Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по КСМ РА 240316 оконч+.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.41 Кб
Скачать

Конфедерацияның ортақ белгілері:

  • Онда ортақ заң шығару, атқарушылық және сот органдары болмайды (конфедеративтік мемлекеттердің өкілдерінен құралатын конфедеративтік органдар экономикалық, қорғаныс ынтымақтастықтары мәселелерін шешеді);

  • Бірыңғай әскердің, бірыңғай салықтар жүйесінің және бірыңғай мемлекеттік бюджеттің болмауы;

  • Одақтан шығудың шектелмеген құқығы;

  • Орталық үкімет тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне тәуелді, себебі солардың қаражаты есебінен тіршілік етеді;

  • Конфедерация құрамына кірген мемлекеттердің азаматтығы сақталады, алайда азаматтардың орын ауыстыру режимі мейлінше жеңілдетілген (мысалы, Еуропалық одақ);

  • Халықаралық саясаттың жалпы келісімі конфедерация мүшелерінің нақты мәселелерде дербес ұстанымдарын жоққа шығармайды.

Саяси режим

Саяси режим – өзіне тән мақсаттары, саяси билікті іске асыру құралдары мен әдістері бар қоғамның саяси жүйелері нысандарының бірі.

Саяси режим мемлекет тарихының белгілі бір кезеңінде белгіленген мемлекеттік билік болмысы туралы түсінік береді. Сондықтан саяси жүйенің немесе мемлекеттің құрылымына қарағанда, қоғам және мемлекеттің өзара әрекеттесу тәсілдері, адам құқықтары мен бостандықтарының көлемі, саяси институттардың қалыптасу тәсілдері, саяси басқарудың стилі мен әдістері маңыздырақ болып келеді.

Біртектес немесе ұқсас мемлекеттік құрылымдар өзінің мәні бойынша әр түрлі саяси режимдерді туғыза алады және, керісінше, біртекті режимдер өзінің құрылымы жағынан әр түрлі саяси жүйелерде туындауы мүмкін. Мысалы, Еуропаның көптеген мемлекеттері (Швеция, Норвегия, Бельгия және т.б.) конституциялық монархия болғанымен, бұл мемлекеттердегі саяси режим басқарудың демократиялық әдістері бар биліктің республикалық құрылымына сәйкес келеді. Өз кезегінде, Иран Республикасы мемлекеттің демократиялық саяси құрылымына ие бола тұра, іс жүзінде авторитарлық мемлекет болып табылады.

Биліктің шынайы демократиялық режимін авторитарлық режимнен немесе тоталитарлық режимнен ажырату оңай емес.

Саяси режимнің сипаты мен белгілері

Саяси режимнің маңызды сипаттамалары билік институттарын ұйымдастыру қағидаттары, алға қойылатын саяси мақсаттар, оған жетудің тәсілдері мен әдістері болып табылады. Мысалы, тоталитарлық режимдерде келесі ұрандар мен нұсқаулар қолданысы кең: «мақсат құралдарды ақтайды», «кез келген жолмен жеңу» және т.с.с.

Саяси режимнің сипатына халықтың тарихи дәстүрлері және қоғамның саяси деңгейі елеулі ықпал етеді. Саяси диктатор немесе билік ететін саяси элита билікті оның халықтық массасы және азаматтық қоғам институттары мүмкіндік беретін шамада ғана басып алуы мүмкін. Бұрынғы демократиялық дәстүрлері мен саяси мәдениеті жоғары мемлекеттерде биліктің авторитарлық немесе тоталитарлық режимінің белгіленуін елестету қиын. Ал авторитарлық және тоталитарлық режимдер көбіне дәстүрлік саяси мәдениеті бар мемлекеттерде табиғи түрде туындап жатады.

САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Саяси режимдердің түрлері сансыз көп, бірақ саяси зерттеулерде, әдетте, саяси режимдердің үш негізгі нысанын атап көрсетеді: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

Тоталитарлық саяси режим

Тоталитаризм (лат. totalis – бүкіл, тұтас, толық) – мемлекет қоғам және жекелеген адам өмірінің барлық салаларын толықтай өзіне бағындыратын саяси режим. Тоталитаризм мемлекеттік қысым – деспотия, тирания, әскери диктатура және басқа нысандардан өзіндік қадағалауы барлығын қамтуымен ерекшеленеді.

Көпшілік әр түрлі саяси содырлардың (көсемдер, фюрерлер, харизмалық көшбасшылар) жеңіл «олжасына» айналады, олар өз сыбайластарының жанкештілігіне сүйеніп, халыққа өзінің идеологиясын, туындаған мәселелерді өзінше шешудің жоспарларын міндеттейді.

Тоталитаризмнің саяси жүйесі, әдетте, бақылаудан тыс қандай да бір қоғамдық және саяси ұйымдардың туындауына жол бермей, бүкіл қоғамға бақылауды жүзеге асыратын қатаң орталықтандырылған партиялық-мемлекеттік құрылым түрінде болады.

Тоталитаризм кезінде мемлекет толықтай азаматтық қоғамды басқарады, ал мемлекеттің өзінің үстінен үстемдік етуші партияның идеологиялық бақылауы орнатылады. Үстемдік етуші идеология қоғамды біріктіретін және жұмылдыратын қуатты күшке айналады. «Бізге келіспейтіндер – бізге қарсы!» - пікірлердің ешбір алуандығына жол бермейтін ұрандардың бірі.

Кез келген тоталитарлық режим үшін мыналар тән: қоғамның әскери және жартылай әскери ұйымдастырылуы; үнемі ішкі және сыртқы «жауларды» іздеу; көпшілікті кезекті «кідірмейтін» міндеттерді орындауға перманенті түрде жұмылдыру; жоғары басшылыққа мүлтіксіз бағынуды талап ету; биліктің қатаң бірбеткейлігі.