- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған «металлургия өндірісінің технологиясы - 1» пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау
- •Металлургиялық үрдістер теориясының негіздері
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •1. Ішкі энергия, энтальпия (Гесс заңы)
- •Домналық балқытудың шикіқұрамдары
- •1. Теориялық бөлім
- •5. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •3. Кокстың органикалық заты нені білдіреді?
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Отын, отынның жануы
- •1. Теориялық бөлім
- •3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Кен байыту
- •1. Теориялық бөлім
- •3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Агломерация
- •1. Теориялық бөлім
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Шикіқұрамдық материалдың ыдырауы және тотықсыздануы
- •1. Теориялық бөлім
- •2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Домна үрдісі
- •1. Теориялық бөлім
- •3. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Шойын өндірісі
- •1. Теориялық бөлім
- •6. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Шойын мен қождың түзілуі
- •1. Теориялық бөлім
- •2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Мартен үрдісі
- •1. Теориялық бөлім
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Конвертерлі үрдіс
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Әктің қождамалаушы қабілеті
- •100Кг СаСо3 - 56кг СаО,
- •100Кг СаСо3 - 44кг со2,
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Болатты қышқылсыздандыру
- •1. Теориялық бөлім
- •4. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Қышқылсыздандырудан кейінгі балқытудың материалдық теңдігі
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Түсті металдар өндірісі
- •1. Теориялық бөлім
- •5. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Берілген мысал арқылы so2 - нің парциалды қысымын тапсырма нұсқалары бойынша есептеу
- •Практикалық есептердің мысалдары
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Ферровольфрамды балқытудағы шикіқұрамды есептеу
- •1. Теориялық бөлім
- •8. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Теориялық бөлім
- •Материалдық тепе - теңдік
- •1Т қорытпаға кететін материалдар шығыны, кг:
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Ферротитанды балқытудағы шикіқұрамды есептеу
- •Материалдық тепе - теңдік
- •Материалдық тепе - теңдік
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
lgPco2 = - 8920 / Т + 6,55МПА қолдана отырып, «химиялық қайнау» (Тх. к) әктастың үдемелі ыдырауы жүргендегі температурасын анықтау? Егер пештегі қысым келесідей құраса: 1 - 1, 2 - 1,5, 3 - 2,0, 4 - 2,2, 5 - 2,4, 6 - 2,5, 7 -2,8, 8 - 3,0, 9 - 3,2, 10 - 2,7МПа.
Мәнжазба тақырыптары:
1. Байкова А.А теориясы.
2. Темір тотықтарының тотықсыздануы
3. Динамикалық қайнау
Блиц - тест:
1. Тотықсыздану кезінде оттегі қандай затқа өтіп кетеді?
a) Тотықсыздандырғышқа
b) Тотықсызданғанға
c) Тотыққанға
d) Тотықтырғышқа
e) Бейтарапқа
2. Қандай температурада домна пешіндегі СаСO3 ыдырауы қарқынды жүреді?
a) ~ 880°С
b) ~ 890°С
c) ~ 980°С
d) ~ 1000°С
e) ~ 990°С
3. Қатты отынның көміртегісінің жануы қай жанасу бетінде үдей түседі?
a) Кокс пен көрік газдарының
b) Кокс пен металдың
c) Металл мен қождың
d) Қож бен газдың
e) Металл мен газдың
4. Жеңіл тотықсызданатын темір тотығы:
a) Fe3O4
b) FeO
c) Fe2O3
d) Fe2O
e) Fe2O5
5. Домна пешінің шикіқұрамынан 1кг әктасты алу нені үнемдеуге әкеледі?
a) 0,45 - 0,80кг коксты
b) 0,35 - 0,40кг коксты
c) 0,35 - 0,40кг агломератты
d) 0,25 - 0,40кг қождаманы
e) 0,15 - 0,50кг ломды
Практикалық сабақ №9
Шойын мен қождың түзілуі
Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакция мәліметі бойынша түзілген шойын мен қождың жалпы мөлшерін анықтау, және металл мен қождың аралығындағы күкірттің үйлестірім коэффициентін анықтау.
Жұмыс жоспары:
1. Теориялық бөлім
2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Кілт сөздер: Домна, шойын, карбид, десульфурация, балқу температурасы, көміртегі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қождың меншiктi шығымы дегеніміз не?
2. Металдың көмiртектенуi дегеніміз не?
3. Агломерат дегеніміз не, домна пештерінде қолданғанда қандай сапасын көрсетеді?
4. Металл және қождың шығымы дегеніміз не?
Глоссарий:
1. Шойын - құрамында 4 - 6% - дан аспайтын көміртегі мөлшері бар темір құрамдас балқыма.
2. Карбид - көміртегінің басқа элементтермен химиялық қосылысы.
Теориялық бөлім
Домна пешінде негізгі карбюризаторлар болып қатты көміртек пен көміртек тотығы саналады (СО). Газтектес көміртек тотығының металлургиялық темірге әсер ету жолымен темір карбиді алынуы мүмкін.
3Fе + С = Fe3C, (9.1)
3Fe + 2CО = Fе3С + СО2. (9.2)
Шойын көп компонентті қорытпа болып табылады, ондағы көміртектің ақырғы мөлшері басқа компонеттерге тәуелді болады. Шойын құрамындағы қоспалар, металл карбидінде пайда болған марганец, хром, ванадий, титан сияқты ерігіштер - шойын құрамындағы көміртек мөлшерін жоғарлануына әкеледі. Кремний, фосфор және күкірттің бар болуы шойындағы көміртек мөлшерінің азаюына әкеліп соқтырады. Шойындағы көміртек мөлшерін А.Д. Готлиб кәсiби формуласы бойынша анықталады:
[С] = 4,6 - 0,27[Si] - 0,32[Р] + 0,03[Мn] - 0,032[S], (9.3)
мұндағы, [С], [Si], [Р], [Мn] және [S] - сәйкесiнше көмiртек, кремний, фосфор, марганец және күкiрттiң шойындағы мөлшері %.
Тотықсызданбаған темір кенінің тотықтарының, қождамалардың және кокс күлдерінің домна пешінде жоғары температурада қызып еруінің нәтижесінде сұйық қож пайда болады.
Пешке түскен материалдардың мөлшеріне байланысты, пеште алғашқы, аралық және түпкi қождар түзіледі. Қож құрамы балқытылған шойын түрімен, шикізат құрамымен, домналық балқытылуында қабылданған технологиямен және өзге факторлармен анықталады.
Қождың негiзгi қасиеттерi: балқу температурасы, тұтқырлық және күкіртжұтқыш қабiлеттiлiгі болып табылады.
Домна пешіндегі десульфурацияның реакциясы келесідей болады:
[FeS] + (СаО) = (FеО) + (СаS) + C = [Fe] + CO + (CaS). (9.4)
Егер күкірттің шойын мен қож арасындығы ыдырау коэффициенті белгілі болса: L = (S) / [S], онда күкірттің шойындағы мөлшерін келесі формуламен анықтаймыз:
[S] = Sқалд / Ls · n + 1, (9.5)
мұндағы, Sқал - пештегі күкірттің қалдық саны; n - қождың салыстырмалы саны.
