Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по КСМ РА 240316 оконч+.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.41 Кб
Скачать

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ

«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

«ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН» ПӘНІ БОЙЫНША 11-СЫНЫП БАҒДАРЛАМАСЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

АСТАНА 2015

УДК

ББК

О __

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Білім беру бағдарламалары орталығының

Ғылыми-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынады

Пікір жазғандар:

Саипов А.А. – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры;

Жәнісов Ә.Т. – тарих ғылымдарының кандидаты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді-эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімінің бастығы.

Құрастырушы-автор: Қаратабанов Р.А.

О __ Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал/ Р.А. Қаратабанов. – Астана.: Білім беру бағдарламалары орталығы, 2015. - __б.

ISBN

Осы әдістемелік құрал «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнын оқытатын мұғалімге көмек ретінде әзірленген. Оқу құралында 11-сынып бағдарламасының негізгі тақырыптарын қамтитын тезистер ұсынылған.

УДК

ББК

ISBN

© «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015

Мазмұны

Кіріспе

1-тезис. Социологиялық зерттеулердің анықтамасы, оның функциялары және түрлері

2-тезис. Социологиялық зерттеулердің әдістері мен кезеңдері

3-тезис. Мемлекеттің анықтамасы, оның белгілері және функциялары

4-тезис. Мемлекеттерді жіктеу

5-тезис. Саясаттың қажеттілігі, функциялары және бағыттары

6-тезис. Мемлекеттік аппарат және ішкі саясат

7-тезис. Қоғамның анықтамасы, тіршілік ету орталары және институттары

8-тезис. Қоғамның стратификациясы

9-тезис. Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік жанжал

10-тезис. Мәдениеттің анықтамасы, оның элементтері және функциялары

11-тезис. Мәдениеттің типтері мен институттары. Мәдени мұра

12-тезис. Экономиканың анықтамасы, мақсаттары және міндеттері. Экономикалық жүйелердің типтері

13-тезис. Экономика субъектілері және өсу факторлары

14-тезис. Геосаясаттың анықтамасы, оның әдістері және функциялары

15-тезис. Геосаясат құралдары. Геосаяси жағдайды бағалау. Геосаяси қуат

16-тезис. Жаһанданудың анықтамасы және құралдары

Қорытынды

Пайдаланылған дереккөздер тізімі

Кіріспе

Осы оқу құралы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнын оқытатын мұғалімге көмек ретінде әзірленген. Оқу құралында 11-сынып бағдарламасы бойынша пәндердің негізгі тақырыптық бөлімдері бойынша тезистер ұсынылған. Пән бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың әр түрлі бағыттары бойынша білімдерді біріктіреді.

«Қазіргі әлемдегі Қазақтан» пәні бойынша оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнының миссиясы, мақсаты және міндеттері

Пәннің миссиясы: оқушыларды «патриоттықты әрекет» көрсетуге итермелеу және үйрету, Қазақстанның дамуына жеке жауапкершілікті қалыптастыру.

Пәннің мақсаты: әлемдік даму аясында қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси дамуының біртұтас бейнесін қалыптастыру.

Пән міндеттері:

  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық (мемлекеттік) идея құндылықтарын іс жүзінде толықтай іске асыру;

  • азаматтылықты, қазақстандық сәйкестікті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

  • өзінің Қазақстан тарихындағы, табиғатындағы, қоғамындағы, мәдениетіндегі, экономикасындағы, Қазақстан халқы және мемлекет құндылықтары мен басымдықтары жүйесіндегі орнын түсінуді және анықтауды қалыптастыру;

  • Қазақстанның қазіргі тарихы және мәдениеті, географиясы, саяси, әлеуметтік және экономикалық шындықтарын әлемдік қауымдастықтың дамуы және Қазақстанның ұлттық мүдделері аясындағы біртұтас білімдерді және біртұтас түсінікті қалыптастыру;

  • Қазақстанда болып жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени геосаяси үдерістердің болмысын түсінуді дамыту;

  • оқушылардың мемлекеттік және қоғамдық мүдделер, қазіргі Қазақстанның мемлекеттік дамуын жақсартуға бағытталған даму үлгілері, реформалары және стратегиялары туралы білімдерін кеңейту;

  • қазіргі Қазақстанның жаһандық әлемдегі рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Қазақстанның даму үдерістерін және көрсеткіштерін зерттеулер негізінде жақсарту бойынша шешімдерді әзірлеу дағдыларын дамыту;

  • Қазақстан мемлекеті туралы білімді және мемлекеттік тілді білуді үйлесімді дамыту.

