- •Мазмұны
- •Социологиялық зерттеулердің деңгейлері
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелері туралы есеп
- •Мемлекеттің жалпы белгілері
- •11.2.2.3 Қазақстанның дүние жүзі елдерінің саяси типологиясындағы алатын орнын анықтау
- •Конфедерацияның ортақ белгілері:
- •Саяси режим
- •Саяси режимнің сипаты мен белгілері
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Демократияның аса маңызды белгілеріне:
- •Халықтың өзінің билеу құқығын қалай жүзеге асыратынына байланысты демократияны жүзеге асырудың негізгі үш тәсілін бөліп көрсетуге болады.
- •Саяси идеология типтері
- •Саяси идеологияның негізгі түрлері
- •11.2.2.1 Қазақстан саясатының функциясын, құрылымын, түрлерін анықтау.
- •Ішкі саясат бағыттары
- •Әлеуметтік институттар
- •11.3.1.2 Қазақстан қоғамын жіктеу.
- •Әлеуметтік шиеленіс
- •Әлеуметтік шиеленістің құрылымы
- •Әлеуметтік шиеленіс болмысы
- •Мәдениет элементтері
- •Мәдениет функциялары
- •Мәдениет институттары
- •Мәдени мұра
- •Мәдени мұра нысандарының түрлері
- •Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар
- •Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
- •Тұтынушылардың қанағаттануын қамтамасыз ету мақсаттары
- •Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері
- •Экономиканы басқару нысандарын, әдістерін, тетіктерін жетілдіру міндеттері
- •Геосаясаттың әдістері мен функциялары
- •Геосаяси қуат
- •Ғаламтор компютерлік желісін құру
- •Мегаполистердің өсуі
- •Стандарттау және біріздендіру
- •Әлем бойынша ағылшын тілін тарату.
- •Жаппай сананы бұрмалау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Геосаясаттың әдістері мен функциялары
Кез келген ғылымда өзіндік әдіснама - тану қағидаттарының, нормаларының және әдістерінің жиынтығы болады. Геосаясатта әдістердің үш тобы пайдаланылады: теориялық, жалпы ғылыми және тәжірибелік.
Жүйелі әдіс негізгі қағидат ретінде құрылымдық-функционалдық ұстанымды пайдаланады. Оның мәні қоғамдық өмірдің кез келген саласын, ғылымды, атап айтқанда, геосаясатты біртұтас, күрделі ұйымдасқан және өзін-өзі реттейтін, қоршаған ортамен жүйенің кіру және шығу жолдары арқылы үздіксіз өзара әрекеттесудегі ағза ретінде қарау болып табылады.
Ғылымдағы қызметтік әдісті психологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық деп атайды. Ол индивидтер немесе топтардың жүріс-тұрысының оларды жаһандық қауымға қосуына тәуелділігін, сондай-ақ ұлттардың, таптардың, тобырдың, кіші топтардың және т.с.с. психологиялық сипаттамаларын зерттеуге бағдарланған. Геосаясатта бұл әдіс динамикадағы геосаяси бейнені талдауға және оны айрықша қызмет және қызмет мақсаттарын анықтаудан бастап шешім қабылдауға дейінгі белгілі бір кезеңдері бар циклдық үдеріс ретінде қарауға бағытталған. Қызметтік әдіс геосаяси шешімдердің әдіснамалық негізін құрайды.
Салыстырмалы әдіс қоғам туралы көптеген ғылымдарда: тарихта, әлеуметтануда, географияда пайдаланылады. Геосаясат синтетикалық ғылым ретінде осы әдісті кеңінен қолданады. Осы әдіс өмірдің біртипті құбылыстарын ортақ белгілерін және айырмашылықтарын айқындау, міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табу және т.с.с үшін салыстыруды көздейді. Салыстырмалы әдіс басқа халықтардың және мемлекеттің жағдайларға, жерге және уақытқа қатысты қолданған тәжірибесін жемісті пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи әдіс те ертеден барлық қоғамдық ғылымдарда қолданылады. Ол өмірдің барлық құбылыстарын кезекті уақыт дамуында, өтіп кеткен, қазіргі уақытпен және болашақпен байланысын анықтай отырып, зерттейді. Геосаясаттағы бұл әдіс философия, әлеуметтану, тарих, саясаттанудағы аса маңызды әдістердің бірі болып табылады.
