Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по КСМ РА 240316 оконч+.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.41 Кб
Скачать

Геосаяси қуат

Геосаяси қуат – мемлекеттің немесе әскери-саяси блоктың әскери (соның ішінде ядролық), демографиялық, материалдық, аумақтық және рухани (құндылықты) ресурстардың жиынтығы. Оған саяси ерік, әскери қуат және ядролық қарудың болуы, демографиялық және экономикалық әлеует, аумақтың көлемі және басқа ресурстар қамтылады.

Геосаяси жүйеде тіршілік ететін кез келген мемлекет белгілі бір орынды алады, яғни мемлекеттік халықаралық қатынастар шеңберіндегі саяси және құқықтық жағдайының болуын көздейтін мәртебесі болады. Басқаша айтқанда, геосаяси мәртебе - мемлекеттің немесе өзге саяси субъектінің жаһандық геосаяси жүйе шеңберіндегі оның әскери-саяси және экономикалық қуатын, мемлекетаралық қатынастардың қандай да бір саласында туындайтын мәселелерді шешу мүмкіндіктерін, яғни – геосаяси әлеуеті барын сипаттайтын саяси-құқықтық орны. Геосаяси мәртебені анықтау үшін оны жан-жақты сипаттайтын және оның ажырамас және аса маңызды (басты) белгілері болатын бірнеше параметрлерді бөлуге болады. Олар кез келген мемлекеттің тіршілік ету негізін құрайды. Параметрлер негізгі (бастапқы) және динамикалық (екіншілік) болуы мүмкін. Геосаяси мәртебенің бастапқы параметрлері географиялық орнымен, аумақтық көлемімен, климаттық жағдайлармен, табиғи ресурстарының болуымен немесе жоқтығымен, халқының қоныстану тығыздығымен және т.с.с. анықталады. Екіншілік параметрлер - мемлекет басшылығының саяси еркіне, оның негізінде мемлекеттің ұлттық мүдделері болатын қандай да бір геосаяси стратегияны жүзеге асыра алу қабілетіне және өзгермелі жаһандық геосаяси жүйеге байланысты мемлекеттің саяси, әскери, әлеуметтік-экономикалық атрибуттары. Геосаяси мәртебенің көптеген әр түрлі параметрлері қатарынан біз екі басты параметрді бөлеміз. Олар бірнешеу:

1. Аумақтық-географиялық орналасуы. Бүгінде аумақ дегенді белгілі бір құқықтық режимі бар кеңістік, яғни құрлықтары және сулары, жер қойнаулары және әуе кеңістігі, сондай-ақ ғарыштық кеңістік пен сондағы аспан денелері бар жер шарының бөлігі деп қарастырады. Ол мемлекет тіршілігінің материалдық негізі болып табылады. Аумақтың сапасы табиғи және климаттық жағдайлармен, әлем мұхитына шығу жолдарының бар болуымен немесе жоқ болуымен, ішкі су коммуникацияларымен, табиғи және әсіресе энергиялық ресурстардың қорларымен және оларды игеру тәсілдерімен, мәдениет, экономика жетістіктерімен, сондай-ақ қоғамды саяси элита тарапынан жалпы басқару сапасымен анықталады. Аумақ мемлекеттің маңыздылығы бойынша барлық басқа ресурстардан асып түсетін стратегиялық ресурсты құрайды, себебі мемлекет мүдделерінің сипатына және негізін қалаушы параметрлеріне ықпал етеді.

2. Шекаралық кеңістік және шекаралардың жағдайы. Шекаралық кеңістік ұлттық аумақтың құрлықтағы, әуедегі және су бассейндердегі шегінде мемлекеттің егемендігін және оның ұлттық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы құқықтық режим және әрекеттер тәртібі белгіленетін мемлекеттік шекараға ішкі және сыртқы жағынан іргелес жатқан бөлігін қамтиды. Мемлекеттік шекара және шекаралық кеңістік параметрлері мемлекеттің геосаяси жағдайының ажырамас компоненті болып табылады.

