- •Мазмұны
- •Социологиялық зерттеулердің деңгейлері
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелері туралы есеп
- •Мемлекеттің жалпы белгілері
- •11.2.2.3 Қазақстанның дүние жүзі елдерінің саяси типологиясындағы алатын орнын анықтау
- •Конфедерацияның ортақ белгілері:
- •Саяси режим
- •Саяси режимнің сипаты мен белгілері
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Демократияның аса маңызды белгілеріне:
- •Халықтың өзінің билеу құқығын қалай жүзеге асыратынына байланысты демократияны жүзеге асырудың негізгі үш тәсілін бөліп көрсетуге болады.
- •Саяси идеология типтері
- •Саяси идеологияның негізгі түрлері
- •11.2.2.1 Қазақстан саясатының функциясын, құрылымын, түрлерін анықтау.
- •Ішкі саясат бағыттары
- •Әлеуметтік институттар
- •11.3.1.2 Қазақстан қоғамын жіктеу.
- •Әлеуметтік шиеленіс
- •Әлеуметтік шиеленістің құрылымы
- •Әлеуметтік шиеленіс болмысы
- •Мәдениет элементтері
- •Мәдениет функциялары
- •Мәдениет институттары
- •Мәдени мұра
- •Мәдени мұра нысандарының түрлері
- •Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар
- •Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
- •Тұтынушылардың қанағаттануын қамтамасыз ету мақсаттары
- •Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері
- •Экономиканы басқару нысандарын, әдістерін, тетіктерін жетілдіру міндеттері
- •Геосаясаттың әдістері мен функциялары
- •Геосаяси қуат
- •Ғаламтор компютерлік желісін құру
- •Мегаполистердің өсуі
- •Стандарттау және біріздендіру
- •Әлем бойынша ағылшын тілін тарату.
- •Жаппай сананы бұрмалау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Экономиканы басқару нысандарын, әдістерін, тетіктерін жетілдіру міндеттері
Макро-, микро- және мезодеңгейлерде экономиканы басқарудың тиімді ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру.
Экономиканы орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың және нарықтық реттеумен, шаруашылық етуші субъектілерінің экономикалық дербестілігімен ұтымды үйлестіру.
Экономиканы аумақтық және салалық басқарудың бірлігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік меншік нысандарының бюджеттік тиімді басқарылуын арттыру.
Басқарудың бірыңғай жүйесі шеңберінде экономиканы (қаржылық, несиелік, банктік, салықтық, сыртқы экономикалық) мемлекеттің басқару институттары мен құралдарының жүйесін оңтайландыру.
Басқарудың заңнамалық-құқықтық қорын басқарылатын нысандардың, басқарудың құқықтық негіздерін қатар жетілдіру кезінде қатынастар үдерістерінің бүкіл жиынтығына қолдану.
Мемлекеттің басқару институттары ретінде заң шығарушы, атқарушы, сот органдары әрекеттерінің келісілгендігіне қол жеткізу.
Жалпы қазақстандық экономиканың, жекелеген салаларын, кәсіпорындарының, тауарлардың, қызметтердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруды нығайту.
Экономикалық қызметтің ашықтығын, көлеңкелі сектордың қысқартылуын, экономиканың қылмыстануын жеңу бойынша мемлекеттік шараларды қабылдау.
Адал, өнімді кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін моральдық-психологиялық климатты құру.
13-тезис. Экономика субъектілері және өсу факторлары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
11.4.1.2 Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін факторларды анықтау;
11.4.1.4 Қазақстанның экономикалық стратегияларына баға беру;
11.4.1.5 Қазақстан экономикасының проблемаларын шешу жолдарын ұсыну (жергілікті компонент негізінде шағын жоба түрінде).
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ
Экономикалық өсу ЖІӨ және оның құрамдас бөліктерінің сандық өсуімен және сапалық жетілдірілуінен көрінеді.
Макроэкономикалық деңгейде экономикалық өсудің сандық динамикасының жетекші көрсеткіштері мыналар болып табылады:
ЖІӨ көлемінің өсуі;
халық басына шаққанда ЖІӨ өсу қарқыны;
экономиканың негізгі салалары өндірісінің өсу қарқыны.
Экономикалық статистикада экономикалық өсу динамикасын зерттеу үшін «өсу қарқыны» көрсеткішін жиі қолданады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТИПТЕРІ
Әлемдік экономикалық тарих экономикалық өсудің екі типін көрсетеді.
Біріншісі – еңбек және табиғи ресурстар, капитал сияқты факторлардың сандық артуы арқасында ғана жүзеге асырылатын экстенсивті өсу. Нәтижесінде еңбек өнімділігі, фондық беріліс өнімділігінен көрінетін экономиканың тиімділігі бұрынғы деңгейде қала береді.
