Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по КСМ РА 240316 оконч+.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.41 Кб
Скачать

Әлеуметтік институттар

Әлеуметтік институт – тарихи қалыптасқан, қоғамда белгілі бір функцияларды, соның ішінде ең бастысы – әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруды іске асыратын адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тұрақты нысаны. Олар қоғамның аса маңызды (негізін қалаушы) өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Жалпы саны төртеу, бірақ төртеуі де негізгі әлеуметтік институттар болып табылады:

  • отбасы және неке институты – адамдардың көбею қажеттілігі,

  • экономикалық институттар – тіршілік ету құралдарын табу қажеттіліктері,

  • саяси институттар – қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп қажеттілігі,

  • рухани институттар – рухани мәселелерді шешу қажеттілігі, жаңа білімдерді әзірлеу және беру, өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтендіру.

Әлеуметтік институттардың мақсаттары мен функциялары. Әрбір әлеуметтік институт қызмет мақсаттарының және оған жетуді қамтамасыз етудің нақты функцияларымен сипатталады.

Функциялары

Басты институттары

Қоғам салалары

Негізгі рөлдері

Физикалық белгілері

Символдық белгілер

Қоғамның осы саласының басқа институттары

Балалар қамқорлығы, тәрбиесі

Отбасы,

Мұрагерлік

Әлеуметтік (отбасы-некелік қатынастар)

Әке

Ана

Бала

Үй

Ахуал

Сақиналар

Некелесу

Келісімшарт

Неке, аналық, әкелік және т.б.

Тамақ, киім, тұрғын үй табу

Жеке меншік

Экономикалық сала

Жұмыс беруші

Жалдамалы қызметкер

Сатып алушы

Сатушы

Фабрика

Кеңсе

Дүкен

Ақша

Сауда

Жарнама

Ақша, айырбастау, шаруашылық қатынастар және т.б.

Заңдарды, қағидаларды және стандарттарды қолдау

Билік

Мемлекет

Саяси сала

Заң шығарушы

Құқық субъектісі

Қоғамдық ғимараттар және жерлер

Ту

Хартия

Билік, мемлекет, биліктің бөлінісі, парламентаризм, жергілікті өзін-өзі басқару және т.б.

Жиылыстық қатынастар мен нұсқамаларға қолдау көрсету, сенімді тереңдету

Дін

Рухани сала

Дін қызметшісі

Христиан шіркеуіндегі діни қауымның мүшесі

Собор

Шіркеу

Мешіт

Синагога

Ғибадатхана

Крест

Адамдарды әлеуметтендіру, негізгі құндылықтарға және тәжірибелерге ортақтастыру

Білім беру

Рухани сала

Ұстаз

Шәкірт

Мектеп

Колледж

Оқулық

Диплом

Дәреже

Қоғамдық пікір, БАҚ және т.б.

8-тезис. Қоғамның стратификациясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.3.1.2 Қазақстан қоғамын жіктеу.

ҚОҒАМНЫҢ СТРАТИФИКАЦИЯСЫ

Әлеуметтік стратификация деп қоғамда өкілдері биліктің және материалдық байлықтар, құқықтар және міндеттердің, басымдықтардың және абыройларының тең емес көлемімен ерекшеленетін көптеген әлеуметтік құрылымдардың болуы түсініледі. Осындай иерархиялық құрылымда бөлінген әлеуметтік мәдени игіліктерінде әлеуметтік қабаттасудың болмысы көрсетіледі; оның көмегімен кез келген әлеуметтік жүйеде қызметтердің бір түрлерін және өзара әрекеттесуді көтермелеу мен басқаларға төзімділікпен қарау және үшіншілерді басу мүмкіндігі туындайды.

Қазіргі әлеуметтануда әлеуметтік ратификацияның келесі негізгі критерийлерін бөліп қарау қабылданған:

  • кіріс – белгілі бір кезең үшін ақшалай түсімдерінің мөлшері (ай, жыл);

  • байлық – жиналған табыстары, яғни қолма-қол ақша немесе заттанған ақшалардың мөлшері (екінші жағдайда олар жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік түрінде болады);

  • өкімет – өзінің еркін жүзеге асыру, басқа адамдардың қызметіне әр түрлі құралдардың (бедел, құқықтар, зорлық және т.б.) шешуші ықпал етуін көрсету қабілеті және мүмкіндігі. Өкімет өзі қолданылатын адамдардың мөлшерімен өлшенеді;

  • білім беру – оқу барысында алынған білімдердің, іскерліктің және дағдыларының жиынтығы. Білім беру деңгейі оқу жылдарымен өлшенеді.

