- •- A. Inferior medialis genus;
- •- A. Superior medialis genus;
- •Тақым аргериясы
- •Асықты жіліктік алдыңгы артерия
- •Асықты жіліктік артқы артерия
- •Аяқ үніы артериялары
- •Аргериялардыц таралу заңдылыктары
- •Агзасыртындагы (экстраагзалық) артериялар
- •Портокавалды және кавокавалды анастомоздар
- •Сыртқы мыкын венасы
- •Аяк веналары
- •- Arcus venosus dorsalis pedis;
- •- Rete venosum dorsale pedis.
- •Веналардың таралу заңдылықтары
- •Құрсақтаеы нәрестенің қан айналым шеңбері
доға
түзеді. Олар қол үшы доғалары сияқгы
параллель емес, екі жазықтықта - аа.
plantaris medialis et lateralis арасында және вертикаль
жазықтықта - a. plantaris lateralis және a. plantaris
profundus арасында. Табанның латералды
артериясының тармақтары: а) жақын
жанасып бүлшықеттер мсн теріге баратын
тармақшалар; ә) аа. metatarseae plantares (төртеу),
бүлар әрбір табан аралықтарының артқы
шетінде тесіп өтетін сыртқы артериялармен,
ал алдыңғы шетінде тесіп өтетін алдыңғы
артериялармен қосылады, содан кейін
бақайдың негізі түсында табандық саусақ
артерияларына - аа. digitales plantares - ыдырайды.
Нәтижесінде аяқ үшының оның сырт жағы
мен табан тамырларын байланыстыратын
артериялардың екі қатары пайда болады.
Бүл тамырлар аа. metatarseae plantaris пен аа.
metatarseae dorsalis-ті байланыстырып, соның
нәтижесінде a. tibialis anterior мен a. tibialis
posterior-дың арасында анастомоздар түзеді.
Сондықтан сирақтың бүл негізгі екі
артериялары арасында - аяқ үшында екі
анастомоздар түрі бар деуге болады: 1)
arcus plantaris және 2) rami perforantes.
Артерия
жүйесі оның қүрылысында организм мен
оның жеке жүйелерінің қүрылуы және
дамуының жалпы зандарын бейнелейді
(П.Ф. Лесгафт). Түрлі ағзаларды қанмен
қамтамасыз ете отырып, ол осы ағзалардың
қүрылысы, қызметі жәнс дамуына сәйкес
келеді. Сондықтан артериялардың адам
денесінде таралуы белгілі бір
заңдылықтарға сәйкес келеді, оларды
төмендегідей топтарға бөлуге болады.
Түтас
организм қүрылысын бейнелейтін
заңдылықтар.
“...
бүкіл дененің нерв жүйесінің айналасында”
топталуына (К. Маркс и Ф. Энгельс, Соч.,
изд. 2-е, т.20, 623-бет) сэйкес артериялар
нерв түтіктері мен нервтердің жүру
жолдары бойында орналасады. Мысалы,
жүлынға параллель бағытта басты
артериялық сабау - қолқа мен алдыңғы,
артқы жүлындық артериялар орналасады.
Жүлынның әрбір сегментіне сәйкес
артериялардың г. spinales-тері сәйкес
келеді. Сонымен катар артериялардың
алгаш пайда болуы басты нсрвтермен
байланысты, мысалы, қолда п. medianus-пен,
ал, аякта - п. ishiadicus-пен бірге дамиды.
Сондықтан олар одан әрі нервтермен
бірге жүреді, сөйтіп. тамыр-нерв шоғырын
қүрайды, олардың қүрамына веналар мен
лимфа тамырлары кіреді. Нервтер мен
тамырлардың арасында бірыңғай
нейрогуморалдық реттелуді іске асыруға
көмектесетін өзара байланыс (нерв-тамыр
байланыстары)
болады.
Организмніц
сомалық және ішкі ағзаларға бөлінуіне
сәйкес артериялар дене қуыстары
қабырғаларына баратын - париеталды
және ішкі ағзаларға баратын - висцералды
артериялар болып бөлінеді.