Нормативтік-құндылық әдісі мемлекет, тұлға үшін қандай да бір деректердің, құбылыстардың мәнін анықтауды, сол деректердің немесе құбылыстардың мемлекеттің, индивидтің игілігі үшін бағалауды қамтиды. Бұл бағалау әділеттілік немесе әділетсіздік, басқа мемлекеттер халқын құрметтеу немесе олардың бостандығын оңшылдандыру тұрғысынан беріледі. Нормативтік әдіс, әдетте, саясатты және саяси көсемдерді дәріптейді.
Функционалдық әдіс қоғамдық өмірдің әр түрлі салалары немесе мемлекет не болмаса мемлекет топтары арасындағы қатынастарды мұқият зерттейді: олардың экономикалық, саяси қатынастарымен, әскери байланыстары немесе қарама-қарсылықтарының деңгейлерімен, халқының урбандалу дәрежесімен, оның тығыздығымен, саяси белсенділігімен, адамгершілік-психологиялық ділінің биіктігімен және т.с.с.
Бихевиористік әдістің негізінде адамның жүріс-тұрысы әр түрлі сыртқы қоздырғыштар мен стимулдарға қатысты реакциясы деген болжам бар. Осы реакция санамен түсінілген күрделі үдеріс ретінде қарастырылады. Геосаясатта осы әдіс көмегімен, әдетте, адамдардың өмір жағдайларының өзгеруімен, саяси шешімдердің қабылдануымен және т.с.с. салдарынан саяси және геосаяси жүріс-тұрысындағы өзгерістерін сипаттайды. Геосаясат та саясат сияқты тұлғалық өлшемге ие. Адамдардың әрекеттері, олардың мүдделері нақты тұлғада жинақталады, өзектендіріледі және көрсетіледі. Ол зерттеудің басты объектісі болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік әдістері геосаясатқа және жалпы ғылымға әлеуметтанудан, статистикадан, кибернетикадан және басқа ғылымдардан келді және саяси көсемдердің геосаяси, шынайы ниеттері туралы, әр түрлі мемлекеттердің құндылықтық бағдарлары мен геосаяси нұсқамалары туралы, көпшіліктің мемлекеттік басқарушылық шешімдерге қатысы және олардың геосаяси насихатқа деген реакциясы туралы ақпаратты жинауға бағдарланған. Осы мақсаттарға жету үшін геосаясатта мынадай әдістер қолданылады:
қадағалау – геосаяси факторларды қасақана, мақсатты, жүйелі тікелей қабылдау және тіркеуді қамтитын бастапқы тәжірибелік деректерді жинау әдісі;
сұрау – зерттеушінің адамдар-сұхбаткерлердің белгілі бір жиынтығына қойылатын, мазмұны зерттелетін мәселеге арналған ауызша немесе жазбаша өтініші түрінде болады. Геосаясатта сұраулар қоғамдық мәселелердің ең кең ауқымы бойынша пікірін зерттеу үшін жүргізіледі;
контент-талдау – белгілі бір құжаттарды (конституция, партиялық бағдарлама, нұсқаулық, заңнамалық актілер және т.с.с.) мақсатты зерттеуді көздейді. Қазіргі кезде осы әдісті қолдану, сондай-ақ компьютерлік технологияларды кеңінен пайдаланумен байланысты.
Жалпы логикалық әдістер көбіне геосаяси әрекеттермен, өзгерістермен байланысты тану үдерісінің ұйымдастыруға және рәсіміне қатысты. Бұл топқа талдау және синтез, индукция және дедукция, дерексіздендіру және дерексізден нақтыға қарай жүру, тарихи және логикалық талдау үйлесімі, тәжірибенің барлық түрлері, үлгілеу, кибернетикалық, математикалық, болжамдық және басқа әдістер жатады.
Геосаясат ғылыми пән ретінде жекелеген мемлекет, мемлекеттер одағы, қарама-қарсы блоктардың өмірімен көп жақты байланыстарға ие. Ол шынайы өмірдің шынайы байланыстары мен заңдылықтарын көрсетеді, бұл оған белгілі бір функцияларды орындауға мүмкіндік береді.
Танымдық функция, ең алдымен, мемлекеттер мен халықтардың геосаяси даму үрдістерін әр түрлі құбылыстар, үдерістер, оқиғалардың өзгерісімен бірге зерттеу болып табылады. Геосаяси өмірді ғылыми тануда салыстыру, ұқсату, экстраполяция әдістерін пайдаланып, мемлекеттер, елдер және халықтардың өміріндегі теориялық білімдердің жиынтығын пайдаланады.
