- •Мазмұны
- •Социологиялық зерттеулердің деңгейлері
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелері туралы есеп
- •Мемлекеттің жалпы белгілері
- •11.2.2.3 Қазақстанның дүние жүзі елдерінің саяси типологиясындағы алатын орнын анықтау
- •Конфедерацияның ортақ белгілері:
- •Саяси режим
- •Саяси режимнің сипаты мен белгілері
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Демократияның аса маңызды белгілеріне:
- •Халықтың өзінің билеу құқығын қалай жүзеге асыратынына байланысты демократияны жүзеге асырудың негізгі үш тәсілін бөліп көрсетуге болады.
- •Саяси идеология типтері
- •Саяси идеологияның негізгі түрлері
- •11.2.2.1 Қазақстан саясатының функциясын, құрылымын, түрлерін анықтау.
- •Ішкі саясат бағыттары
- •Әлеуметтік институттар
- •11.3.1.2 Қазақстан қоғамын жіктеу.
- •Әлеуметтік шиеленіс
- •Әлеуметтік шиеленістің құрылымы
- •Әлеуметтік шиеленіс болмысы
- •Мәдениет элементтері
- •Мәдениет функциялары
- •Мәдениет институттары
- •Мәдени мұра
- •Мәдени мұра нысандарының түрлері
- •Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар
- •Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
- •Тұтынушылардың қанағаттануын қамтамасыз ету мақсаттары
- •Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері
- •Экономиканы басқару нысандарын, әдістерін, тетіктерін жетілдіру міндеттері
- •Геосаясаттың әдістері мен функциялары
- •Геосаяси қуат
- •Ғаламтор компютерлік желісін құру
- •Мегаполистердің өсуі
- •Стандарттау және біріздендіру
- •Әлем бойынша ағылшын тілін тарату.
- •Жаппай сананы бұрмалау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Социологиялық зерттеудің кезеңдері
Социологиялық зерттеу белгілі бір кезеңдердің кезектілігін көздейді.
Бірінші кезеңде зерттеу бағдарламасы қалыптастырылады: зерттеудің мақсаты, оның міндеттері, жоспары, таңдалған мәселенің өзектілігіне негізделген гипотезасы қалыптастырылады, ақпаратты жинау тәсілдері, оның өңдеу әдістері, зерттеуді жүргізу мерзімдері және т.с.с. анықталады.
Мақсат соңғы нәтижеге бағдарланады. Мақсаттар теориялық және қолданбалы болуы мүмкін. Теориялық мақсат – әлеуметтік бағдарламаға сипаттама немесе түсініктеме беру. Теориялық мақсатты іске асыру ғылыми білімнің артуына әкеледі. Қолданбалы мақсаттар одан әрі ғылыми даму үшін тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған.
Міндеттер – жеке бөліктер, мақсатқа жетуге септігін тигізетін зерттеу қадамдары. Міндеттерді қою белгілі бір дәрежеде алға қойылған мақсатқа қол жеткізу бойынша іс-әрекеттер жоспарын білдіреді. Міндеттерден сұрақтар құралады, оларға мақсатты іске асыру үшін жауаптар алынуы тиіс. Міндеттер негізгі және жеке болуы мүмкін. Негізгілері зерттеудің басты сұрақтарын шешу құралы болып табылады. Жекелері – қосалқы гипотезаларды тексеру, қандай да бір әдістемелік сұрақтарды шешуге арналады.
Бірыңғай түсіну аппаратын пайдалану мақсатында социологиялық зерттеуде негізгі ұғымдар, олардың тәжірибелік түсіндірмесі және операцияландырылуы анықталады, оның барысында зерттеу мәнінің сапалық жақтарын көрсететін қатаң берілген критерийлер бойынша негізгі ұғымның элементтерін анықтау жүзеге асырылады.
Логикалық талдаудың бүкіл үдерісі теориялық, абстрактілік ұғымдарды операциялық ұғымдарға ауыстыруды, соның көмегімен тәжірибелік деректерді жинау үшін құралды құрастыруды білдіреді.
Объектіні алдын ала жүйелі талдау - зерттелетін мәселені үлгілеу, оны элементтерге мүшелеу, проблемалық жағдайды егжей-тегжейлі бөлу. Бұл зерттеу мәнін нақтырақ елестетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу бағдарламасын әзірлеуде оның басты әдіснамалық құралын нақтылайтын гипотезаны қалыптастыру маңызды орынды алады.
Гипотеза – құбылыс себептері, зерттелетін әлеуметтік құбылыстар арасындағы өзара байланыстар, зерттелетін мәселе құрылысы, әлеуметтік мәселелерді шешудің тәсілдері туралы ықтималды болжам.
Гипотеза зерттеуге бағыт береді, зерттеу әдістерін таңдауға және сұрақтарды құрастыруға әсер етеді.
Зерттеу гипотезаны растауы, теріске шығаруы немесе түзетуі тиіс.
Гипотезаның бірнеше типін бөлуге болады:
1) негізгі және қорытынды;
2) негізгі және негізгі емес;
3) бастапқы және қайталама;
4) сипаттаушы (объектілердің қасиеттері туралы, жекелеген элементтер арасындағы байланыс сипаты туралы болжам) және түсіндіруші (зерттелетін әлеуметтік үдерістер мен құбылыстардың байланыстары мен себеп-салдардың тәуелділіктері тығыздығының дәрежесі туралы болжам).
Гипотезаларды құруға қойылатын негізгі талаптар. Гипотеза:
1) тәжірибелік түсініктеме берілмеген ұғымдарды қамтымауы тиіс, әйтпесе, оны тексеру мүмкін емес;
2) бұрын белгіленген ғылыми деректерге қарама-қайшы болмауы тиіс;
3) қарапайым болмауы тиіс;
4) теориялық білімнің, әдіснамалық жасақталудың және зерттеудің тәжірибелік мүмкіндіктерінің берілген деңгейінде тексеріле алатындай болуы тиіс.
Гипотеза құрудағы негізгі қиындық оның айқын және дәл түсініктерді қамтитын зерттеу мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес болу қажеттілігі болып табылады.
Социологиялық зерттеудің екінші кезеңінде бастапқы ақпаратты тікелей жинау жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпаратты жинаудың әр түрлі әдістері – сауалнама алу немесе сұхбат алу нысанындағы социологиялық сұрау; контент-талдау (зерттеушілердің жазбалары, құжаттардан үзінділер және құжаттамалық сипаттағы әр түрлі дереккөздерден алынған басқа мәліметтер); қадағалау, тәжірибе және т.б. қолданылады.
Үшінші кезеңде социологиялық зерттеу барысында арнайы компьютерлік бағдарламалар негізінде жиналып алынған ақпараттың сандық (электрондық) өңделуі жүргізіледі.
Төртінші кезеңде қорытынды (талдау) кезеңінде өңделген ақпараттың талдануы, зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми есепті дайындау, қорытындыларды және ұсынымдарды құрастыру жүргізіледі.