  • абырой – тартымдылықтың, қандай да бір кәсіп, лауазым, белгілі бір жұмыс маңыздылығының қоғамдық бағалануы.

Тарихта стратификацияның үш негізгі типі келтірілген - касталар, сословиелер және таптар.

Касталар (португ. casta - ру, ұрпақ, шыққан тегі) - ортақ шыққан тегімен және құқықтық мәртебемен байланысқан жабық қоғамдық топтар. Кастаға мүше болуы тек қана туылуымен анықталады, ал әр түрлі каста өкілдері арасында некелесуге тыйым салынады. Әйгілі касталардың бірі Үндістанның касталық жүйесі (1-кесте) ежелден халықты төрт варнаға (санскритте бұл сөз «түр, ру, түс» дегенді білдіреді) бөлуге негізделген. Аңыз бойынша варналар құрбандыққа шалынған алғашқы адам денесінің әр түрлі бөлігінен құралған.

Сословиелер - құқықтары мен міндеттері құқықта және мұрагерлікпен берілетін дәстүрлерде бекітілетін әлеуметтік топтар.

Таптар (ат. classis - разряд) - меншікке деген қатынасы бойынша ерекшеленетін адамдардың үлкен топтары. Қазіргі әлеуметтануда таптар туралы кең мағынада жиі айтады - бұл табыс, абырой және билік арқылы ұқсас өмірлік мүмкіндіктері бар адамдардың жиынтығы.

Бүгінгі таңда әлеуметтануда бар әлеуметтік стратификацияның әлеуметтік үлгілерінің әртүрлілігіне қарамастан, ғалымдардың көбі таптың негізгі үш түрін бөледі: жоғарғы, орта және төменгі. Бұл ретте индустриалдық дамыған қоғамдарда жоғарғы тап үлесі шамамен 5-7%; орта - 60-80% және төмен тап - 13-35% құрайды.

Әлеуметтанушылар көп жағдайда әрбір тапты өз ішінде бөледі. Мәселен, американдық әлеуметтанушы У.Л. Уорнер (1898-1970) өзінің белгілі «Янки-Сити» зерттеуінде алты тапты бөліп көрсетті:

  • жоғарғы-жоғарғы тап (биліктің, байлықтың және абыройдың елеулі ресурстарына ие беделді және бай әулет өкілдері);

  • төменгі-жоғарғы тап («жаңа байлар» - банкирлер, саясаткерлер, айтулы тегі жоқ және қуатты рөлдік қауымдарды құрып үлгермеген саясаткерлер);

  • жоғарғы-орта тап (табысқа жетуші бизнесмендер, қорғаушылар, кәсіпкерлер, ғалымдар, менеджерлер, дәрігерлер, инженерлер, журналистер, мәдениет және өнер қайраткерлері);

  • төменгі-орта тап (жалдамалы қызметкерлер-инженерлер, клерктер, хатшылар, қызметшілер және «ақ жағалар» деп атау қалыптасқан басқа санаттар);

  • жоғарғы-төменгі тап (көбіне дене еңбегімен айналысатын жұмысшылар);

  • төменгі-төменгі тап (кедейлер, жұмыссыздар, баспанасыздар, шетел жұмысшылары, тапсызданған элементтер). Төменгі-төменгі тап – әр түрлі себеп салдарынан қоғам құрылымына ене алмайтын халық топтары. Шындығында, олардың өкілдері әлеуметтік-таптық құрылымнан шығарылған, сондықтан оларды тапсызданған элементтер деп те атайды.

Тапсызданған элементтерге люмпендер - дуаналар, қайыршылар, сондай-ақ маргиналдар - өзінің әлеуметтік сипаттамаларынан айырылған және оның орнына нормалар мен құндылықтардың жаңа жүйесін алмағандар жатады, мысалы, экономикалық дағдарыс салдарынан жұмыссыз қалған зауыттардың бұрынғы жұмысшылары немесе индустриаландыру барысында жерлерінен қуылған шаруалар.