Геосаясаттың болжау функциясы танымдық функциядан туындайды.
Кез келген зерттеулер – теориялық және тәжірибелік – көбіне геосаяси күштер, алаңдар дамуына мейлінше дұрыс болжам беру, мемлекеттер немесе одақтардың конфиругациясын, олардың халықаралық, этникалық қатынастардың дамуына ықпалын белгілеу, мүмкін жергілікті жанжалдарды реттеу және оларды болдырмау немесе өтеу үшін ұсынымдарды әзірлеу үшін жүргізіледі.
Геосаясаттың басқарушылық функциясы тәжірибелік ақпаратты жинау және талдауда, нақты басқарушылық шешімдерді және ұсынымдарды әзірлеуден көрінеді. Демек, геосаясаттың басқарушылық функциясы оның қолданбалы бөлігі геосаяси оқиғаларды басқару үшін, оларды қалыптастыру және оларды басқару үшін тәжірибелік ұсынымдарды дайындауға және әзірлеуге тікелей қатысуында нақты көрінеді.
Геосаясаттың идеологиялық функциясы да алдыңғылары сияқты сондай көп қырлы. Пән өз бетімен көптеген онжылдықтар бойы КСРО-да жалған ғылым, жоғары дамыған мемлекеттердің әлемдік үстемдікке агрессивті талпынысын ақтайтын империализм, фашизм идеологиясы деп саналды. Шындығында да солай болған және қазір де солай.
Осылайша, геосаясат - үлкен кеңістіктер, жаһандық саяси, экономикалық және басқа үдерістері туралы және оларды басқару өнері туралы ғылым.
15-тезис. Геосаясат құралдары. Геосаяси жағдайды бағалау. Геосаяси қуат
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
11.5.1.1 Геосаясаттың құралдары мен зерттеу әдістерін анықтау;
11.5.1.2 Қазақстанның геосаяси орны мен жағдайын талдау;
11.5.1.3 Қазақстанның геосаяси әлеуетіне баға беру арқылы қауіпсіздігін күшейту жөнінде ұсыныстар жасау.
ГЕОСАЯСАТ ҚҰРАЛДАРЫ:
1. Әскери – қарсылас және оның заттай дәулеттері физикалық түрде (тұтқынға/құлдыққа алынады) суық, оқ ататын, жоғары дәлдікті және материалдық қарудың басқа түрлері көмегімен жойылады. Адамзат тарихының негізгі бөлігін бақталастармен күресудің осы тәсілін пайдаланды. Қазіргі сәтте геосаяси сахнадағы тайталасушы ойыншылар беделінің артуына байланысты сирек қолданылатын болды. Қарапайым тілмен айтқанда – күшті мемлекет әлсіз мемлекетке өзінің ұлттық мүдделерін қорғайтын және бірінші мемлекеттің нығаюына жол бермейтін екінші күшті мемлекет болмаған жағдайда ғана басып алуы мүмкін.
2. Биологиялық – зертханаларда әзірленген немесе табиғи көздерден пайдаланылған әр түрлі вирустар және инфекциялар.
3. Экологиялық – қарсыластың өмірлік қажеттілігі бар табиғи ресурстарын жою. Бұл тәсіл қарсыласты қарсыласу үшін ресурстардан айырып қана қоймай, сондай-ақ берілген аумақтағы халық санын қысқартуға, аздыруға, оны алып жатқан жерінен ығыстыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа бұл табиғи шекараны құруға мүмкіндік береді.
4. Экономикалық – мемлекеттің үкіметін, экономикасын, халқын несиелеу және қаржылық ауырлықтың басқа түрлерінің деңгейін және қаржы құралдарын пайыздық қарызға беретін тұлғаларға тікелей тәуелділікті арттыру.
5. Геосаяси қарсыласуды жүргізудің аса маңызды құралдары мәні бойынша экономикалық құралдардың құрамдас бөлігі болатын нарықтық және энергетикалық құралдар болып табылады. Нарықтық құралдар жеткізушінің тұтынушыға тәуелділігін құруды ғана көздемейді (ұранда көрсетілгендей «тұтынушынікі әрқашан да дұрыс»), сонымен қатар керісінше болуды көздейді.
