилиций, ферромарганец және т.б.) ретінде қолданады.

12.1 - ші кестеде кеңінен таралған қышқылсыздандырғыштардың химиялық құрамы келтірілген.

Ең әлсіз қышқылсыздандырғыш болып марганец саналады, алюминий - күшті қышқылсыздандырғыш, ал кремний - өте күшті қышқылсыздандырғыш.

Болат, қышқылсыздандыру әдісіне байланысты, үш түрге жіктеледі:

- қайнаған (қн);

- тыныш (тн);

- жартылай тыныш (жт).

Кесте 12.1 - Қышқылсыздандырғыштардың химиялық құрамы

Қышқылсыздандырғыш

С

Si

Mn

P

S

Cr

Ферромарганец

6,50

1,50

71,5

0,35

0,04

-

Ферромарганец:

төмен көміртекті

0,5

1,5

80,0

0,30

0,03

-

Көміртекті ФМН - 70

6,0

1,5

71,5

0,35

0,04

-

Ферросилиций ФС - 45

0,2-0,5

43-50

0,8

0,05

0,04

-

ФС-75

0,2-0,5

72-78

0,7

0,05

0,04

-

Силикомарганец

1,0

20,0

65,0

0,10

0,02

-

Феррохром

0,60

2,5

1,0

0,10

-

50,0

Қайнаған болатты марганецпен, жартылай тыныш болатты марганецпен және кремниймен қышқылсыздандырады. Тыныш болатты марганецпен, кремниймен, алюминиймен қышқылсыздандырады.

Ферроқорытпалардың шығыны келесі формула бойынша анықталады:

х = а · Т / в · с · 100, кг (12.1)

мұндағы, х - ферроқорытпалардың қажетті шамасы, кг; а - дайын болаттың орташа құрамынан, қышқылсыздандыру алдында науадағы дайын болаттың қалдығының құрамын азайтқанға тең болатын, болатқа енгізуге қажетті заттың саны; в - қышқылсыздандырғыштағы қышқылсызданатын заттың құрамы, %; с - қышқылсызданатын затты меңгеру с = 100 - У,

мұндағы, У - жану көлемі, %; Т - балқыту массасы, кг.