Тақырыптардың тезистері, ең алдымен, мұғалімге арналған. Оқу құралының қажеттілігі басқа пәндердің мазмұнында ашылмайтын көптеген тақырыптардың жаңашылдығына байланысты. Тақырыптардың тезистері пән мақсатын толықтай іске асыру үшін социологиялық зерттеулер, мемлекеттану, саяси үдерістер, қоғамтану, мәдениет және экономиканы дамыту, геосаясат және жаһандану бойынша қажетті білімнің теориялық минимумын қалыптастыруды көздейді.

Оқу құралында Қазақстанда болып жатқан көптеген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени үдерістер толық ашылмайды. Тақырыптардың тезистері осы үдерістер туралы түсінікті қалыптастыруға арналған. Мұғалімдерге теориялық минимум негізінде оқушылар үшін оларды оқу құралында ұсынылған білімдерді қолдануға бағдарлайтын, Қазақстандағы шынайы үдерістерді әр тақырыпты оқыған сәтте өзекті болатын әр түрлі деректерді пайдаланып, талдау үшін тапсырмаларды әзірлеген жөн.

Құрылымы жағынан әрбір тақырып бойынша тақырыптардың тезистері тақырыптың атауынан, бағдарламаға сәйкес оқу мақсатынан және тақырып тезисінен құралады.

1-тезис. Социологиялық зерттеулер анықтамасы, оның функциялары және түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.1.1.1 қоғамдық-гуманитарлық (социологиялық) зерттеулердің маңыздылығын, деңгейлері мен түрлерін анықтау

СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Социологиялық зерттеу - жаңа ақпаратты алуға бағытталған әлеуметтік нысандарды, қатынастарды, үдерістерді зерттеу және теориялар мен әдістер негізінде қоғамдық өмірдің заңдылықтарын айқындау. Басқа маңызды анықтама - қатаң деректерді жинауға және оларға логикалық түсініктеме беруге негізделген әлеуметтік дүние туралы білімдерді алу тәсілі.

СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

- танымдық - қоғамның және оның жекелеген салаларының әрекеті және дамуы туралы, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болмысы туралы, олардағы адамның рөлі туралы жаңа білімдерді ашады, социумның шынайы өмірінің біртұтас суретін құруға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді;

- әдіснамалық - адам және қоғам туралы басқа ғылымдармен пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, бұл әлеуметтің шындықтық зерттеудің жаңа қырларына, әр түрлі ғылыми бағыттар тоғысындағы маңызды жаңалықтарға әкеледі;

- тәжірибелік - әлеуметтік шынайылылықты жетілдіру, үдерістерге тиімді бақылау жасау бойынша тәжірибелік шараларды әзірлеуден құралады;

- ақпараттық - қоғамдық өмір құбылыстары мен үдерістерінің күйі және даму үрдістері туралы, қауымдастықтардың, топтардың, жекелеген индивидтердің әрекеттері, олардың қажеттіліктері, уәждері, шынайы және вербальды іс-қимылдары, қоғамдық пікір туралы ақпараттың алуына септігін тигізеді, ал бұл шынайылықты танудың ақпараттық негізін қалыптастырады;

- басқарушылық - социумның әрекет етуінің барлық деңгейінде әлеуметтік басқаруды, басқару субъектілері (билік, әкімшілік құрылымдар, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары) мен объектілері (халық, жекелеген әлеуметтік топтар, қызметкерлер) арасындағы кері байланысты, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.