- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқау
- •Сөж бойынша қорытынды есеп беруді безендіру талаптары
- •Теориялық бөлім
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Деректер қоры жобалауның қадамдары
- •2.1.Инфологиялық жобалау
- •Пәндік саланың инфологиялық моделін құру үшін негізгі көзқарастары болып табылады:
- •2.2. Операциялық ортаға қойлатын талаптарды анықтау
- •2.3. Дқбж және басқа бағдарламалық құралдарын таңдау
- •2.4. Реляциялық деректер қорын логикалық жобалау
- •2.5. Дқ физикалық жобалау
- •Реляциялық деректер қорын жобалауының ерекшеліктері
- •Қалыпты формалар
- •2. Sql тілі: деректермен жұмыс. Сұраныстар құру
- •Жаңа жазбаларды қосу
- •Жазбаларды жою
- •Мәліметтерді өзгерту
2. Sql тілі: деректермен жұмыс. Сұраныстар құру
Сұраныстарды орындау үшін SELECT операторы қолданылады. Сұраныс нәтижесі міндетті түрде кесте болып табылады. Сұраныстар нәтижесі жаңа кесте құру үшін де қолданылуы мүмкін. Сұраныс нәтижесінде алынған кесте алдыңғы сұраныстар негізі болады.
SELECT оператордың жалпы формасы:
SELECT бағаналар FROM кестелер
[WHERE щаттар]
[GROUP BY топ [HAVING топтық_шарттар] ]
[ORDER BY өріс_аты]
[LIMIT шектеулер];
SELECT операторының көптеген опциясы бар. Оларды қолдануға да қолданбауға болады. Бірақ олар келтірілген тәртіпте көрсетілуі керек. Егер барлық кесте бағандарын шығару керек болса, select операторынан кейін жазып шығудың қажеті жоқ, тек * символымен ауыстырса жеткілікті.
Таңдау шарты. Келтірілген қатар санын өзгерту өте жиі кездеседі. Аталған критерийді қанағаттандыратын жазба таңдау үшін WHERE конструкциясын қолдану қажет.
select операторында бағандар тізімі нәтижесі бар кесте немесе баған бөлігін таңдауда қолданылады.
Таңдау шарты. Келтірілген қатар санын өзгерту өте жиі кездеседі. Аталған критерийді қанағаттандыратын жазба таңдау үшін WHERE конструкциясын қолдану қажет.
Бар мәнді қайта қайталамау үшін сұраныста DISTINCT кілт сөзін қолдану керек, мысалы:
Іріктеу. ДҚ-да сақталу тәртібі бойынша орналасқан жазбалар таңдау нәтижесі болып табылады. Бағанның біреуінің мәнін іріктеу үшін order by конструкциясынан кейін бағанды көрсету керек.
Деректерді қосу, жою және өзгерту
Жаңа жазбаларды қосу
Кестеге жаңа жазбаларды қосу үшін INSERT операторы қызмет етеді, оның бірнеше формасы бар:
INSERT INTO <кесте> VALUES (<мәндер тізімі>)
– Бос жазбаны көрсетілген кестеге енгізеді және бұл жазбаны VALUES кілттік сөзден кейін көрсетілген тізімдегі мәндермен толықтырады. Осылайша тізімдегі бірінші мән бірінші бағанаға, ал екіншісі- екінші бағанағы және т.б. Бағаналар орналасу реті кесте құрған кезде беріледі. Бұл форма тиімді емес болып саналады, себебі енгізілетін мәндердің тәртібін шатастырып алуға болады.
INSERT INTO <кесте> (<бағана тізімі>) VALUES (<мәндер тізімі>)
– Бос жазбаны көрсетілген кестеге және берілген бағаналарға көрсетілген тізімнің мәндерін енгізеді. Бағаналар тізімдегі бірінші бағанаға мәндер тізімінің бірінші мәні енгізілді. Тізімдегі орналасу реті мен бағана атаулар саны кестені құру кезінде олардың айқындалған орналасу реті мен саны өзгеше болуы мүмкін. Тізімде көрсетілмеген бағаналар NULL мәнімен толтырылады.
Мысал 1. Әліби Адия Бауыржановнаны DANNIE-ға қосу .
INSERT INTO DANNIE (FAM, IMA, OTCH) VALUES ('ӘЛІБИ', 'АДИЯ', 'БАУЫРЖАНОВНА ')
Жазба типті мәндермен жұмыс істеу мүмкін. Бұл VALUES кілттік сөзінен кейін жақшадағы бірнеше мәндер жиынтықтарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Мысал 2. GOROD кестеге жазбаларды енгізіңіз СЕМЕЙ, ЩУЧИНСК, ПАВЛОДАР.
INSERT INTO GOROD (NAZVANIE) VALUES ('СЕМЕЙ'), ('ЩУЧИНСК'), ('ПАВЛОДАР')
INSERT INTO <кесте> (<бағаналар тізімі >) <таңдауға сұранысы>
– таңдауға сұраныспен қайтарылған жазбаларды көрсетілген кестеге енгізеді.
Мысал 3. Қала атауларын облыс атауларына қосу.
INSERT INTO REGION(NAZVANIE) SELECT NAZVANIE FROM GOROD
