- •Мазмұны
- •Социологиялық зерттеулердің деңгейлері
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелері туралы есеп
- •Мемлекеттің жалпы белгілері
- •11.2.2.3 Қазақстанның дүние жүзі елдерінің саяси типологиясындағы алатын орнын анықтау
- •Конфедерацияның ортақ белгілері:
- •Саяси режим
- •Саяси режимнің сипаты мен белгілері
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Демократияның аса маңызды белгілеріне:
- •Халықтың өзінің билеу құқығын қалай жүзеге асыратынына байланысты демократияны жүзеге асырудың негізгі үш тәсілін бөліп көрсетуге болады.
- •Саяси идеология типтері
- •Саяси идеологияның негізгі түрлері
- •11.2.2.1 Қазақстан саясатының функциясын, құрылымын, түрлерін анықтау.
- •Ішкі саясат бағыттары
- •Әлеуметтік институттар
- •11.3.1.2 Қазақстан қоғамын жіктеу.
- •Әлеуметтік шиеленіс
- •Әлеуметтік шиеленістің құрылымы
- •Әлеуметтік шиеленіс болмысы
- •Мәдениет элементтері
- •Мәдениет функциялары
- •Мәдениет институттары
- •Мәдени мұра
- •Мәдени мұра нысандарының түрлері
- •Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар
- •Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
- •Тұтынушылардың қанағаттануын қамтамасыз ету мақсаттары
- •Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері
- •Экономиканы басқару нысандарын, әдістерін, тетіктерін жетілдіру міндеттері
- •Геосаясаттың әдістері мен функциялары
- •Геосаяси қуат
- •Ғаламтор компютерлік желісін құру
- •Мегаполистердің өсуі
- •Стандарттау және біріздендіру
- •Әлем бойынша ағылшын тілін тарату.
- •Жаппай сананы бұрмалау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Мәдениет элементтері
Кез келген мәдениеттің алғашқы негізі қандай да бір халықтың әлемтануына тән ұғымдық-логикалық аппарат, яғни белгілі бір ұғымдар мен нұсқауларда баяндалған және тілде тіркелген байыпты тәжірибе болып табылады. Тіл – адам тәжірибесін жинақтау, сақтау және берудің шынайы нысаны. Тілді белгілі бір мағыналарға ие таңбалар мен символдар ретінде анықтауға болады. Индивидтер таңбалар мен символдардың мағыналарын әлеуметтену барысында, яғни тәрбиелену және білім алу барысында меңгереді.
Мәдениеттің маңызды элементтері нанымдар, діншілдік, білімдер болып табылады. Нанымдар мен діншілдікте адамдардың шындығында нені ұстанатыны, өзінің қызметінде және қатынастарында нені басшылыққа алатыны, олардың жүріс-тұрыс үлгілері нені қамтитыны көрінеді. Нанымдар мен діншілдік негізінде білім жатыр. Діншілдік ақпараттың жетіспеушілігі болғанда, қандай да бір ақпараттың ақиқаттылығын тәжірибе жүзінде растау мүмкіндігі болмағанда қалыптасады. Діншілдікке қарағанда нанымдардың мәні болмыс туралы логикалық негізделген және тәжірибе жүзінде расталған білім болады. Алайда нанымдар мен діншілдіктің біліммен байланысты болатыны сөзсіз. Білім нанымдарға және діншілдікке қандай да бір мағынаны беріп, оларды идеямен толықтырады.
Мәдениет - анықталған құндылықтар негізінде болмысты рухани меңгеру тәсілі. Құндылықтар – жетуге талпынуға тырысатын адамның көпшілігімен әлеуметтік мақұлданатын және қабылданатын мақсаттар туралы түсініктері. Құндылықтар ретінде кез келген материалдық объект, қоғамдық қатынас немесе рухани құбылыс болуы мүмкін. Құндылықтарды әлеуметтік субъекті өзінің қажеттіліктерін оларды қоршаған орта заттарымен салыстыру, яғни адам үшін не пайдалы, не жақсы, не жаман және т.с.с. екенін көрсететін құнды қатынас нәтижесінде қалыптастырады.
Құндылықты бағалау критерийлері қоғам өзінің әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қалыптастырған сол қоғамның құндылықтар жүйесіне кіретін негізгі құндылықтар болып табылады. Бұл - өмірдің келмейтін құндылығын жариялайтын, жақсылық және жамандық, бақыт, өмірдің мақсаты және мәні, денсаулық, жеке қауіпсіздік және т.с.с. туралы түсініктері; тұлғааралық қатынастың құндылығын растайтын: жалпы адамзаттың өзара әрекеттесудің адалдылығы, адал ниеттілігі, ақкөңілділігі; демократиялық бостандықтар, тұлғаны құрметтеу және т.с.с. Құндылықты қатынас құндылық бағдарлаудың, құндылық нұсқамада көрінетін қызмет пен қатынастарды ақпараттандырудың қажетті компоненті ретінде болады. Құндылық нұсқамаларын қоғам қоғамдық-тарихи қызмет барысында қалыптастырады және индивидтермен және келесі ұрпақпен әлеуметтену: оқыту, тәрбиелеу және т.с.с. барысында беріледі.