Экономикалық өсудің екінші типі қарқынды деп аталады. Ол ЖІӨ артуы пайдаланылатын еңбек, табиғи ресурстар, капитал өсуін алдын алғанда және жаңа білімдер мен кәсіпкерлік негізінде жүреді. Осылай жаңа білімдер қалған ресурстарды пайдаланудың тиімдірек технологияларын құруға мүмкіндік береді, ал кәсіпкерлік осы технологияларды өмірге белсенді енгізуге мүмкіндік береді.
Шынайы өмірде экономикалық өсудің экстенсивті және қарқынды типтері бөлек таза күйінде тіршілік етпейді, белгілі бір дәрежеде араласып, үйлеседі. Сондықтан да бір-бірінің басымдығына байланысты экономикалық өсудің экстенсивті басымдылығы немесе қарқынды басымдылығы деп ерекшеленеді.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Ұлттық экономика жекелеген мемлекет шегінде шектелген, оқшауланбаған және әлемдік экономика жүйесінің бөлігі болып табылады. Сондықтан оның қызметін қамтамасыз ететін факторларды екі өзара байланысты топтарға бөледі: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға ұлттық экономикаға сырттан әлемдік экономика тарапынан ықпал ететін экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени факторлар жатқызылады.
Экономикалық факторларға:
- мемлекеттің ұлттық экономикасының нақты «бейінін» қалыптастыратын еңбектің халықаралық бөлінісінің дамуы;
- мемлекеттің әлем нарығындағы үлесі (оның басым болуы) және басқа мемлекеттердің жауап реакциялары (мысалы, тауарлардың «импортқа қарсы» немесе «импорт алмастырушы» өндірісті ұйымдастыру);
- әлемнің әр түрлі өңірлерінде ұлттық экономиканың құрылымдық өзгеруіне әкелетін «сауда соғыстарының» дамуы қамтылады.
Саяси факторлар:
- қандай да бір тауарлардың жеткізіліміне «эмбарго» жариялау;
- неғұрлым қолайлы режимді (НҚР) ұсыну (немесе ұсынбау);
- мемлекеттің қандай да бір одаққа қабылдануы (немесе қабылданбауы);
- дипломатиялық қатынастардың белгіленуі немесе бұзылуы;
- әскери-саяси ұйымға кіру;
- қандай да бір мемлекеттермен соғыс жағдайында болу болып табылады.
Демографиялық факторлар:
- жұмыс күшінің көшіп-қону ағындарының бағыттарын өзгерту;
- мемлекетте жұмыссыздық қаупінің болуы;
- төлемдік теңгерімі құрылысының өзгеруін қамтиды.
Мәдени факторлар:
- мемлекетке жаппай шетелдік мәдениеттің экспансиясы, бұл экономиканың тиісті салалары жағдайына әсер етеді (мысалы, отандық кинематографияның құлдырауы);
- аудио-және бейне өнімі импортынан валюталық ресурстардың шетелге ағуын қамтиды.
Ішкі факторларға:
- субъектілердің саны және экономикалық жағдайы;
- экономиканы басқару нысандары және субъектілердің экономикалық қызметінің жағдайлары қамтылады.
Экономиканың қазіргі даму сатысындағы экономикалық өсуге мынадай факторлар үлкен ықпал етеді:
1) экономикалық өсуге тікелей ықпал ететін табиғи ресурстар. Олардың тағайындалуы тажылмай артып келеді, себебі олардың қорлары шектелген және сарқылмалы. Табиғи ресурстардың шектелу мәселесі әлем экономикасының ілгері өсуін түпкілікті тоқтата алатын басты фактор болып табылады. Өсудің қазіргі екпінін сақтаудың жалғыз жолы өндірістік үдеріске жаңа, бұрын қолданылмаған ресурстарды тартуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды әзірлеу не болмаса қолда бар ресурстарды тереңірек және нәтижелі пайдалануды жүзеге асыру болып табылады;
2) халық санының, еңбек ресурстары көлемінің артуы. Бір жағынан, бұл экономикалық өсудің екпініне оң әсер етсе, екінші жағынан - теріс әсер етеді. Халық саны артқанда, соған сәйкес оның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті, шектелген ресурстардың көлемі де артады. Нәтижесінде ұлттық экономика жұмыссыздық, аштық, індет сияқты бірқатар әлеуметтік мәселелерге ұшырайды. Екінші жағынан, халық санының артуы - оң фактор, себебі ол жұмыс күшінің құнын төмендетеді, өндіріс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді;
3) өндіріс ауқымы мен көлемін арттыруға, жаңа ғылыми және техникалық әзірлемелерге, адам ресурстарына инвестициялауға мүмүкіндік беретін ұлттық экономика шеңберінде капиталдың шоғырлану дәрежесінің артуы;
4) экономикалық өсудің негізін қалаушы фактор болып табылатын ғылыми-техникалық революция, себебі ол экономиканың дамудың сапалық жаңа деңгейіне шығуымен байланысты.
