Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по КСМ РА 240316 оконч+.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.41 Кб
Скачать

Әлеуметтік шиеленістің құрылымы

Әлеуметтік шиеленіс құрылымының қысқартылған түрі мынадай элементтерден құралады:

  • объект-субъектілердің қақтығысуының нақты себебі;

  • қандай да бір объект үшін жанжалдасқан екі немесе одан артық субъектілер;

  • инцидент - ашық тайталасты бастау үшін ресми сылтау.

Шиеленістің басында жанжалдық жағдай туындайды. Бұл - субъектілер арасындағы объектке қатысты туындаған қарама-қайшылықтар.

Әлеуметтік шиеленісудің өсу ықпалымен жанжалдық жағдай біртіндеп ашық әлеуметтік шиеленіске айналады. Алайда шиеленіс өз бетімен ұзақ уақыт тіршілік етіп, шиеленіске айналмауы да мүмкін. Шиеленіс шынайы болу үшін инцидент - шиеленісті бастауға түрткі болатын ресми сылтау қажет.

Алайда шынайы шиеленіс әлдеқайда күрделі құрылымға ие. Мысалы, оған субъектілерден басқа қатысушылар (тікелей және жанама), жақтаушылар, жанашырлар, азғырушылар, төрешілер және т.б. тартылады. Шиеленістің әрбір қатысушысына өзіндік сандық және сапалық сипаттамалары тән. Объектінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Одан басқа, шынайы шиеленіс оған ықпал ететін белгілі бір әлеуметтік және физикалық ортада дамиды. Сондықтан да әлеуметтік (саяси) шиеленістің толық құрылымы төменде қарастырылатын болады.

Әлеуметтік шиеленіс болмысы

Қоғам дамуының үдерісі көнерген мәдени нысандар ескіріп, «қиратылғанда» және жаңалары туындағанда әлеуметтік шиеленіс арқылы жүреді. Кез келген қоғамда кез келген сәтте көзқарастардың үйлеспеуіне негізделген әлеуметтік шиеленістер туындауы мүмкін. Басты міндет – оларды бақылап үйрену.

Әлеуметтік шиеленістердің негізінде қарсыластардың мақсаты қарсыласты бейтараптау, зиян келтіру немесе жою болып табылатын құндылықтар және белгілі бір мәртебеге, билікке және ресурстарға ұмтылулар жатады. Әрбір қоғамда әрдайым болатын және адамдардың табиғи әлеуметтік қанағаттанбауын туғызатын әлеуметтік теңсіздік жиі әлеуметтік жанжалдарға әкеледі. Шиеленістердің оң функциялары олардың қоғамның жаңартылуына септігін тигізуінен және әлеуметтік әрі экономикалық прогресті ынталандырудан көрінеді.

Шиеленістің негізгі белгілері мыналар болып табылады:

  • өзара қарсылас тараптармен жанжалдық деп қабылданатын жағдайдың болуы;

  • шиеленіс қатысушыларында қарама-қарсы мақсаттардың, қажеттіліктердің, мүдделердің және оларға жету әдістерінің бар болуы;

  • жанжалдасушы тараптардың өзара әрекеттесуі;

  • жалжалдық өзара әрекеттесудің нәтижелері;

  • қысымды және де тіпті күшті пайдалану.

Әлеуметтік шиеленістерді әлеуметтік талдау үшін негізгі типтерді айқындау аса маңызды. Шиеленістердің мынадай түрлері бар:

1. шиеленісті өзара әрекеттесу қатысушыларының саны бойынша:

  • тұлғаішілік – адамның өз өмірінің онда бір-біріне қарама-қайшы болатын қажеттіліктердің, мүдделердің, талпыныстарының болуымен байланысты және аффектілерді туғыза алатын қандай да бір жағдаяттарымен қанағаттанбаған күйі;

  • тұлғааралық – бір топтың немесе бірнеше топтың екі немесе одан артық мүшелері арасындағы келіспеушілік;

  • топаралық – үйлеспейтін мақсаттарды көздейтін және өзінің тәжірибелік әрекеттерімен бір-біріне кедергі келтіретін әлеуметтік топтар арасында болады;

2. шиеленісті өзара әрекеттесудің бағытталуы бойынша:

  • көлденең – бір-бірінің бағынысында болмайтын адамдар арасында;

  • тік – бірінің бағынысында болатын адамдар арасында;

  • аралас – біріншілері де, екіншілері де қамтылған түрі. Ең кең таралғаны тік және аралас шиеленістер болып табылады, олар барлық шиеленістің орташа есеппен 70-80%-ын құрайды;

3. туындау көзі бойынша:

  • объективті шартталған – шынайы жағдайды өзгертіп қана жоюға болатын шынайы себептермен туындаған;

  • субъективті шартталған – жанжалдасушы адамдардың тұлғалық ерекшеліктерімен, сондай-ақ солардың қалауларын, талпыныстарын, мүдделерін қанағаттандыру жолында кедергі болатын жағдайлармен байланысты;

4. өзінің функциялары бойынша:

  • жасампаздық (интегративтік) – жаңартуға, жаңа құрылымдарды, саясатты, көсемділікті енгізуге септігін тигізетін;

  • қиратушы (дезинтегративті) – әлеуметтік жүйені тұрақсыздандыратын;

5. созылу ұзақтығы бойынша:

  • қысқа мерзімді – тез түсінілетін тараптардың өзара түсінбеуінен немесе қателіктерінен туындаған;

  • созылмалы – терең адамгершілік-психологиялық зақымдармен немесе шынайы қиындықтармен байланысты. Шиеленістің ұзақтығы қарама-қайшылық мәніне, сондай-ақ қақтығысқан адамдардың мінезді жақтарына байланысты болады.

6. өзінің ішкі мазмұны бойынша:

  • рационалды – саналы, іскери бақталастық, ресурстарды қайта бөлу саласын қамтитын;

  • эмоционалдық – қатысушылары жеке ұнатпаушылығы негізінде әрекет етеді;

7. шешілуінің тәсілдері және құралдары бойынша шиеленістер бейбіт және қарулы болады.

8. шиеленісті әрекеттерді туғызған мәселелердің мазмұнын есепке алу бойынша экономикалық, саяси, отбасылық-тұрмыстық, өндірістік, рухани-адамгершілік, құқықтық, экологиялық, идеологиялық және басқа шиеленістер деп бөледі.

Шиеленістің өтуін талдауды оның үш негізгі сатысына сәйкес жүргізеді: шиеленіс алдындағы жағдай, тікелей шиеленіс және шешілу сатысы.

Шиеленіс алдындағы жағдай – жанжалдасушы тараптар өзінің ресурстарын, күштерін бағалайтын және қарсыласатын топтарға бірігетін кезең. Осы сатыда әр тарап өз әрекетінің стратегиясын қалыптастырады және қарсыласқа әсер ету тәсілін таңдайды.

Тікелей шиеленіс – инциденттің, яғни қарсыластың қалауын өзгертуге бағытталған әлеуметтік әрекеттердің болуымен сипатталатын шиеленістің белсенді бөлігі. Әрекеттердің өзі екі түрлі болады:

  • ашық сипатқа ие қарсыластардың әрекеті (сөз таластыру, физикалық ықпалдасу, экономикалық санкциялар және т.с.с.);

  • қарсыластардың жасырын әрекеті (қарсыласты алдау, жаңылыстыру, оған тиімді емес әрекеттердің нұсқасын таңуды қалаумен байланысты).

Жасырын ішкі шиеленіс кезінде әрекеттердің басты түрі рефлексивті басқару болып табылады, ол дегеніміз қарсыластардың бірі «айлакерлік әрекеттерімен» басқа адамды өзіне тиімді түрде әрекет етуге мәжбүрлеуді білдіреді.

Шиеленісті шешу тек инцидентті жоққа шығарып қана қоймай, шиеленіс жағдайды жою арқылы ғана мүмкін болып табылады. Шиеленісті шешу, сондай-ақ тараптар ресурстарының аяқталу нәтижесінде немесе тараптың бірінің басым болуына әкелетін үшінші тараптың араласуы және ақыры қарсыластың толықтай әлсіреуі нәтижесінде шешілуі мүмкін.