Әлеуметтік нормалар – тарихқа байланысты қоғамдық болмыстың индивид қызметіне және қатынастарына, әлеуметтік топтарға, таптарға және шынайы жағдайларға сәйкес қызметті және қатынастарды ұйымдастырудың қоғамдық қажеттілігін білдіретін қоғамдық институттарға қоятын талаптары. Олар қоғамдағы жүріс-тұрыстың жалпы қағидалары болып табылады. Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, бүкіл халықаралық қауымдастыққа тән мүдделерді, құндылықтарды білдіретін әлеуметтік нормалар жалпы адами нормалар деп аталады. Бұл нормалар әділеттік және гуманизм, адам құқықтарына құрмет және т.с.с. белгілейді. Әлеуметтік нормалар қоғамда бірнеше маңызды функцияларды атқарады. Олар:
жүріс-тұрыс эталондары қызметтерін атқарады;
индивидтерді топтарға, топтарды қауымдастықтарға біріктіреді;
әлеуметтанудың жалпы барысын реттейді;
жүріс-тұрысты бақылайды.
Тарихтағы ең алғашқы әлеуметтік нормалар ғұрып нормалары болып табылады. Ғұрып нормалары - көп рет немесе ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде адамдардың әдетіне айналып, осылайша олардың жүріс-тұрысын реттейтін жүріс-тұрыс қағидалары. Ғұрып – жүріс-тұрыстың қалыпты нормасы, оның орныққан нысанында орындалуы. Адам өзінің күнделікті өмірінде үнемі әдетті басшылыққа алады. Күнделікті әдеттермен салыстырғанда, ғұрыптар – әлеуметтік тұрғыда маңызды құбылыстарға қатысы бар жүріс-тұрыстың жаппай үлгілері болып табылады. Мысалы, қонақжайлылық ғұрпы.
Ғұрыппен дәстүрлер де тығыз байланысты. Дәстүрлер – белгілі бір қауымдастықта ұзақ уақыт бойы сақталатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұраның тарихта қалыптасқан элементтері. Дәстүрлердің ғұрыптардан басты айырмашылығы «мәдениет» ұғымы арқылы мәдениеттің тік қиығы көрінуінде - уақыттың тік осі, бұрын болған нәрсе бүгінде де бар және болашақта да сақталуы әбден мүмкін. Осылайша, дәстүр деп, ең алдымен, мәдени нормалар мен нысандардың (тілдің, ғұрыптардың, құндылықтардың және т.с.с.) ұрпақтан ұрпаққа берілу тетігі деп түсіну керек.
Ғұрыптар мен дәстүрлер, ең алдымен, салттарда және жораларда көрінеді. Салттар мен жоралар – белгілі бір сезімдерді туғызатын қандай да бір әлеуметтік идеяларды, нұсқамаларды, құндылықтарды және нормаларды қамтитын символдық қалыптасқан ұжымдық әрекеттердің жиынтығы.
Ғұрыптар адамгершілік және құқық нормаларын қалыптастыру негізінде орын алады. Адамгершілік мағынасына ие болған ғұрыптарды әдет-ғұрып деп атайды. Әдет-ғұрыптар немесе адамгершілік нормалары – қоғамда адамгершілік түсініктеріне сәйкес орныққан жүріс-тұрыс қағидалары. Адамгершілік түсініктері – жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш, абырой, намыс және т.с.с туралы түсініктер. Адамгершілік нормалары – қоғамдық өзара әрекеттесуде қағидаттар, түсініктер, идеялар, бағалаулар түрінде жұмыс істейтін жазылмаған уағыздар және талаптар.
Мәдениеттің ішкі тұтастығы сананың негізгі элементтеріндегі тұрақты логикалық тұрғыда көрінетін әлемді қабылдау анықтылығы, құбылыстары, қалаулары, нанымдары, діншілдіктері, құндылықтары, жүріс-тұрыс нормалары – ментальділік түрінде көрінеді.
Жоғарыда айтылғанның негізінде мәдениетті логикалық жағынан байланысты, тұрақты идеялардың, нанымдардың, құндылықтардың, таңбалық-символдық нысандарға айналдырылған, ұрпақтан ұрпаққа берілетін және әлеуметтік өзара әрекеттесудің, индивидтердің және қоғам бірігуінің және олардың қызметі мен жүріс-тұрысын реттейтін шешуші фактор қызметін атқаратын нормалардың біртұтас жүйесі ретінде сипаттауға болады.