Ұлттық экономика шеңберінде экономикалық факторлардың өзара ықпалы өзара байланысты. Мемлекеттің басты міндеті – қолда бар экономикалық факторларды барынша толық пайдалану, оларды экономикалық өсуді бүкіл халық мүддесін жүзеге асыруға бағдарлау үшін қажетті жаққа бағыттау.
Ұлттық экономика субъектілері:
1) Үй шаруашылықтары – еңбек, материалдық және қаржылық ресурстары бар, сондай ресурстарды экономикаға ұсынып, табыс алатын және алынған табысты өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын жеке тұлғалар (немесе отбасылар).
2) Кәсіпорындар – сатып алынған және қарызға алынған ресурстарды соңғы мақсаты – пайда алу үшін тауарларды және қызметтерді өндіру үшін пайдаланатын заңды тұлғалар. Бұл – өндірістік кәсіпорындар (фирмалар, зауыттар, фабрикалар, ауылшаруашылық кәсіпорындар) және қаржылық (банктер, несиелік ұйымдар және т.б.) мекемелер.
3) Мемлекет – мемлекеттік институттардың жиынтығы. Мемлекет экономикамен жасалған табыстарды қайта бөледі, тауарларды және қызметтерді сатып алады, қоғамдық тұтыну игіліктерінің жасалуын қамтамасыз етеді, заңнаманы құрады және экономиканы реттейді.
14-тезис. Геосаясаттың анықтамасы, оның әдістері және функциялары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
11.5.1.1 Геосаясаттың құралдары мен зерттеу әдістерін анықтау.
ГЕОСАЯСАТ АНЫҚТАМАСЫ
Геосаясат (географиялық саясат; грек. γη - жер πολιτική – мемлекеттік немесе қоғамдық істер) ғылыми бағыт ретінде - кез келген дәрежедегі аумақ, кеңістікті бақылау, әр түрлі мемлекеттердің және мемлекетаралық бірлестіктердің ықпал ету (күш орталықтары) салаларын бөлу және қайта бөлу заңдылықтары туралы тұжырымдама. Саяси география бөлігі болып табылмайды, қоғамдық-географиялық ғылымдар қатарына жатады.
Ғылыми тұрғыда геосаясатты мемлекеттік әрекеттердің (саясаттың) мемлекеттің географиялық орналасуы (теңіздерге және мұхиттарға шығуы, ландшафт, таулар, шөлдер, батпақтар, су қатынастары, топырақ, климат, өсімдіктер, пайдалы қазбалар және т.с.с. сияқты табиғи шекаралардың болуы), аумағының көлемі, шекараларының созылуы және олардың конфигурациясы, мемлекетте тұратын халықтың саны және құрамы және т.б. сияқты факторларға тәуелді болуын түсіндіретін пәнаралық (кешенді) теория ретінде анықтауға болады. Басты геосаяси фактор, әрине, мемлекеттің алып жатқан аумағы: оның көлемі, құрамы және конфигурациясы болып табылады. Бұл факторға барлық қалған факторлар байланысты. Сондықтан да геосаясат теориялық тұрғыда – бұл, ең алдымен, мемлекеттің аумақтық мүдделері туралы ғылым.
Геосаясат саяси тәжірибе тұрғысынан алғанда – әлемдік ауқымдылықтың географиялық, экономикалық, демографиялық факторларды ескеріп жүргізілетін немесе негізделетін мемлекеттің саясаты.
Геосаясаттың субъектілеріне тұрақты саяси мүдделері бар және сондай мүдделерін белгілі бір географиялық кеңістіктерде де және бүкіл планета ауқымында да қорғауға қабілетті ұлттарды, мемлекеттерді, мемлекеттер одақтарын (біріккен бірлестіктер), халықаралық ұйымдарды және т.с.с. жатқызу қалыптасқан.
Геосаясаттың ғылым ретіндегі объектісі планеталық кеңістік, жүйе ретіндегі әлемдік қауымдастықтағы геосаяси үдерістер және құбылыстар болып табылады.
Геосаясатты зерттеу мәні геосаясат субъектілер арасындағы билікке жету немесе қайта бөлу және қандай да бір аумақтарда ықпал ету салдарынан ең бірінші кезекте географиялық факторлар ықпалымен жаһандық және өңірлік деңгейлердегі қатынастарының жүйесі болып табылады.
