Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Бюджет процесс пен казынашылык 2017-2018 Усипбеков АА.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

2. Бюджеттің сипаттама белгілері. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық жэне ұйымдастырушылық формалары.

Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз етіледі.

Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:

  1. Бөлулік қарым-қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;

  2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс-әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;

  3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бүл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланыста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;

  4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;

  5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір эко-номикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылык түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталыктандырылған ақша қаражаттар коры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан накты экономикалың процестер мемле-кеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларға орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы коғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін кұрайды. Бюджеттік корды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен кайта бөлуге байланысты сол кұндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.

Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалык, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндыпық бөлу процесінің бір жактарын объективтік түрде көрсететін бюджетгің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс - жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.

Бюджет іс-әрекетінін үйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-катынастың белгілі формалары.

Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдык өндірістің баска да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынаска бай-ланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталыктандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамассыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.