368
Мысалы,
қолқаның төмен түсетін бөлігінің
париеталды және висцералды тармақтары.
Әрбір
қол немесе аяқ бір басты сабау алады:
қол үшін - a. subcla- via, аяқ үшін - a. iliaca
externa.
Түлға
артериялары сегменттік қүрылысын
сақтайды: аа. intereos- tals posteriores, lumbales rr.
spinales және т.б.
Артериялардың
басым бөлігі екі жакты симметрия
припципі бойынша орналасады: дене мен
ішкі агзалардың жүп артериялары. Бүл
принциптен ауытқу артериялардың
бастапқы шажырқайлардыц ішінде дамуына
байланысты.
Артериялар
тамыр жүйесінің басқа бөліктерімен -
веналармен жэне лимфа гамырларымен
жалпы тамырлы кешен түзе бірге жүреді.
Бүл кешеннің қүрамына негізгілерімві
параллель жүретін тамырлардын
параартериялық жәнс паравеналық
арнасын қүрайтын жіңішке жэне үзын
жіцішке жэік үзын артериялар мен
веналар енгізілуі (В.А. Долго-Сабуров).
Артериялар
организм негізін қүрайтын қаңқаға
сәйкес жүреді. Мысалы, омыртқа баганыныц
бойымен қолқа, қабыргалардыц бойымен
қабырғааралык артериялар отеді. Бір
ғана сүйектен (иық, сан) түратын қол не
аяқтың проксималды бөлімдерінде
бір-бірдел пегізгі тамыр (иық, сан
артериялары), екі сүйегі бар бөлімдерінде
(білек, балтыр) екі негізгі артерия
(кәрі жілік жэне шынгақ, асық жілік
және асықты жілік шыбығы артериялары),
ең соңында дисталды бөлімдерінде
күрылысы сәулеторізді қол үшы мен аяқ
үшында артериялар әрбір саусаққа жоне
бақайға сәйкес сәуле түрінде өтеді.
Негізгі
сабаудан ағзага қарай артерия белгілі
заңдылықпен жүреді.
Артериялар
ең қысқа жолмен, яғни негізгі сабауды
ағзамен жалғастыратын түзу сызық
бойымен жүреді. Сондықтан әрбір артерия
жақын жатқан ағзаларға тармақтар
береді.
Қолқаның
жүректен шығысымен беретін бірінші
тармақтары жүректіц озіне баратын
артериялары екендігі осымен түсіндіріледі.
Ағзалардың бірінші іргесі қаланып жэне
орналасуына байланысты болатын
тармақтардың шыгу реті де осымен
түсіндіріледі. Мысалы, іні қолқасынан
алдымен қүрсакқа (truncus celiacus-тен), содан
соң аш ішекке (a. mesenterica superior), ең соңында
ток ішекке (a. mesenterica inferior) тармақтар
шығады немесе алдымен артериялар
бүйрекүсті безіне (a. su- prarenalis media), содан
соң бүйрекке (a. renalis) шығады. Бүл жерде
агзаның соңгы орны емес, оның бірінші
іргесінің қалануының ғана маңызы бар,
а. testicularis-тың а. femoralis-тен емес, атабез
жанында дамыған қолқадан шығатындығы
осымен түсіндіріледі. Ал, керісінше,
сыртқы жыныс мүшелері аймагында
орналасқан үма ең жақын ірі сабаудан
а. femoralis-тен кететін аа. pudendae extemae-лерді
алады. Ең қысқа қашықтық заңы мш даму
тарихын білсек, осы артериялардан
тармақ баратын ағзаны анықтауға болады.
Артериялар
дененің бүгілгіш беттерінде орналасады,
өйткені жазылған кезде тамыр түтігі
созылып, қабысады. Жалпы үйқы артерия-
сының мойынның алдыңғы бетінде, қолдың
ірі артерияларының алақан
369Аргериялардыц таралу заңдылыктары
Агзасыртындагы (экстраагзалық) артериялар