Әлеуметтік стратификацияның басқа да сызбалары бар. Бірақ олардың барлығы мынаған саяды: негізгі емес таптар негізгі таптар - байлар, ауқатты және кедейлер ішіндегі страттар мен топтардың қосылуы есебінен туындайды.

Осылайша, әлеуметтік стратификация негізінде адамдардың әлеуметтік өмірінде көрініс табатын және иерархиялық сипатқа ие адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік жатыр. Оны әр түрлі әлеуметтік институттар тұрақты қолдайды және реттейді, үнемі қайта жаңғырады және түрленеді, бұл кез келген қоғам жұмысының және дамуының маңызды шарты болып табылады.

Тарих бірде-бір қоғам бір орында тұрмайтынын, үнемі өзгеретінін немесе дамитынын көрсетеді. Сондай-ақ бұл өзгерістер сипаты жағынан әр түрлі болуы мүмкін.

Қалаулы бағытта тік сызық бойымен даму прогресс, төмен қарай даму - регресс, құлдырау деп аталады.

Прогресс

Регресс

төменнен жоғары қарай

жоғарыдан төмен қарай

аз жетілдірілгеннен көбірек жетілдірілгенге қарай

жақсыдан нашарға қарай

қоғамның асқан тұрақтылығы мен өмірлік қабілеттілікке қарай

қоғамдардың төмен өмірге қабілеттілігі мен тұрақсыздыққа қарай

Прогрестің келесі түрлері болады: эволюциялық (біртіндеп) және революциялық (секірмелі).

Эволюциялық түрінің тетіктеріне реформалар (өмірдің қандай да бір саласын ішінара жетілдіру, қоғамның өзіндік негіздерін қозғамайтын бірқатар қайта құрулар) жатады. Секірмелі түрінде революциялар болады (қоғамның барлық немесе көп жақтарын кешенді өзгерту, бұл шапшаң сапалы өзгерістер).

Әлемдік әлеуметтік прогресс келесі үдерістердің болуынан көрінеді:

  • адамдар әл-ауқатының және әлеуметтік қорғалуының өсуі,

  • адамдар арасындағы тайталастың әлсіреуі,

  • адамдардың келісімге және ынтымақтастыққа талпынысы

  • саяси демократияны бекіту,

  • адамдардың адамгершілік, рухани дүниесінің өсуі,

  • адамдарның мемлекет қысымынан, ұжымдық өктемдіктен, пайдаланудан, өмірлік кеңістігінің тұйықтығынан, өзінің қауіпсіздігі мен болашағы үшін қорқыныштан босауы.

9-тезис. Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік шиеленіс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

11.3.1.3 әлеуметтік қатынастардың түрлерін топтастырып сипаттау;

11.3.1.6 әлеуметтік шиеленістерді шешу жолдарын ұсыну.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР

Әлеуметтік (қоғамдық) қатынастар дегеніміз - адамдардың өмірлік қызметі барысында мүдделер негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы байланыстар жүйесі. Қоғамдық қатынастардың сан алуан түрлері олардың бүкіл жүйесінде біркелкі орын алмайды және қоғам қызметінде бірдей рөл атқармайды. Сондықтан да әлеуметтік өмір тетігінің ғылыми түсіну үшін басты мағынасы оның салаларының дәрежелік қатысы мен өзара әрекеттесуі қоғамдық қатынастардың сан алуан түрлерін анықтауды, оларды жіктеуді, олардың табиғатын, байланыстарын және өзара әрекеттесуін зерттеуді қамтиды.

Қоғамдық қатынастар субъектілердің бағыттылығына байланысты мынадай болады:

  • жекелеген адамдар арасында;

  • қоғам және индивид арасында;

  • әр түрлі қоғамдар арасында;

  • қоғам және табиғат арасында.

Қоғамдық қатынастар жалпы түрде материалдық және идеологиялық деп бөлінеді, мұндағы материалдық (өндірістік) қатынастар шынайы, бастапқы, басты, адамдар арасындағы байланыстар мен қатынастардың біртұтас жүйесіндегі анықтаушы қызметін атқарса, идеологиялық – қосалқы, туынды, өндірістік қатынастарына байланысты болады.