3. Қоныстанған халықтың жағдайы маңызды құраушы болып табылатын өмір сүру қабілеті: оның саны және сапасы. Сапа дегенді ұлттың физикалық денсаулығы, қоғамға тән көбею типтері, білім деңгейі және кәсіби біліктер және т.с.с. деп қарау керек.

4. Әскери-стратегиялық қуаттың болуы, соның ішінде тиімді әрекет ететін әскери-өнеркәсіптік кешен, соғысуға қабілетті әскер, ядролық қарудың болуы немесе жоқтығы, стратегиялық технологиялардың дамуын қоса алғанда. Сонымен қатар мемлекеттің бітімгерлік операцияға қатысуы, мемлекеттің және ұлттың жаһандық ауқымда қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын дамыған күштік ұйымдастырылуы да маңызды. Қауіптерді баяндайтын және оларды болдырмау және жою құралдарын сипаттайтын әскери доктриналардың бар болуы басты рөлді атқарады.

5. Мемлекеттің және халықтың ұлттық қауіпсіздік дәрежесі. Ұлттық қауіпсіздік, ең алдымен, мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің, осы мүдделерге ішкі де, сыртқы да қауіптері бар өзара әрекеттесу және тайталасудың үдерістері үнемі жүретін аса күрделі көп деңгейлі функционалдық жүйені құрайды. Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің басты жүйе құрушы элементі ретінде қанағаттандырылуы қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын қоғам мен мемлекеттің елеулі қажеттіліктерін қозғайтын ұлттық мүдделер болып табылады. Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша сипатқа ие, себебі мемлекеттік және ұлттық мүдделердің және олардың жүзеге асыру ерекшелігімен анықталады. ХХІ ғасырда қауіпсіздіктің жаңа қырлары одан да өспелі рөлге ие болатыны анық, бірақ бұл ретте күштің дәстүрлі теңгерімін сақтау және әскери-стратегиялық паритет өз маңыздылығын жоғалтпас. Олар өзінің мәнін халықаралық қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементі ретінде сақтайды.

6. Мемлекеттің бағдарламалық құжаттар жүйесінде жүзеге асырылатын геосаяси стратегияны әзірлеу дәрежесі: конституциялар, ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамалары, экономикалық қауіпсіздік стратегиялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық дамуының ұзақ мерзімді стратегиялары.

7. Мемлекеттің және қоғамның геосаяси белсенділігі немесе енжарлығын, олардың экономикалық қуатын, ғылым мен ғылымға сыйымды технологияларының даму дәрежесін, халықаралық іске қабілетін және мемлекеттің беделін қамтитын халықаралық қауымдастық дамуына үлес қосу қабілеті;

16-тезис. Жаһандану және Қазақстан

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

11.6.1.1 жаһандану үдерісін сипаттау;

11.6.1.2 жаһандану үдерісінің таралу құралдарына баға беру;

11.6.1.3 жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдау;

11.6.1.4 жаһандану үдерісінде ұлттық болмысты сақтап қалу жолдарын ұсыну.

ЖАҺАНДАНУДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Жаһандану – әлемді бірыңғай сипаттамаларға ие бірыңғай жүйеге айналдырудың тарихи үдерісі. Тарихта мұндай жүйені жаһанданудың мынадай факторларының әрекеті тудырады:

  • адамдарды ажырататын уақытты және кеңістікті мейлінше азайтатын коммуникацияның электронды құралдары;

  • шығарылған өнімді бүкіл әлемге таратуға мүмкін беретін технологиялық өзгерістер;

  • экологиялық немесе құқық қорғау қозғалысы сияқты жаһандық идеологиялардың қалыптасуы.

Жаһандану - бүкіләлемдік экономикалық, саяси және мәдени бірігу және біріздену үдерісі. Мұның негізгі салдары еңбектің әлемдік бөлінісі, капиталдың, адами және өндірістік ресурстардың планета ауқымында көшіп-қонуы, заңнаманың, экономикалық және технологиялық үдерістердің стандартталауы, сондай-ақ әр түрлі мемлекет мәдениеттерінің жақындасуы болып табылады. Бұл - жүйелі сипатқа ие шынайы, табиғи-тарихи үдеріс, яғни қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.