6. Психологиялық – қарсыласта шарасыздық жағдайын, одақтастарына немесе көршілеріне деген жеккөрінішті сезімін қоздыру және т.б. көмегімен қарсыласуға деген рухын басу. Басылған психиканың қарсыласуға да, жасампаздыққа да қабілетсіз болатыны анық. Сонымен қатар психологиялық ықпал етудің биологиялық қыры туралы айтып өту қажет – ағзаның өсімпаздық функциялары болашаққа деген сенімі болмағанда төмендейді, адам оған көбірек ұнайтын балама шынайылықта (ішімдік, есірткі, компьютерлік және құмар ойындар) жұбаныш іздей бастайды.
7. Идеологиялық – психологиялықтан ерекшелігі – онда ұғымдар мен өмірлік құндылықтарды ауыстыру тәсілі жүзеге асырылады. Әрбір топта өз дамуының өзіндік идеологиясы және бағдары болады. Оларды мәжбүрлі құндылықтармен алмастыру халық бөлігінің геосаяси ойыншымен құрылған билік астына өтуін білдіреді.
8. Геосаяси қарсыласуды ақпараттық құралдармен жүргізу – оларсыз кез келген мемлекет бір тәулік ішінде толығымен жойылуы мүмкін спутниктер, антенналар, ЖСР және аса маңызды нысандар ғана емес, сондай-ақ ақпарат ағындары мен оларды құбылыс ретінде құру әлдеқайда маңыздырақ. БАҚ, Ғаламторды, ұялы байланысты және ақпаратты берудің басқа тәсілдерін бақылау қажетті ақпаратты жасауға, ал қажетсізді – жоюға мүмкіндік береді. Мұндай бақылау «каноникалық» пікірмен жанаспайтын кез келген пікірді білдіртпеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа күресудің ақпараттық құралдары көмегімен бағындырылған халықтардың еркіндігі иллюзиясын құруға, бағындыру идеясының өзін келеке етуге және жоюға болады (біз ХХІ ғасырдамыз, айналамыздың барлығы – өркениетті достастар). Адамдардың көбі көптеген отандық компаниялар, ең бастысы банктердің, соның ішінде орталық банк активтерінің кімге тиесілі екендігін білмегені күлкілі ме екен, мұның барлығы ұлттық өкіметті қолдау және оған деген сенімнің жойылуына әкеледі. Жалпы жұмылдырусыз сыртқы және ішкі қиындықтарға толыққанды төтеп беруге болмайды, ал ақпараттық құралдар көмегімен жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттілігі идеясының өзін жоюға болады.
9. Жүзеге асыру үшін ең соңғы және ең ауыр құралдар - рухани құралдар. Бұл құралдар ақпараттық құралдардың туындысы немесе солардың негізі деп санауға болады. Геосаяси қарсыласта (халықтар, мемлекетте және т.с.с.) басқару және жеңу, жақсылық және жамандық санаттарын түсінуді өзгерту үшін қолайлы құндылықтар мен өмірлік бағдарлар жүйесін құру соның мәні болып табылады. Мысалы, дәстүрлі емес жыныстық қатынас, оны енгізу мемлекеттің құраушы элемент болып табылатын отбасы және неке институтының бұзылуына әкеледі. Өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және қоғамға пайдалы бола білу – өмірлік басымдықтары менменшілдікпен, тұтыну деңгейінің және нигилизмнің артуымен алмастырылған. Ешкім дерлік өзі тұрып жатқан қоғамға деген пайдалы болуы және міндеттілігі туралы ойланбайды да. Ешқандай өнімді (зияткерлік, физикалық, рухани және т.с.с.) шығармайтын мамандықтардың саны – осыған көрнекі мысал бола алады.
ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ
Геосаяси жағдайлар – мемлекеттің саяси картадағы орнын, оның әр түрлі мемлекеттерге және геосаяси күштерге (одақтастар немесе жаулар және т.с.с.) қатынасын бағалау. Мемлекеттің жағдайын мынадай деңгейлерде бағалауға болады:
макродеңгейде – экономика және саясаттың әлемдік орталықтарына қатысты;
мезодеңгейде – ірі өңірлер және мемлекеттердің топтарына қатысты;
микродеңгейде – шекаралас мемлекеттер және солармен қатынастарға қатысты.
Ынтымақтастықты немесе жауласуды көздеу мемлекеттердің өзара қатынастардың мүмкін күйінің келесі бес санатымен анықталады.
1. Одақтастар – бұл, әдетте, сауда-экономикалық одақтар шеңберінде біріктірілген мемлекеттер ғана емес, сондай-ақ әскери блоктарға мүше болу арқылы не болмаса қауіпсіздік саласындағы екіжақты немесе көпжақты келісімдер арқылы тығыз әскери-саяси өзара әрекеттесетін мемлекеттер.
