- •Мазмұны
- •Социологиялық зерттеулердің деңгейлері
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелері туралы есеп
- •Мемлекеттің жалпы белгілері
- •11.2.2.3 Қазақстанның дүние жүзі елдерінің саяси типологиясындағы алатын орнын анықтау
- •Конфедерацияның ортақ белгілері:
- •Саяси режим
- •Саяси режимнің сипаты мен белгілері
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Демократияның аса маңызды белгілеріне:
- •Халықтың өзінің билеу құқығын қалай жүзеге асыратынына байланысты демократияны жүзеге асырудың негізгі үш тәсілін бөліп көрсетуге болады.
- •Саяси идеология типтері
- •Саяси идеологияның негізгі түрлері
- •11.2.2.1 Қазақстан саясатының функциясын, құрылымын, түрлерін анықтау.
- •Ішкі саясат бағыттары
- •Әлеуметтік институттар
- •11.3.1.2 Қазақстан қоғамын жіктеу.
- •Әлеуметтік шиеленіс
- •Әлеуметтік шиеленістің құрылымы
- •Әлеуметтік шиеленіс болмысы
- •Мәдениет элементтері
- •Мәдениет функциялары
- •Мәдениет институттары
- •Мәдени мұра
- •Мәдени мұра нысандарының түрлері
- •Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар
- •Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
- •Тұтынушылардың қанағаттануын қамтамасыз ету мақсаттары
- •Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері
- •Экономиканы басқару нысандарын, әдістерін, тетіктерін жетілдіру міндеттері
- •Геосаясаттың әдістері мен функциялары
- •Геосаяси қуат
- •Ғаламтор компютерлік желісін құру
- •Мегаполистердің өсуі
- •Стандарттау және біріздендіру
- •Әлем бойынша ағылшын тілін тарату.
- •Жаппай сананы бұрмалау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Әлеуметтік шиеленіс
Әлеуметтік шиеленіс себебі үйлеспейтін қажеттіліктер, мүдделер мен құндылықтар болып табылатын әлеуметтік өзара әрекеттесудің екі және одан артық субъектілерінің (тараптардың) ашық қарсы күресуі, соқтығысуы болып табылады.
Шиеленістің негізінде субъекті-объективті қарама-қайшылықтар жатыр. Алайда кез келген қарама-қайшылық шиеленіске айнала бермейді. Қарама-қайшылық түсінігі өзінің мазмұны бойынша шиеленістен кеңірек. Әлеуметтік қарама-қайшылықтар әлеуметтік дамудың негізгі айқындаушы факторлары болып табылады. Олар әлеуметтік қатынастардың барлық салаларын «қамтып», көбінесе шиеленіске айналмайды. Шынайы орын алған (мерзімді туындайтын) қарама-қайшылықтар әлеуметтік шиеленіске айналуы үшін өзара әрекеттесуші субъектілер (субъект) қандай да бір қарама-қайшылықтың өмірлік маңызы бар мақсаттар мен мүдделерге қол жеткізу жолында кедергі болатынын түсінуі қажет. Шиеленіс «жетілген» қарама-қайшылықтар тараптармен үйлесімсіз деп танылғанда және тараптардың әрқайсысы басқа тараптың ниетін жоққа шығаратын орынды иемденуге тырысады. Сондықтан да жанжалдық қарама-қайшылықтар субъективтік-объективтік сипатқа ие болады.
Объективті қарама-қайшылықтар дегеніміз субъектілердің еркі мен қалауынан тәуелсіз қоғамда шынайы тіршілік ететін қарама-қайшылықтар деп саналады. Мысалы, еңбек және капитал арасындағы, басқарушылар және басқарылатындар арасындағы қарама-қайшылықтар, «әкелер» мен «балалар» арасындағы қарама-қайшылықтар және т.с.с.
Бұдан басқа субъект ойында шынайы бар (туындайтын) қарама-қайшылықтардан басқа шиеленіс үшін шынайы себеп болмайтын, бірақ субъект жағдайды шиеленіс деп таныған (қабылдаған) жағдайда жалған қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда субъективті-субъективтік қарама-қайшылықтар туралы айтуға болады. Басқаша жағдайдың болуы да ықтимал, шиеленістің шынайы қарама-қайшылықтары болғанымен, субъект шиеленіс үшін жеткілікті себеп жоқ деп санайды.
Қарама-қайшылықтар біршама ұзақ уақыт бойы тіршілік етіп, шиеленіске айналмауы да мүмкін. Сондықтан шиеленістің негізіне үйлесімсіз мүдделер, қажеттіліктер мен құндылықтар себепші болатын қарама-қайшылықтар ғана жататынын ескеру қажет. Сондай қарама-қайшылықтар, әдетте, тараптардың ашық күресін, тайталасуын тудырады.
Шиеленістің себептері әр түрлі мәселелер болуы мүмкін, мысалы, материалдық ресурстар, құндылықтар және аса маңызды өмірлік ұстанымдар, билік өкілеттіктеріне (басым болуы мәселелері) қатысты, әлеуметтік құрылымдағы мәртебелік-рөлдік айырмашалықтар, жеке айырмашылықтар (соның ішінде эмоционалдық-психологиялық) және т.с.с. қатысты. Осылайша, шиеленістер адам тіршілігінің барлық салаларын, әлеуметтік қатынастарын, әлеуметтік өзара әрекеттердің бүкіл жиынтығын қамтиды. Шиеленіс мәні бойынша субъектілері мен қатысушылары ретінде жекелеген индивидтер, үлкен және шағын әлеуметтік топтар мен ұйымдар болатын әлеуметтік өзара әрекеттесу түрлерінің бірі болып табылады. Алайда шиеленіс өзара әрекеттесу тараптардың тайталасуын, яғни субъектілердің бір-біріне қарсы бағытталған әрекеттерін көздейді.
Қақтығу нысаны - зорлықпен немесе зорлықсыз - көптеген факторларға байланысты болып келеді, соның ішінде шиеленісті зорлықсыз шешудің шынайы жағдайлары мен мүмкіндіктерінің (тетіктері) бар-жоғына, тайталасушы субъектілер қандай мақсаттарды көздейтініне, жанжалдасушы тараптар қандай нұсқамаларды басшылыққа алатынына және т.с.с. байланысты.
Осылайша, әлеуметтік шиеленіс себебі үйлеспейтін қажеттіліктер, мүдделер мен құндылықтар болып табылатын әлеуметтік өзара әрекеттесудің екі және одан артық субъектілерінің (тараптардың) ашық қарсы күресуі, соқтығысуы болып табылады.