Осының негізгі көріністері мен салдары мыналар болып табылады:

  • ұсақ өндірістік және экономикалық операцияларына дейін еңбектің әлемдік бөлінісі;

  • капиталдың, сондай-ақ адами және өндірістік ресурстардың бүкіл планета ауқымында көшіп-қонуы;

  • бірыңғай және бәріне дерлік қолжетімді ақпараттық кеңістік;

  • негізгі жұмыс берушілерді трансұлттық корпорацияларға айналуы;

  • жаһандық экономиканың жоғары тиімділігі салдарынан планета халқының өсуі;

  • әлем саясатының әр мемлекеттің және әр адамның өміріне ықпалының өсуі;

  • әр түрлі мемлекет инфрақұрылымдарының бірігуі (бірыңғай құбырлар, темір жолдары, электр желілері және т.с.с.);

  • заңнаманы стандарттау;

  • экономикалық және технологиялық үдерістерді стандарттау;

  • әр түрлі мемлекет мәдениеттерінің жақындасуы.

Бұл - жүйелі сипатқа ие шынайы, табиғи-тарихи үдеріс, яғни қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.

Жаһандану барысында халықаралық мәндегі әр түрлі факторлардың жекелеген мемлекеттердің әлеуметтік шындығына (мысалы, тығыз экономикалық және саяси байланыстар, мәдени және ақпараттық алмасу) ықпалы өсе түседі.

Қаржылық нарықтардың және мекемелердің эволюциясы географиялық шекаралар мәмілелерді жасасуды жүргізуді немесе басқа әрекеттерді шектей алмайтын жағдайға әкеледі. Сондықтан жаһандану барысында банктер мен басқа институттардың халықаралық сипаты артады.

Жаһандану экономикалық, саяси және мәдени салаларда аса маңызды факторға айналды. Оған халықаралық нарық енгізілген, ол қоғамдардағы барлық үдерістерді және әрбір жеке адам өмірін қамтиды. Алайда бұл ретте ол жаһандық экономикалық дағдарыстарда көрініс тауып, ешқандай саяси және әлеуметтік-мәдени сұрақтарды шешпейді.

ЖАҺАНДАНУ ҚҰРАЛДАРЫ

Жаһандануға тән қасиеттерге мыналар жатады:

  • Трансұлттық компаниялар рөлінің күшеюі

Трансұлттық компаниялар (ТҰК) екі немесе одан артық мемлекеттерде әрекет ететін және белгілі бір шетелдік компонентті қамтитын операцияларға қатысатын шаруашылық етуші кәсіпорындар. Әдетте, ТҰК капиталы бойынша ұлттық және қосымшасы бойынша халықаралық болып табылады. Қазіргі кезде әлемде 7 мыңнан астам ТҰК бар, олардың қызмет саласына шамамен 700 мың еншілес кәсіпорын кіреді. Барлық ірі ТҰК дерлік орналасқан негізгі мемлекеті АҚШ, Ұлыбритания, Жапония болып табылады.

Бүгінде ең жаңа технологиялардың 80%-ын ТҰК жасайды, табыстары көп жағдайда жекелеген ірі мемлекеттердің жаппай ұлттық табысынан артық болады. Әлемдегі аса ірі 100 экономикалар тізімінде 51-орынды ТҰК алатынын айтсақ, жеткілікті. Олардың көбінің қызмет саласы инновациялық технологияларды, желілік компьютерлерді, ең жаңа компьютерлік бағдарламаларды, қоғамдық пікірді және жаппай сананы қалыптастыру технологияларын және т.с.с. жатқызуға болатын гипертехнологияларды (немесе метатехнологияларды) әзірлеумен байланысты екенін атап өткен жөн. Бүгінде осы сияқты технологиялардың әзірлеушілері мен иелері қаржылық нарықтарды бақылайды және әлем экономикасының бейнесін анықтайды.