Шиеленісті сәтті шешу үшін келесі жағдайлар қажет:

  • шиеленістің себептерін уақытылы анықтау;

  • шиеленістің іскери аймағын, тайталасушы тараптардың себептерін, қарама-қайшылықтарын, мүдделерін, мақсаттарын анықтау;

  • тараптардың қарама-қайшылықтарды жеңуді өзара қалауы;

  • шиеленісті жеңу жолдарын бірлесіп іздеу.

Шиеленісті шешудің әр түрлі әдістері бар:

  • шиеленістен қашқақтау – жанжалдық физикалық немесе психологиялық өзара әрекеттесу «сахнасынан» кету, алайда мұндай жағдайда шиеленістің өзі жойылмайды, себебі оны тудырған себеп сол қалпында қалады;

  • келіссөздер – зорлықтың қолданылуын болдырмауға, өзара түсіністікке жетуге және ынтымақтастыққа жол табуға мүмкіндік береді;

  • делдалшыларды пайдалану – достастыру рәсімі. Ұйым немесе жеке тұлға делдал рөлін атқара алатын тәжірибелі делдал, оның қатысуынсыз шиеленісті реттеу мүмкін болмаған кезде шиеленісті тез реттеуге көмектеседі;

  • кейінге қалдыру – бұл өзінің позициясын тапсыруды білдіреді, бірақ уақытша ғана, себебі күшін жинау шамасына қарай тарап айырылғанын қайтаруға тырысатыны сөзсіз;

  • төрелік сот немесе арбитраж – заң және құқық нормалары қатаң басшылыққа алынатын әдіс.

Шиеленістің зардаптары мынадай болуы мүмкін:

1. оң:

  • жиналған қарама-қайшылықты шешу;

  • әлеуметтік өзгерістерді ынталандыру үдерісі;

  • жанжалдасушы топтарды жақындастыру;

  • қарсылас топтардың ауызбіршілігін нығайту;

2. теріс:

  • шиеленіс;

  • тұрақсыздандыру;

  • ыдырату.

Шиеленістің шешілуі мынадай болуы тиіс:

  • толық - шиеленіс толығымен аяқталады;

  • ішінара - шиеленіс сыртқы нысанын өзгертеді, бірақ уәжін сақтап қалады.

Өмірде болатын жанжалдық жағдайлардың барлық сан алуандығын болжау қиын екені сөзсіз. Сондықтан да жанжалдарды шешу кезінде көбі нақты жағдайларға байланысты сол жерде, сондай-ақ шиеленіске қатысушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктеріне қарай шешілуі тиіс.

10-тезис. Мәдениеттің анықтамасы, оның элементтері және функциялары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.3.2.1 мәдениеттің негізгі элементтері мен функцияларын анықтау.

ҚОҒАМДАҒЫ МӘДЕНИЕТ

«Мәдениет» терминінің бастапқы мағынасы жерді баптау, оны өңдеу дегенді білдірген. Бұдан әрі «мәдениет» сөзі жалпыланған мағынаға ие болып, адаммен жасалғанның барлығын мәдениет деп атай бастайды. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Әлеуметтануда мәдениет дегенде осы сөздің кең мағынасында қызметтің және қарым-қатынастың белгілі бір құрылымдарын ұстау үшін бірлескен өмірді қалыптастыратын тіршілік ету ортасы бар адамдардың өзара әрекеттесу құралдарының, тәсілдердің, нысандардың, үлгілердің және бағдарларының айрықша, генетикалық мұрагерлікке берілетін жиынтығы деп түсінеді. Тар мағынасында мәдениет әлеуметтануда ұжымдық бөлінетін, адамдардың белгілі бір тобына тән құндылықтардың, наным-сенімдердің, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормаларының жүйесі ретінде түсіндіріледі.

Мәдениет адамдарға өзінің ортасында тұруға, басқа қауымдастықтармен өзара әрекеттескенде қауымдастықтың бірлігін және тұтастығын сақтауға септігін тигізетін адами өзара әрекеттесудің маңызды тетігі ретінде қалыптасады. Әрбір нақты қауымдастық (өркениет, мемлекет, халық және т.с.с.) бірнеше ғасыр бойы өзінің орасан зор супермәдениетін қалыптастырады, ол индивидті бүкіл өмір бойында сүйемелдейді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Нәтижесінде тарихи үдерісте көптеген мәдениеттер туындайды.