2. Серіктестер – бір-бірімен белсенді, әсіресе экономикалық салада, өзара әрекеттесетін бірақ әскери-саяси міндеттемелермен төмен дәрежеде байланысқан мемлекеттер. Жалпы алғанда олардың өзара әрекеттесу деңгейі одақтықтан төмен.
3. Бейтараптар – қатынастарында оң да, теріс те жақтары бар мемлекеттер. Жалпы алғанда бұл деңгей мемлекеттер арасындағы салыстырмалы бейтараптылықты не болмаса жауласу сатысынан ынтымақтастыққа өту және керісінше болатын күйін көрсетеді.
4. Бақталастар – сауда-экономикалық және (немесе) әскери-саяси салалардағы өткір бақталастық ұстанымы ресімделген мемлекеттер.
5. Жаулар – қатынастары ашық тайталасумен сипатталатын мемлекеттер.
Қазақстан маңызды геосаяси жағдайға ие. Х. Маккиндердің «Тарихтың географиялық осі» еңбегіне сәйкес Қазақстанның аумағы Heartland – «Жердің өзегіне» жатады. Heartland-қа Ресей аумағының бөлігі және Қазақстан Республикасының аумағы тұтас кіреді. Онымен бұдан ертерек жасалған геосаясаттың басты постулаты былай дейді: «Шығыс Еуропаны бақылаушы, Heartland-ты басқарады. Heartland-ты басқарушы Әлем аралын (Еуразия мен Африканы) басқарады. Әлем аралын бақылаушы әлемді басқарады». Х. Маккиндер табиғи ресурстардың орасан зор қорына байланысты, сондай-ақ көбіне – оның сыртқы жаулардан қорғалуы салдарынан Heartland-қа үлкен геосаяси мән берген. Ол Heartland-ты «ұлы табиғи бекініс» деп атаған. Қазіргі түсініктерге сәйкес Heartland «ішкі жарты аймен» қоршалған, ол «Жердің өзегін» белгілі бір дәрежеде қорғайды. Қазақстан Республикасының қазіргі жалпы әлемнің геосаяси бейнесінде салмақты рөлі оның осындай географиялық орналасуына байланысты. Аса ірі американдық геосаясатшы Маккиндердің пікірінше, Еуразияның ішкі құрлықтық бөлігі бола отырып, жердің өзегі, «хартленд» әлем шегі, стратегиялық шикізаттың аса маңызды түрлеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін күрестің жаңа кезеңін бастаған әлемнің ірі державаларының стратегиялық мүдделерінің қақ ортасында орналасқан.
Қазақстан Еуропа және Азияның көлік және коммуникациялық желілерінің қиылысқан, Батыс пен Шығыстың қосылатын жерінде орналасқан. КСРО кезінде Еуразиялық құрлық мемлекеттері арасындағы жол қатынастары одан тыс теңіздер мен мұхиттарда салынған болатын, себебі КСРО қоғамның жабықтығын насихаттаған болатын. Бүгінде Еуразия құрлығындағы саяси-экономикалық қайта құрулар нәтижесінде, дәлірек айтқанда – Кеңес одағы ыдырағаннан соң, мемлекеттерде құрлық бойымен жол қатынасының ең қысқа жолын пайдалану мүмкіндігі бар, ал олардың негізгі жолдары саналы түрде болғанда Қазақстан арқылы өтуге міндеттейді, бұл жетекші державалардың біздің аумақты коммуникациялардың төмендегі барлық түрлерінің транзитті қатынастары үшін пайдаланудың өткір қажеттілігін туғызады: автокөлік, темір жол, авиациялық, құбырлық қатынастар мен телекоммуникациялар.
Өзінің географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан әлемдік қауымдастықта үлкен геосаяси мүддені тудырады, бұл біздің республиканың сыртқы саяси қызметінің бағыттарынан көрінеді, бұл ретте мемлекеттің басшылығы бірінші кезекте өзінің геосаяси мүдделерінің пайдасы үшін орасан зор жұмысты атқаратынын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет, әлем өркениеттерінің өзара әрекеттесу аймағында орналаса отырып, этникалық шиеленістердің әлеуетті қауіптері бар планета өңірлерін алып жатыр. С. Хангтинтон өзінің «Өркениеттердің қақтығысуы» кітабында былай деп жазған: «...Адамзат бөлінуінің негізін қалаушы – этникалық, діни және өркениетті-қағидаттар жаңа шиеленістердің себебі болған және болады да».