Қоғамдық қатынастардың жалпы жіктелуі, оларды материалдық және иделогиялық деп бөлу тарихта материалдық игіліктерді өндіру тәсіліне, өндірістік қатынастар сипатына байланысты қоғамдық-экономикалық формацияларды айыру үшін әдіснамалық негіз болып табылады. Қандай да бір қоғамның мейлінше толық сипаттамасы, адамдар арасындағы қатынастарды жетілдіру жолдарын анықтау, әсіресе өтпелі кезеңдерде, оларды жан-жақты жіктеу, қоғамдық қатынастардың әрбір түрін талдау қажет.

Осы міндетті шешу үшін аса маңызды әдіснамалық мәнді қоғамдық қатынастар шынайы тұлғалардың әрекеттерінен құралады деген лениндік ереже білдіреді. Қоғам жалпы алғанда күрделі динамикалық және дамушы жүйе ретінде бірлесе отырып, әлемді және өзін-өзі түрлендіретін адамдардың әрқилы қызметімен сипатталады.

Адамдардың қызметіне сәйкес қоғамдық қатынастардың жүйесін келесі негіздер бойынша қараған орынды.

Біріншіден, қызмет субъектілері бойынша (қызметті кім жүзеге асырады?). Бұл негіздемеге ұлттық, әлеуметтік-топтық, отбасылық, тұлғааралық қатынастар, қала және ауыл адамдары арасындағы қатынастар, ақыл және дене еңбегі, ұрпақтар арасындағы қатынастар сәйкес келеді. Жалпы алғанда қатынастардың бұл тобы қоғамдағы жағдайы мен рөлі бойынша қатынастар - әлеуметтік қатынастар ретінде анықталады.

Қоғамдық қатынастарды жіктеудің екінші негіздемесіне объектілер, қызмет салалары жатады (адам қызметі неге бағытталған, қызметтің түрі қандай?). Мұнда қызметтің келесі салалары және қоғамдық қатынастардың тиісті түрлері бөлінеді:

Өндірістік қызмет. Оған өндірістік қатынастар – өндіріс, айырбастау құралдары, материалдық игіліктерді бөлу және тұтыну құралдарына қатысты қатынастар сәйкес келеді.

Саяси қызмет. Ол саяси қатынастарға – мемлекеттік құрылыс, мемлекет қызметінің мазмұны, нысандары және әдістеріне – билікке қатысты қатынастарға арналған.

Қызметтің рухани саласы. Оған рухани қатынастар – адамдар арасындағы сезімдерге, көзқарастарға, санаға байланысты идеялық және эмоционалдық байланыстар жатады.

Тұрмыстық қызмет. Осының негізінде тұрмыстық қатынастар – адамның көбеюін және дамуын қамтамасыз ететін материалдық, рухани және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастар бөлінеді.

Қызметтің басқарушылық саласы. Оған басқарушылық қатынастар – басқару функцияларына қатысты қатынастар сәйкес келеді.

Қоғамдық қатынастарды жіктеудің үшінші негіздемесі ретінде қоғамның өмірлік қызметін, адамдардың қоғамдық әрекетін реттейтін әлеуметтік нормалары болып табылады. Сондай әлеуметтік нормалар ретінде құқықтық, адамгершілік, діни және эстетикалық нормалар болады. Оларға құқықтық қатынастар – мемлекеттік-құқықтық және қоғамдық-құқықтық нормалар негізінде құралатын қатынастар сәйкес келеді. Адамгершілік қатынастар – адамгершілік нормалары, қоғамда таптар, ұлттар, әлеуметтік топтардың мейірімділік пен зұлымдық, борыш, әділеттілік, абырой және т.с.с. туралы түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және ішкі сенім, қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етілетін нормалар негізінде қалыптасқан қатынастар.

Эстетикалық қатынастар – адамдардың сұлулық заңдары бойынша қатынастары мен әрекеті. Діни қатынастар - адамдар арасындағы діни нормалар мен ғұрыптар негізінде құрылатын қатынастар. Жалпы алғанда, қатынастар өзара байланысты, өзара әсер ететін және қоғамның жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік қатынастар тобын құрады.

Қоғамдық қатынастар жүйесін білу қоғамның талдауына біртұтас ағза ретінде қарауға және оның дамуының заңды үрдістерін ашуға мүмкіндік береді. Осы міндеттерді әлеуметтану теориялық талдау және әлеуметтік зерттеу жолымен шешеді.