Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МҮТ (практикалық жұмыстар).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
397.37 Кб
Скачать

Шикіқұрамдық материалдың ыдырауы және тотықсыздануы

Жұмыстың мақсаты: Домналық балқытуда материалдардың ыдырау және тотықсыздану әдісін есептеуді меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1. Теориялық бөлім

2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

Кілт сөздер: Домна, шикіқұрамдық материалдар, тотықсыздану, көміртек, сутек.

Бақылау сұрақтары:

1. Домна пештерінде өтетін негізгі диссоциация реакцияларын атаңыз.

2. Домна пештерінде қолданылатын негізгі отын түрлерін атаңыз.

3. Тотықсыздану дегенді қалай түсінесіз?

4. Домна өндірісінде тотықсыздандырғыш ретінде не қолданылады?

Глоссарий:

1. Жанама тотықсыздану - тотықтардың газ тектес заттар арқылы тотықсыздануы.

2. Тікелей тотықсыздану - тотықтардың қатты көміртек арқылы тотықсыздануы.

Теориялық бөлім

Бастапқы бөлімде келтірілген тапсырмалар физика, химия пәнінен алған білімді қайта еске түсіреді және ол домналық үрдісті оқып білу барысында қажет болады.

Екінші бөлім тапсырмалары - домна пешінде негізгі химиялық реакция үрдістерінің тепе - теңдік есептеулері.

Пешке тиелген шикіқұрам материалдар жоғары температуралы газдар әсерінен қызады. Кокстан ылғалдылық пен ұшқыш заттар жойылады, карбонаттар ыдырап кетеді, әртүрлі элементтердегі тотықтардың тотықсыздануы жүреді.

Домналық пешке карбонаттар әктас күйінде түседі - СаСО3, доломит - СаСО3, МgСО3, марганец карбонаттары - МnCO3. Карбонаттардың жалпы ыдырау реакциясы:

МеСО3 → МеО + СО2 - Q. (6.1)

Домналық пеште негізінен темір тотығы және Si, Mn, P тотықтары тотықсызданады. СО2 және Н2 газдары, қатты көміртек тотысыздандырғыш болып табылады. Газ тектес заттар арқылы тотықсыздануды жанама тотықсыздану деп атайды. 570С температурадан жоғары тотықсыздану үш сатыдан тұрады:

көміртек тотығымен:

3Fe2O3 + CO → 2Fe3O4 + CO2, (6.2)

Fe3O4 + mCO → 3FeO + CO2 + (m - 1)CO, (6.3)

FeO + nCO → Fe + CO2 + (n - 1)CO, (6.4)

сутекпен:

3Fe2O3 + Н2 → 2Fe3O4 + Н2О, (6.5)

Fe3O4 + kН2 → 3FeO + Н2О + (k - 1)Н2, (6.6)

FeO + jН2 → Fe + Н2О + (j - 1)Н2. (6.7)

Осы теңдіктердегі m, n, k, j температураға тәуелді коэффициенттер, көрсетілген бағыттағы реакция ағысының қажетті тотықсыздандырғыштардың шығынын мінездейді. Оларды тепе - теңдік газ қоспалары диаграммасы арқылы, сәйкес реакция үшін анықтауға болады. Қатты көміртек арқылы тотықсыздануды тікелей тотықсыздану деп атайды.

3Fе2O3 + С → 2Fе3О4 + СО, (6.8)

3O4 + С → 3FеО + СО, (6.9)

FеО + С → Fе + СО. (6.10)

Қатты көміртек арқылы тотықсыздандырғанда газдық фазаны көміртек тотығымен байытады, осыдан кейін ол темір тотығын тотықсыздандыруға қатыса алады.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. 1кг көміртек жағу үшін қанша оттек қажет (м3 және кг)? 1кг кокс (А = 9,2%, ылғалдылық = 5%). Оттек жанады: а) көміртек тотығына дейін в) көміртек дитотығына дейін.

2. 1кг көміртек жағу үшін қанша құрғақ ауа қажет (м3 және кг)? 1кг кокс (А = 9,2%, ылғалдылық = 5%). Оттек жанады: а) көміртек тотығына дейін в) көміртек дитотығына дейін.

3. 1кг көміртек жағу үшін қанша атмосфералық (ылғалдылық = 1%) ауа (м3 және кг) қажет? 1кг кокс (А = 9,2%, ылғалдылық = 5%). Көміртек жанады: а) көміртек тотығына дейін в) көміртек дитотығына дейін.

4. 1кг кокс (А = 9,2%, ылғалдылық = 5%) жанғандағы пайда болған өнімдерді есепте (м3 және кг)? Көміртек атмосфералық ауада жанады (ылғалдылық = 2%): а) көміртек тотығына дейін в) көміртек дитотығына дейін.

5. Зертханалық қондырғыға 0,05м3 / мин құрғақ ауа және 0,012м3 / мин таза оттек түседі. Қоспадағы оттектің мөлшерін есепте (%).

