Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Merki_audany__1241_kimdigini_1187_bilim_b_1257_limini_1187 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.36 Кб
Скачать

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 28 орта мектебі

Қаралды Келісемін Бекітемін Әдістемелік бірлестік Оқу ісінің орынбасары: Мектеп директоры:

отырысында. Ахметжанов А.Е. К.К.Сулейманкулова Ә/Б жетекшісі:

Мұхтарова.Г ____________________ _______________________ ___________________ «___»._________2017ж «___»._________2017ж «___»._________2017ж

«Меркі өңірі»

7 Сынып

Пән мұғалімі: Ажыханов Данияр Асқарович

2017-2018 оқу жылы

Түсінік хат

Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, құтты атамекеніміздің тарихын білмесек, онда өзіміздің кіндік қан тамған туған жеріміздің тарихын білмегендігіміз. Сондықтан өлкетану курсын «Меркі өңірі» тақырыбында жүргізу арқылы жергілікті мекен еткен халқымыздың тарихын тереңнен оқып білуді жөн көріп, баланың шығармашылық ізденістерін дамытуды көздеді. Қазіргі таңда мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан тарихты оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Оқушыларға жоғарғы мәдениетті, ой әрекетінің жаңаша стилін қалыптастырудың негізгі жолы – әр түрлі оқу үрдістерін оқушылардың оқу әрекетінде ұтымды да, тиімді қолдана білуге байланысты.

Бұл үйірме оқу процесінде 7 – сыныпқа, аптасына 4,5 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 153 сағатқа арналған «Меркі өңірі» тарихына арналып жасалынды. Әр сабаққа осы технологияның стратегияларын кеңірек пайдалана отырып, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, сыни көз қарастарын қалыптастыру.

Үйірменің тақырыптары және жұмыс дәптері теориялық – өнертанымдық, көркем – шығармашылық және технологиялық білім мен дағды арқылы құралды. Теориялық білім мен практикалық іс-әрекет көлемі, әр сабақта тек оқытуды ғана емес, сонымен қатар оқушылардың дамуы мен тәрбиесін, оқу өңдірістік қызметті дұрыс үйлестіруге үйретеді. Оқушының теориялық білімділігін, ой құрастыру әрекетін, танымдық қабілетін арттырып, оқушының шығармашылық ойын дамытуға ықпал етеді.

Оқушыларға өлке тарихы мен көне жер су аттарының шығу тарихына байланысты, оқушы өміріне керек тың мағлұматтар береді. Оқушы өлкемізден табылған жәдігерлерді өз бетінше зерттей отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Осы үйірмені оқу барысында оқушылардың теориялық білімдері жетіліп, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Үйірмеде оқулықта кездеспейтін материалдар қамтылды, бұл материалдар халық аузында жүрген шежірелерден, аңыз әңгімелерден және тарихи кітаптардан жинақталып алынды.