6. Агломераттағы темір мөлшері 54%, FeO - 12%. Fe2О3 - тегі оттек мөлшерін есептеңіз.

7. 30г кальцилі әктасты (кальцитового известняка) шынықтырғанда 17,3г қатты қалдық алдық. Әктастың құрамындағы СаО мөлшерін және п.п.п - ны есептеңдер.

8. 1т әктас толық тотыққанда қанша әк пайда болады? СО2 мөлшері 40% (атомдық массасы Са = 40).

9. 560кг әктас тотыққанда, қанша көмірқышқылы (м3) газдық фазаға өтеді? СаО мөлшері 50% (атомдық массасы Са = 40).

10. Марганец тотықсызданғанда, көміртек тотығынан 44,8м3 СО пайда болды (бөлінді). Марганецтін қанша мөлшері тотықсызданған? (атомдық массасы Мn = 55).

11. Шойын құрамында 1% кремний бар. Кремнийдің тотықсыздануына қанша көміртек шығындалды (1т шойын үшін)? (атомдық массасы Si = 28).

12. Қождан кремний тотығының қанша пайызы тотықсыздануы керек (1т шойын үшін)? Егерде шойындағы кремнидің мөлшері - 1% болса (атомдық массасы Si = 28).

13. Шойында 1% марганец бар. Оның тотықсыздануына тотықтағы көміртектің қанша мөлшері шығындалған (1т шойын үшін)? (атомдық массасы Mn = 55).

14. Жанама тотықсызданған СО 56т темірден тотықтың газдық фазада 44,8м3 көміртек тотығы қалды. СО / СО2 газдық фазадағы қатынасын табындар.

15. 928т Fe3О4 алу үшін көміртек тотығымен Fe2О3 қанша тотықсыздану керек?

16. Темір тотығының тікелей тотықсыздануы нәтижесінде 67,2м3 СО пайда болды. FeО - ның қанша мөлшері тотықсызданған?

17. Сутекпен Fe3О4 тотықсыздану нәтижесінде 9т пар пайда болды. Қанша темір тотығы тотықсызданған?

18. FeO - дан Fe тікелей тотықсыздануға 7,06т кокс (85% С) қажет. Қанша FeO тотықсызданған?

19. 100л СО2 кокспен әрекеттескенде газды қоспа пайда болды, 60% СО - дан және 40% СО2 - ден тұратын. Кокстан қанша көміртек тотыққан?

20. Кенде 64,0% Fe2О3 және 21,6% FeO бар. Массасы 20г өлшенді кен тотықсызданғанда СО + Н2 газ қоспасынан 4,4г СО2 және 0,9г Н2О алынды. Темір тотығынан алынған оттектің мөлшерін анықтаныздар. (тотыққа байланысты барлық оттектен %)

21. Ыдысқа кокс қоспасы мен темір кенін салдық, сосын оны азотпен толтырдық ОС қысым 0,15Мпа жағдайында, ол үшін бізге 0,75л газ қажет болды, содан оны қыздырдық 1000C - та. Қанша көміртек тотықты, егерде жүйеде қысым 6 есе өссе? (кокс көлемі мен темір кенінің өзгерісі ескерілмейді)

Мәнжазба тақырыптары:

1. Домна пештері

2. Тікелей және жанама тотықсыздану

3. Домналық пештің шикіқұрам материалдары

4. Карбонаттар

Блиц - тест:

1. Карбонаттың ыдырау реакциясы:

a) МеСО3 → МеO + СO2 - Q

b) МеСО3 → МеO + СO2 + Q

c) Ме + СО3 → МеO + СO2 - Q

d) Ме - СО3 → МеO + СO2 - Q

e) Ме · СО3 → МеO + СO2 - Q

2. Тікелей тотықсыздану дегеніміз не?

а) Тотықтардың газ тектес заттар арқылы тотықсыздануы

b) Тотықтардың қатты көміртек арқылы тотықсыздануы

c) Тотықтардың сутекпен тотықсыздануы

d) Тотықтардың металдармен тотықсыздануы

e) Тотықтардың қождармен тотықсыздануы

3. Жанама тотықсыздану дегеніміз не?

а) Тотықтардың газ тектес заттар арқылы тотықсыздануы

b) Тотықтардың қатты көміртек арқылы тотықсыздануы

c) Тотықтардың сутекпен тотықсыздануы

d) Тотықтардың металдармен тотықсыздануы

e) Тотықтардың қождармен тотықсыздануы

4. Әктас формасы қалай жазылады?

а) МgСО3

b) МnCO3

c) FeCO3

d) NiCO3

e) CaCO3

5. Доломит формасы қалай жазылады?

а) МgСО3

b) МnCO3

c) FeCO3

d) NiCO3

e) CaCO3

Практикалық сабақ №7